Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет246/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қарым-қатынас. Хабермас, жоғарыда талқылағанымыздай, коммуникативті 
әре кеттер мен дискурс арасындағы айырмашылықтарды байқаған. Коммуни-
кативті әрекеттер күнделікті өмірде болса, дискурс дегеніміз –
«тәжірибе мен іс-қимылдың контексі жойылып кеткен және оның құ-
ры лымдық формасы: бекітулердің, ұсыныстардың немесе ескерту лер-
дің негізгі талаптары пікірталастың айрықша мәні болып табылады; сұ-
рақтар бойынша тексеру мақсатынан басқа, қатысушылар, тақырыптар 
және жарналар – дискуссияның ерекше пәні; қатысушылар саны, бел-
сен ділік деңгейі және тақырыптар шектелмейді, тек талқыланып жатқан 
пайымдаулардың ерекшелігіне ғана тікелей байланысты».
(Habermas, 1975:107–108)
Дискурстың теориялық әлемінде, сонымен қатар коммуникативті әрекет-
тің жасырын әлемінде, «мінсіз сөйлеу жағдайы» бар, онда күш немесе билік 
қандай дәлелдердің жеңіп шығатынын анықтамайды, оның орнына анағұр-
лым нәтижелі дәлел жеңіске жетеді. Дәлелдемелер мен дәлелдердің деңге-
йі ненің жарамды немесе ненің дәлелденген деп саналатынын анықтайды. 
Мұндай дискурстардың негізінде пайда болған дәлелдер (және қатысушылар
келіседі) шынайы болады (Hesse, 1995). Осылайша, шындықтың (шынайы-
лық) теориясынан гөрі Хабермас шындықтың консенсус теориясын қабылда-


317
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
ды [Outhwaite, 1994:41]. Бұл шындық барлық қарым-қатынастың бір бөлігі 
және оның толық көрінісі – Хабермастың эволюциялық теориясының мақса-
ты. Томас МакКарти былай дейді: «Ақиқат идеясы, ақыр аяғында, ешқандай 
бұрмалаусыз өзара әрекеттесу түрін көрсетеді. Сыни теорияның мақсаты бо-
лып саналатын «жақсы және шынайы өмір» шындық ұғымына тән; бұл әр сөй-
ленген сөзде күтіледі» (1982:308).
Әуелі консенсус теориялық тұрғыдан талқыланады (және теорияға дейінгі 
тұрғыдан коммуникативті әрекетте), олардың әрекет етуінің төрт түрі талқы-
ланып, өзара әрекеттесуші тұлғалар мақұлдаған соң, ой іске асады. Біріншіден, 
сөйлеушінің сөздері түсінікті, анық болады. Екіншіден, баяндамашы ұсынған 
ұсыныстар шындықты білдіреді, яғни сөйлеген адам сенімді ақпарат ұсына-
ды. Үшіншіден, спикер ұсыныс жасағанда, барынша шыншыл (сенімді) және 
шынайы пайымдауларды айтқан кезде сенімді болады, яғни сөйлеуші сенімді. 
Төртіншіден, спикер мұндай ұғымдарды айтуға құқылы, ол үшін нормативтік 
база бар. Келісімнің барлығы осы дискурс кезінде қойылған талаптардың бар-
лығы орындалған кезде қабылданады, ал бір немесе бірнеше талаптар орын-
далмаса бұзылады. Бұрынғы тармаққа оралатын болсақ, қазіргі әлемде бұл 
процесті бұрмалайтын, консенсустың қабылдануына кедергі келтіретін күш-
тер баршылық және Хабермастың мінсіз қоғамы орнау үшін кедергілерді же-
ңуге тура келеді (M. Morris, 2001).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет