311
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
Диалектика.
Сыни теорияның екінші негізгі позитивті қызығушылығы ретінде
диалектикаға (бұл идеяны марксистік аналитикалық тұрғыдан айыптаушылар-
дың пікірімен кейінірек осы бөлімде танысамыз) деген ынтаны атауға болады.
Жалпы деңгейде диалектикалық бағыт әлеуметтік тұтастыққа
3
ерекше кө-
ңіл аударуды білдіреді. «Бүкіләлемдік болмыс тұрғысынан пайымдамайынша,
әлеуметтік өмірдің ешқандай аспектісін, сондай-ақ қандай да бір жеке фено-
менді түсіну мүмкін емес» (Connerton, 1976:12).
Бұл түсінік әлеуметтік өмірдің ерекше бір аспектісіне, әсіресе экономика-
лық жүйеге баса назар аудару қажеттігін жоққа шығарды. Сонымен қатар мұн-
дай ыңғай әлеуметтік шынайылықтың түрлі деңгейінің өзара қарым-қатына-
сына – әсіресе аса маңызды жеке санаға, мәдени қондырмаға (superstructure)
және экономикалық құрылымға деген қызығушылықты тұспалдайды. Диалек-
тика әдіснамалық ұйғарымды қолдайды: әлеуметтік өмірдің қандай да бір құ-
рамдас бөлігі басқа бөліктерінен дербес зерттеле алмайды.
Бұл идея диахрондық, сонымен қатар синхрондық бөліктерден тұрады. Син-
хрондық көзқарас бізді қоғамның құрамдас бөліктерінің заманауи біртұтастық
шеңберіндегі өзара қарым-қатынасымен айналысуға мәжбүрлейді. Диахрондық
көзқарас қазіргі кездегі қоғамның тарихи түп тамырына, сондай-ақ қо ғам ның
болашағына деген қызығушылықты айқындайды (Bauman, 1976). Әлеу меттік
және мәдени құрылымдардың адамдарға үстемшілдік етуі – Маркузенің ойынша,
«бір өлшемді қоғам». Ол адамзаттың әмбебап мінездемесі емес, ерекше тарихи да-
мудың нәтижесі. Осы тарихи жүйе – шынайы және шарасыз құбылыс деген капи-
тализм кезінде пайда болатын саналы пікірге қайшы келеді. Сыни теорияшылар-
дың (және басқа да марксистердің) көзқарасы бойынша, адамдар қоғамды «екінші
табиғат» ретінде түсінуге келген, оны «парасатты сана» бөгде, жат, қайтпас, талап-
шыл, күшті билік секілді, яғни адамзатқа тән емес табиғат ретінде қабылдайды.
Ақыл-ойға бағыну үшін, рационалды әрекет жасау үшін, сәттілікке қол жеткізу
үшін, еркін болу үшін адамға «екінші табиғаттың» талаптарына сәйкес бейімделуі
керек (Bauman, 1976:6).
Атап айтқанда, өзінің позитивизмге қатысты сынында Теодор Адорно ([1966]
1973) теріс диалектиканы (negative dialectics) дамытты. Адорно Маркс сияқты,
әлеуметтік идеялармен материалдық күштердің өзара әрекеттесуіне баса назар
аударады. Сонымен қатар Адорно жаңа ұсыныстарды, мәлімдемелерді дамытуға
тырыспады. Керісінше, теріс диалектиканың мақсаты – әлеуметтік ілімдегі кез-
дейсоқтықты, әсіресе оның қазіргі заманғы капи тализмге деген қарым-қатынасын
көрсету болды. Бұл жағдайда теріс диалектика «identity thinking» (бірегейлік ой-
лаудан) аулақ болуға тырысады (Dahms, 2011b). Бірегейлік ойлау – Адорноның
сыни теориясында пайымдалған по зитивизмнің және барлық қазіргі заманғы ой-
лардың қыр-сырын айқындайды. Дамс мұны былай сипаттайды:
«Бірегейлік ойлау – ойдың бақылау функциясына сәйкес келеді, ол түсі-
ніктің потенциалдық күрделілігін (Begriff (идея) – гегельдік мағынасын-
да) терминнің қарапайымдылығына әкеледі, біржақты болып көрінетін
күр делі түсінікті объектімен байланыстырады және объектінің барлық
өл шемдері осы термин негізінде лайықты түрде айқындалатынын тұжы-
рымдайды» (575).
Басқаша айтқанда, заманауи постмодерндік ой cекілді (17-тарауды қараңыз)
кері диалектика әлеуметтік өмірдің мезеттік жағдайларына қарағанда әлеумет-
тік өмірдің өзгермелі күрделілігінің басымдығын атап көрсетеді.
312
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Сыни теорияшылар болашақ туралы да ойларын тұжырымдаған, бірақ
Маркстің басшылығымен олар утопиядан бас тартады. Керісінше, олар қазіргі
қоғамды сынауға және өзгертуге баса назар аударады (Alway, 1995a). Алайда
Маркс сияқты қоғамның экономикалық құрылымына назар аударудың ор-
нына, олар оның мәдени төңкерісіне көңіл бөлген. Олардың диалектикалық
көзқарастары оларды нақты әлемде жұмыс істеуге міндеттейді. Бұл олардың
шындықты ғылыми зертханалардан іздеуге қанағаттанбайтынын білдіреді.
Олардың идеяларының түпкілікті сынағы осы идеялардың қабылдану және
іс жүзінде қолдану дәрежесі болып табылады. Бұл үрдісті сыни теорияшылар
сәйкестендіру аутентификациясы (authentication) деп атайды, бұрмаланған
байланыс құрбандары сыни теория идеяларын қабылдайды және оларды өзде-
рін осы жүйеден босатуға қолданады (Bauman, 1976:104). Осылайша, біз сыни
ойшылдардың тағы бір аспектісіне – адамзаттың босатылуына («the liberation
of humankind») жеттік (Marcuse, 1964:222).
Абстрактілі түрде айтқанда, сыни мектеп өкілдерінің көңілі теория мен тә-
жіри бе арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасқа бейім екенін байқау-
ға болады. Франкфурт мектебінің көзқарасы капиталистік қоғамда теория мен
тәжірибенің бөлінуіне негізделген (Schroyer, 1973:28). Демек, теорияларды бір
топ жасайды, оған айрықша құқық беріледі немесе соған табысталады, сондай-
ақ тәжірибе басқа, күші (билігі) кемдеу топқа беріледі. Көп жағдайда теория-
шылардың шығармашылығанда нақты әлемде не болып жатқанын білмейтіні
байқалады, бұл құбылыс марксизм мен әлеуметтану теорияларын жұтаң, жа-
дағайлыққа әкеліп соқтырады, кейбір жағдайларда тіпті өрес келдікке ұрын-
дырады. Сондықтан мұндай кереғарлықтан арылу үшін теория мен тәжірибені
біріктіру қажет. Осылайша, теория тәжірибеден қажетті мол мәлімет алады, ал
тәжірибе теория арқылы орнығып бекиді. Бұл процесте теория да, тәжірибе де
сатылап байи түспек.
Жалпы мақсат айқындалғанмен, сыни теорияның көпшілігі теория мен
тәжірибені біріктіре алмады. Шын мәнінде, сыни теорияға ең жиі айтылатын
сын-пікірлердің бірі – көбінесе ақпараттың толықтай түсініксіз болуы және
адамдардың оған қол жеткізе алмайтыны. Оның үстіне сыни теория мәде ниет
пен құрылымды жіліктеп жүйелі зерттеудің орнына, көбінесе эзотерикалық та-
қырыптарды қарастырып кетеді, осылайша, прагматикалық, күнделікті мәсе-
лелерге көп мән бермейді.
Білім және адамның қызығушылығы. Сыни мектептің танымал өкілдерінің
бірі – Юрген Хабермас (Habermas, [1970], 1971) білім мен адамның мүдделері
арасындағы қарым-қатынасқа айрықша ден қойды, бұл субъективті және объек-
тивті факторлар арасындағы қарым-қатынастың кең ауқымды диалектикалық
мәселенің айқын мысалы бола алады. Бірақ Хабермас субъективті және объек-
тивті факторларды бір-бірінен оқшаулауға болмайтынын атап өтті. Оның ай-
туынша, білім беру жүйесі объективті деңгейде, ал адамның мүдделері субъек-
тивті феномен ретінде қарастырылады.
Хабермас білім беру жүйесі мен олардың тиісті мүдделері арасындағы үш
жүйені саралаған. Әрбір білім беру жүйесіне ықпал ететін мүдделер әдетте
адамдарға белгісіз, сондықтан сыни теорияшылардың міндеті – осы қызығу-
шылықтарды зерттеу. Білімнің алғашқы деңгейі – аналитикалық ғылым немесе
классикалық позитивистік ғылыми жүйелер. Хабермастың пікірінше, осындай
білім жүйесінің негізгі қызығушылығы – қоршаған ортаға, басқа қоғамдарға
немесе қоғамдағы адамдарға қатысты қолдануға болатын техникалық болжау
313
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
және бақылау. Хабермастың пайымдауынша, аналитикалық ғылымдар күше-
йіп келе жатқан деспоттық бақылауға оңай көндігетін секілді. Білім жүйесі-
нің екінші түрі гуманистік білім және ол әлемді түсінуге ұм тылады. Өткеннің
тағлымын бүгінгі күннің мұрат-мүддесімен ұштастыра отырып, болашаққа көз
жібереді. Өзара және өзіндік түсінушілікке практикалық қызығушылық бар.
Бұл қысымшылық та емес, еркін кету де емес. Үшінші түрі – Хабермас пен
Франкфурт мектептері қолдайтын сыни білім. Осы білімнің қызығушылығы –
адамның эмансипациясы. Хабермас пен бас қа ойшылдар қалыптаған сыни бі-
лім көпшіліктің өзіндік сана-сезімін (фрейд тіктердің бекітілген жолдары ар-
қылы) көтеруіне және адамдарды теңдікке жеткізетін әлеуметтік қозғалысқа
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |