Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет209/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

7.1-КЕСТЕ 

 Жүйенің жалпы іс-әрекетінің құрылымы
7.2-СЫЗБА 

 Парсонстың әрекеттер сызбасы


263
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
7. Жүйелер шекараларды ұстау және бөліктердің өзара байланысын қолдау, 
қоршаған ортаның өзгеруін бақылау және жүйе ішіндегі өзгеру үрдісін бақылау 
арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге әрекеттенеді.
Осы болжамдарға сүйене отырып, Парсонс қоғамның реттелген құрылы-
мын талдауды бірінші кезектегі мақсат деп түсінді. Осылайша, ол өзінің ғылыми 
мансабы жолында әлеуметтік өзгерістер мәселесіне қатысты жемісті еңбек ете 
алмады.
«Біздің ойымызша, айнымалылардың өздері оқшауланған жағдайда, бұл 
айнымалылар жүйесіндегі өзгерістерді алдын ала сипаттау экономикалық 
тұрғыдан тиімді емес. Сондықтан біз айнымалылардың нақты құрамын 
зерттеуден бастап, содан соң өзгерістерді бақылауға тұрақты негіз қалып-
тасқан жағдайда ғана сипаттауға көштік». 
(Parsons and Shils, 1951:6)
Парсонс өзінің статикалық бағдары үшін қатты сынға ұшырады, осылайша 
ол өзгерістерге көп ден қоя бастады; шын мәнінде, көріп отырғанымыздай, ол 
қоғамның эволюциясына баса назар аударды. Дегенмен, көптеген бақылау шы-
лардың пікірінше, тіпті оның әлеуметтік өзгерістерге қатысты жұмысы да ста-
тикалық әрі құрылымдық сипатта болды.
Төрт әрекет жүйесі туралы оқығанда, оқырман олардың нақты әлемде жоқ
бірақ нақты әлемді талдауға арналған талдау құралдары екенін есте ұстауы
керек.
Парсонстың әлеуметтік жүйе тұжырымдамасында әлеуметтік жүйе ең қара-
пайым түр ретінде анықталған микродеңгейдегі эго мен альтер эго арасындағы 
өзара әрекеттесуден басталады. Ол осы деңгейді талдауға көп уақыт жұмсаған 
жоқ, алайда өз пайымдауында өзара әрекеттесу жүйесінің ерекшеліктері әлеу-
меттік жүйенің анағұрлым күрделі түрлерінде орын алатынын айтады. Парсонс 
әлеуметтік жүйені анықтады:
«Әлеуметтік жүйе, ең болмағанда, физикалық немесе экологиялық аспек-
тілерге ие жағдайларда өзара әрекетке түсуші жеке субъектілерден және 
жағдайға қатынасы мәдени құрылымдалған, ортақ символдар арқылы қа-
лыптасатын «қанағаттануды оңтайландыру» үрдісіне негізделіп ынта лан-
дырылған акторлардан тұрады». 
(Parsons, 1951:5–6)
Берілген анықтамалар бойынша, Парсонс өз еңбегінде өзара әрекеттесу, қор-
шаған орта, қанағаттануды оңтайландыру және мәдениет секілді көп теген ұғым-
дар арқылы әлеуметтік жүйені түсіндіруге тырысады.
Әлеуметтік жүйені өзара әрекеттесу жүйесі ретінде зерттеуге деген ұм тылы-
сына қарамастан, Парсонс өзара әрекеттесуді әлеуметтік жүйені зерт теу дегі не-
гізгі бірлік ретінде санамады. Керісінше, ол мәртебелік рөлдікке шенді жүйенің 
негізгі бірлігі ретінде пайдаланды. Бұл – акторлардың да, өзара әрекеттесудің 
де аспектісі емес, әлеуметтік жүйенің құрылымдық компоненті. Мәртебе әлеу-
меттік жүйенің құрылымдық ұстанымына жататын болса, онда рөл – анағұрлым 


264
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
үлкенірек жүйенің функционалдық аясында актордың осы жағдаятқа сай жа-
сайтын әрекеті. Актор ой мен әрекеттер тұрғысынан емес, оның орнына (кем 
дегенде, әлеуметтік жүйедегі ұстанымы бойынша) мәртебелер мен рөлдердің 
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жүйені талдау кезінде Парсонс, негізінен, оның құрылымдық 
компоненттеріне қызығушылық білдірді. Парсонс (1966:11) мәртебеге, рөлге 
қатысты алаңдаушылықпен қатар, әлеуметтік жүйелердің кең ауқымды ком по-
ненттері ретінде ұжымдарға, нормалар мен құндылықтарға ден қойды. Парсонс 
әлеуметтік жүйені жай құрылымдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар функ-
ционалдық тұрғыдан талдаушы болды. Ол әлеуметтік жүйенің бірқатар функ-
ционалдық алғышарттарын анықтады. Біріншіден, әлеуметтік жүйелер басқа 
жүйелермен үйлесімді жұмыс істеуі үшін құрылымдалған болуы керек. Екін-
шіден, әлеуметтік жүйе сақталу үшін басқа жүйелерден қолдауды қажет етеді. 
Үшіншіден, жүйе өз акторларының қажеттіліктерін айтарлықтай дәрежеде қа-
нағаттандыруы тиіс. Төртіншіден, өз мүшелерін жүйе қызметіне тартуы қажет. 
Бесіншіден, ол потенциалды бүлікші мінез-құлықты бақылаудың кем дегенде 
минималды деңгейін қалыптастыруы шарт. Алтыншыдан, конфликт жеткілікті 
түрде бүлікші сипатқа ие болса, оны бақылауы керек. Ақырында, әлеуметтік жү-
йені сақтап қалу үшін тіл талап етіледі.
Парсонстың әлеуметтік жүйелердің функционалдық алғышарттарын тал-
қылауында кең ауқымды жүйелер мен олардың өзара қарым-қатынасына (қо-
ғамдық функционализм) басты назар аударылды. Тіпті ол акторлар туралы әң-
гімелесе де, оларға жүйелік тұрғыдан қарады. Сонымен қатар пікірталаста Пар-
сонс әлеуметтік жүйедегі тәртіпті сақтауға қатты алаңдаушылық білдіретінін 
көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет