Алеуметтану тероиясы indb


Позитивизмге сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет238/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Позитивизмге сын-пікірлер. 
Сыни теория өкілдері ғылыми-зерттеулердің 
фило софиялық негіздемесіне де, әсіресе позитивизмге ерекше көңіл бөлген 
(Bottomore, 1984; Fuller, 2007a; Halfpenny, 2001, 2005; Morrow,1994). Позити-
визмді, негізінен, экономикалық детерминизмге байланысты сынады, себебі 
детерминизмді жақтаушылардың бір бөлігі жартылай, кейбірі толығымен бі-
лімнің позитивті тео риясын қолдаған. Позитивизм – зерттеудің барлық салала-
рына тек бір ғылыми әдіс қолданыла алады деген тұжырымдаманы қолдайтын 
ілім. Позитивизм нақты ғылымдарды барлық пәндер үшін сенімділік пен нақ-
тылық қалыбы ретінде қабылдайды. Позитивистер білім табиғатынан бейтарап 
деп есептейді. Олар адами құндылықтарды өзіндік қызмет шегінен тыс сақтау-
ға болады деп жобалайды. Бұл сенім өз кезегінде ғылымның мақсатына қандай 
да бір нақты әлеуметтік әрекетті қорғау кірмейді деген көзқарасқа алып келеді 
(позитивизм жайлы көбі рек талқылау үшін 1-тарауды қараңыз).
Сын мектебі түрлі себептерге байланысты позитивизмге оппозициялы ба-
ғытты ұстанады (Sewart, 1978). Демек, позитивизм әлеуметтік әлемді заттан-
дыруға тырысады және осыны табиғи шынайы процесс ретінде қарастырады. 
Сыни бағыт жақтаушылары адамның іс-әрекетіне көп назар аударғанды арты-
ғырақ деп есептейді, сонымен қатар бұл іс-әрекеттің әлеуметтік құрылымдар-
ға жасаған ықпалына көңіл бөлген. Басқа сөзбен айтқанда, позитивизм актор-
лардың рөлін ескермейді (Habermas,1971), оларды «табиғи шынайы күштер» 
анықтайтын бейтарап жаратылысқа айналдырады. Сыни теорияшылар әрбір 
актордың өзіндік ерекшеліктерінің болуын ескере отырып, жалпы ғылым заң-
дарын әрбір адамның әрекетіне ешбір даусыз қолдануға болатынын қабылда-
майды. Пози тивизм алға қойылған мақсатқа жету құралының жеткіліктілігін 
бағалау және мақсаттар жайлы осындай пайымдар жасамағаны үшін қатал сын-
ға ұшырады.
Бұл сыни пікір позитивизм табиғатынан консервативті және жүйеге қар-
сы ласа алмайды деген көзқарасқа алып келеді. Мартин Джейдің позитивизм 


306
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
туралы айтқаны: «Бар тәртіптің реификациясы және «фактілердің» абсолю ти-
за циялануы соңғы нәтиже болып табылады» (1973:62). Позитивизм салда ры 
акторды және әлеуметтанушыны әрекетсіздікке алып келеді. Кез келген бағыт-
тағы марксистердің қай-қайсысы болсын теория мен тәжірибені байла ныс тыр-
майтын бағыт ыңғайын қолдамас еді. Позитивизмнің осы сынына қара мастан, 
кейбір марксистер (мысалы, кейбір структуралистер, талдамалы марк систер) 
позитивизмді мойындайтын және Маркстің өзі «тым позитивті» бол ғаны үшін 
де жиі айыпталған (Habermas, 1971).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет