304
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
олар осы идеяларды тек пайда болған кезінде ғана сенім ретінде қабылдай ала-
ды. Көпшілік өздігінен
өзіндік санаға ие бола алмайды, оларға әлеуметтік таң-
даулылардың көмегі қажет. Дегенмен көпшілік осы идеялардың әсерін сезген
кезде әлеуметтік революцияға алып келетін іс-әрекеттерді қабылдауы мүмкін.
Грамши Лукач секілді экономика типіндегі әлеуметтік құрылымға қарағанда,
ұжымдық идеяларға көп көңіл ау дарған және ол екеуі де дәстүрлі марксистік
теория шеңберінде әрекет еткен.
Грамшидің орталықтандырылған идеясы оның гегельдігін қамтып көрсете-
ді: гегемония (гегемония түсінігінің қазіргі қолданылуын
әрі қарай осы тарау-
да Лаклау мен Муффе шығармашылығын талқылағанда қараңыз: Abrahamsen,
1997). Грамшидің пікірінше, «праксистің (әрекеттің) заманауи философиясы-
ның ажырамас компоненті (ойлаудың және іс-әрекеттің байланысы) «гегемо-
нияның» (Gramsci, [1932] 1975:235) тарихи-философиялық тұжырымдамасы
болады. Грамши
гегемонияны басқарушы таптың мәдени жетекшілігі ретін-
де айқындайды. Ол гегемонияны заң шығарушы немесе орындаушы биліктің
мәжбүрлеуіне немесе полицияның арашалауы арқылы көрсетілетін мәжбүр-
леуіне қарама-қайшы қояды» (Gramsci, [1932] 1975:235).
Егер марксист-эко-
номистер мемле кеттік басқарудың экономикалық және мәжбүрлі аспектілері-
не ерекше көңіл аударуға бейім болса, Грамши «гегемонияға» және «мәдени
жетекшілікке» көңіл бөлген (Gramsci, [1932] 1975:235). Капитализмге талдау
жасай отырып, Грамши капиталистер атынан әрекет етуші кейбір зияткерлер
мәдени жетекшілікке және көпшіліктің келісіміне қандай жолмен қол жеткізе-
тінін түсінуге тырысқан.
Гегемония ұғымы бізге капитализм кезіндегі үстемдікті ғана түсінуге
кө мек-
тесіп қана қоймай, сонымен қатар Грамшидің ойларын революцияға аудар тады.
Осыған сәйкес, революция арқасында экономика мен мемлекеттік ап па ратқа
бақылау жүргізу жеткіліксіз екеніне көз жеткіземіз, сондай-ақ қоғамның қалған
бөлігіне мәдени жетекшілік етуге қол жеткізу қажет. Дәл осы жерде Грамши
зиялы коммунистердің және коммунистік партиялардың
маңызды рөлдерін
көреді.
Енді біз сыни теорияға көңіл бөлеміз, ол Лукач пен Грамши секілді марк-
сист-гегельдіктердің шығармашылығы негізінде дамыса да, экономикалық де-
терминизмнің дәстүрлі марксистік түп тамырынан алыстап кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: