Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет235/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Таптық және жалған сана.
 Таптық сана қоғамда бірдей таптық жікпен бөлін-
гендердің сенім жүйесін айқындайды. Лукач түсіндірмесі бойынша, таптық 
сана – ол жалпы жиынтық емес, индивидуалды сана арифметикалық ортасы 
да емес, дұрысы, өндірістік жүйеде ұқсас жағдайдағы адамдар тобының иелі-
гі. Бұл көзқарас буржуазияның таптық санасына және әсіресе пролетариаттың 
санасына назар аударуға мәжбүрлейді. Лукач шығармашылығында объек-
тивті экономикалық жағдай, таптық сана және «адамдардың өз өмірі туралы 
шынайы психологиялық толғаныстары» арасында анық байланыс байқалады
(Lukacs, [1922]1968:51).
Таптық сана түсінігі болмады дегенде капитализмде, міндетті түрде жал-
ған сананың басым болатынын тұспалдайды. Демек, капиталистік қоғамда 
тап тардың өзінің шынайы таптық мүддесі туралы нақты түсінігі болмайды. 
Мысалы, революциялық кезеңге дейін пролетариат капитализмнің шына-
йы табиғаты мен оның қанаушылық деңгейін сезінбейді. Таптық санасының 
жаңсақтығы таптың экономикалық құрылымдағы алатын орнына байланыс-
ты туындайды: «Таптық сана аталған таптың әлеуметтік-тарихи және эконо-
микалық жағдайының классикалық бейсаналығын білдіреді. Бұл жағдайда-
ғы «жалғандық» немесе елес ешқашан кездейсоқ болмайды» (Lukacs, [1922] 
1968:52; Starks and Junisbai, 2007). Көптеген әлеуметтік топтар талай тарихи 
кезеңдер бойы жалған сананың шырмауынан шыға алмады және соның ар-
қасында таптық санаға қол жеткізе алмады. Дегенмен капитализмнің құры-
лымдық жағдайы пролетариатқа таптық санасының пісіп-жетілуіне бірегей 
мүмкіндік береді.
Таптық санаға қол жеткізу – капиталистік қоғамға тән ерекшелік. Капи-
тализмге дейінгі қоғамдарда таптық санаға қол жеткізуге түрлі факторлар 
кедергі келтірді. Бір жағынан, экономикадан тәуелсіз мемлекет әлеуметтік 
страталарға (топтарға) әсер етеді, екінші жағынан, мәртебелік (беделмен бай-
ланысты) сана таптық (экономикалық) сананы бүркемелейді. Нәтижесінде, 
Лукач «мұндай қоғамда барлық әлеуметтік қарым-қатынастарды экономика-
лық базис негізінде түсінуге ешқандай жағдай жоқ» деген тұжырымға келеді 
(Lukacs, [1922] 1968:57). Керісінше, капитализмнің экономикалық негізі түсі-
нікті әрі жеңіл. Адамдар олардың әсерін түсінбеуі мүмкін, әйтсе де аз болса да, 
ол туралы хабары бар. Осының нәтижесінде «таптық сана саналы бола алатын 
нүктесіне жетті» (Lukacs, [1922] 1968:59). Осы кезеңде қоғам идеологиялық 
шайқастар алаңына айналады, онда қоғамның таптық мінезін бүркемелеуге 
тырысатындар оны әшкерелеуге тырысатындарға қарсы шығады.


303
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Лукач капиталистік қоғамды таптық санаға бола түрлі топтарға бөліп са-
лыс тырған. Ол капитализм шеңберінде құрылымдық жағдайдың екіұштылы-
ғынан ұсақ буржуазия мен шаруада таптық сана дами алмайтынын дәлелдейді. 
Бұл екі тап – феодалдық дәуірдегі қоғамның жарқын өкілдері, олар капита-
лизм табиғатын нақты бейнелеуге қабілетсіз. Буржуазия таптық сананы дамы-
туға қабілетті, дегенмен ол капитализмнің даму әрекетін бейтарап түрде сезіне 
алатын, объективті заңдарға бағынатын жанама құбылыс ретінде түсінеді.
Пролетариатта шынайы таптық сананы дамыту қабілеті бар және бұл жағ-
дайда буржуазия «қорғана» бастайды. Лукач пролетариатты сыртқы күштер 
арқылы оңай басқаруға болады деп қарастырудан бас тартады, оның орнына 
оны өз тағдырын өзі жасаушы ретінде көреді. Буржуазия мен пролетариаттың 
текетіресінде бірінші тап интеллектуалды және ұйымшылдық тұрғысынан 
қарағанда толық қаруланған, ал соңғысының қолындағы бар мүмкіндігі – ол 
тек қоғамның бар болмысын түсіну қабілеті ғана. Күрестің жалғасуына қарай, 
пролетариат құрылым жасаған «өзіндік таптан», өзінің күйін және тарихи 
жауапкершілігін түйсінетін «өзім үшін» табына өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, 
«таптық күрес экономикалық қажеттілік деңгейінен саналы мақсат пен әрекет 
етуші тап санасы деңгейіне көтерілу қажет» (Lukacs, [1922] 1968:76). Күрес 
осы кезеңге жеткенде, пролетариат капиталистік жүйені құлата алатындай 
әрекеттер жасау мүмкіндіктеріне ие болады.
Лукачтың әлеуметтанулық теориясының құндылығы зор, дегенмен тек 
марксистік түсінік шеңберінің ішінде ғана мазмұндалады. Оны капитализмдік 
құрылымдар (бірінші орында экономикалық), идеялар жүйелері (әсіресе тап 
санасы), индивидуалды ойлау мен индивидуалды әрекет арасындағы диалекти-
калық қарым-қатынас қызықтырған. Оның теориялық көзқарасы экономика-
лық детерминистер мен қазіргі заманғы марксистер арасындағы маңызды буын 
болып есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет