Алеуметтану тероиясы indb


Стратификацияның функционалды теориясы және



Pdf көрінісі
бет205/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Стратификацияның функционалды теориясы және
оған сын-пікірлер
Кингсли Дэвис пен Уилберт Мур (1945) қалыптастырған стратификациядағы 
функционалдық теория – шын мәнінде, құрылымдық функционалдық теория-
ның ең танымал бөлігі. Дэвис пен Мур әлеуметтік стратификацияны қажетті 
әмбебап деңгейде тиянақты зерделей білді. Олар ешқандай да қоғамның стра-
тификацияланбаған немесе толық тапсыз болмайтынына сендірді. Стратифи-
кация – олардың көзқарасы бойынша, функционалды қажеттілік. Барлық қоғам 
сондай жүйені қажет етеді және бұл қажеттілік стратификация жүйесін қалып-
тастырады.
2
Сондай-ақ олар стратификация жүйесін сол қоғамдағы адамдарға 
емес, позициялар жүйесіне меңзейтін құрылым ретінде қарастырды. Олар бел-
гілі бір позициялардың түрлі деңгейдегі артықшылықтарға қалай алып келеті-
ніне мән беруден гөрі, адамдардың сол позицияларды қалай иемденетініне баса 
назар аударды.
Осы мақсатты ескере отырып, негізгі функционалдық мәселе – қоғамның 
адамдарды стратификация жүйесіндегі «дұрыс» позицияларға қалай ынталан-
дырып, орналастыратынында екенін көруге болады. Бұл мынадай екі мәселеге 
тікелей байланысты. Біріншіден, қоғам адамдарды өзіне сәйкес келетін белгілі 
бір позицияларды қабылдауға қалай ынталандыра алады? Екіншіден, адамдар 
өз позицияларын дұрыс ұстанған жағдайда қоғам осы позицияларға сәйкес та-
лаптарды орындауға қалай ынталандыра алады?
Қоғамды әлеуметтік тұрғыдан дұрыс орналастыру негізгі үш себепке байла-
нысты. Біріншіден, кейбір лауазымдар басқаларына қарағанда анағұрлым ың-
ғайлы, тиімді. Екіншіден, кейбір позициялар қоғам үшін басқаларға қарағанда 
маңыздырақ. Үшіншіден, әртүрлі әлеуметтік позициялар түрлі қабі леттер мен 
ынтаны талап етеді.
Бұл мәселелер барлық әлеуметтік позицияларға қатысты болса да, Дэвис пен 
Мур, негізінен, қоғам үшін функционалдық тұрғыдан маңызды лауазымдарға 
(маман дықтарға) көңіл бөлді. Стратификация жүйесінде жоғары дәрежелі орын 
иелену қолайсыздау болғанымен, қоғамның өмір сүруі үшін маңыздырақ және 
олар жоғарырақ қарым-қабілетті талап етеді.
Сонымен қатар қоғам адамдардың көпшілігін лауазым иеленуге ұмтылды-
ру үшін оларға лайықты дәрежеде сыйақы беруі керек, сонда олар ынта қойып 
әрекет ете бастайды. Мысалы, қоғамда дәрігерлер санының жеткілікті болуын 


258
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Толкотт Парсонс 1902 жылы Колорадо штатындағы 
Колорадо Спрингс қаласында дүниеге келді. Діндар 
әрі интеллектуалды отбасынан шықты. Әкесі конгре-
гациялық министр, профессор және шағын колледж 
президенті болды. Парсонс 1924 жылы Амхерст кол-
леджінде бакалавр дәрежесін алды және Лондон эко-
номика мектебін бітіру үшін емтиханға дайындалды. 
Келесі жылы Германияның Гейдельберг қаласына 
көшті. Макс Вебер жоғары ғылыми мансап биігіне 
Гейдельбергте қол жеткізді. Бірақ ол Парсонс кел-
местен бес жыл бұрын қайтыс болған еді. Сонда да 
Вебердің ықпалы сақталып, артында қалған жесірі 
Парсонс қатысқан кездесулерін үйде жалғастырды. 
Парсонсқа Вебердің жасаған жұмыстары ықпал етті, 
сөйтіп, ол Гейдельбергте докторлық диссертациясын 
жазып, ішінара Вебердің жұмысымен айналысты 
(Lidz, 2007).
Парсонс 1927 жылы Гарвардта нұсқаушы болды, бірақ 
бірнеше рет бөлімдерді ауыстырғанымен, 1979 жылы 
қайтыс болғанға дейін Гарвардтан табан аударған жоқ.
Ол 1939 жылға дейін позициялық лауазымға ие болмады. Екі жыл бұрын The Structure of Social 
Action («Әлеуметтік іс-әрекет құрылымы») деген еңбегін жариялады. Бұл кітап көптеген социо-
логтермен қатар, Вебер сияқты ірі әлеуметтану теорияшыларын насихаттап қана қойған жоқ, 
Парсонстың өз теориясының дамуы үшін де негіз қалады.
Содан бастап Парсонс жоғары академиялық табыстарға жетті. 1944 жылы ол Гарвард әлеу-
меттану кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды, екі жылдан кейін әлеуметтанушылар 
ғана емес, басқа да көптеген әлеуметтік ғалымдардан тұратын әлеуметтік қатынастар басқар-
масының инновациялық бөлімін құрып, соған жетекшілік етті. 1949 жылы ол Америкалық әлеу-
меттанушылар қауымдастығының президенті болып сайланды. 1950–1960 жылдары The Social 
System («Әлеуметтік жүйе») (1951) сияқты кітаптарды басып шығара отырып, Парсонс америка-
лық әлеуметтануда зор беделге ие болды.
Алайда 1960 жылдардың соңында Парсонс америкалық әлеуметтанудың радикалды қанатының 
шабуылына ұшырады. Парсонс саяси консерватор ретінде бағаланып, оның теориясы өте кон-
сервативті әрі категориялардың күрделірек сызбасына негізделген деп сыналды. 1980 жылдары 
Парсонс теориясы АҚШ-та ғана емес, бүкіл әлемде (Alexander, 1982–1983; Buxton, 1985; Camic, 
1990; Holton and Turner, 1986; Sciulli and Gerstein, 1985) қызығушылық тудырды. Парсонстың 
жұмысы «Маркс, Вебер, Дюркгейм немесе олардың қазіргі заманғы ізбасарларының кез кел ге-
ніне қарағанда әлеуметтану теориясына анағұрлым пәрменді үлес қосты» деп есептеген Холтон 
мен Тернер өз пікірлерін жарыса жариялады (1986:13). Сонымен қатар Парсонстың идеялары 
консервативті ойшылдардың ғана емес, неомарксистік теорияларға, әсіресе Юрген Хабермасқа 
да зор әсерін тигізді.
Парсонс қайтыс болғаннан кейін, оның бұрынғы шәкірттері, өздері де социологтер ретінде ерекше 
мән бере отырып, оның теориясы, сонымен қатар теорияның артында тұрған адам туралы (ерте 
кездегі және тым жеке басқа қатысты естеліктер, [Fox, 1997]) ойларымен бөлісті. Бұл социолог-
тер өз естеліктерінде Парсонспен оның жұмысына қатысты көптеген деректер айтты. Парсонс 
туралы мұнда айтылған пікірлер бірізді емес, кейбір көзқарастар бір-біріне сәйкес келмейтін 
адамның жеке басы мен жұмысына қатысты қандай да бір арандатушылық ой лардың белең 
алуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет