Алеуметтану тероиясы indb


8-тарау • Неомарксистік теорияның әралуандығы Еңбек және монополиялық капитал



Pdf көрінісі
бет250/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

323
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Еңбек және монополиялық капитал.
 Гарри Браверман (1974) еңбек процесін 
және жұмысшыны қанау – Маркс теориясының жүрегі деп бейнеледі. Ол тек 
қолмен жұмыс істейтіндерге байланысты Маркстің түсінігін жаңартып қана 
қоймай, жұмысшылар мен қызметшілердің өміріндегі өзгерістерді зерттеуді 
жоспарлады.
Маркстің талдауын кеңейту мақсатында Браверман «жұмысшы тап» ұғы-
мы адамдардың немесе кәсіптердің белгілі бір тобын сипаттамайды, кері сінше, 
еңбек күшін сатып алу және сату процесінің өрнегін білдіреді деп пайымдаған. 
Қазіргі капитализмде іс жүзінде ешкім өндіріс құралдарына иелік етпейді, сон-
дықтан көпшілігі, соның ішінде ақжағалылар және қызметшілердің көпшілігі, 
өздерінің еңбек күшін сатушыларға сатуға мәжбүр болады. Оның көзқарасы 
бойынша, капиталистік бақылау және пайдалану, сондай-ақ механикаландыру 
мен рационалдандырудың туынды процестерін ақжағалылар мен қызмет көр-
сету мамандықтары атқарады.
Менеджерлік бақылау Браверман Маркс талдау жасаған экономикалық қа-
науды мойындады, бірақ бақылау мәселесіне назар аударды. Капиталистер өз-
дері қолданатын жұмыс күшін қалай басқарады деген сұрақ қойды. Олардың 
жауаптарының біреуі менеджерлер арқылы осындай бақылауды жүзеге асыра-
тынын атады. Шын мәнінде, Браверман басқаруды «корпорация ішінде бақы-
лау мақсатында жүргізілетін еңбек процесі» (1974:267) ретінде санайды. 
Браверман жұмыскерлерді басқару үшін менеджерлер қолданатын қара-
пайым құралдарға ерекше назар аударды. Оның басты қызығушылықтары-
ның бірі – мамандандыруды қызметкерлерді бақылау үшін қолдану болды. 
Мұнда, тұтастай алғанда, қоғамдағы еңбек бөлінісі мен ұйым ішіндегі жұ-
мысқа мамандандыру арасындағы ерекшелікті мұқият айырып отырған. Бар-
лық белгілі қоғамдарда еңбек бөлінісі бар (мысалы, ерлер мен әйелдер, фер-
мерлер мен қолөнершілер арасында және т.б.). Бірақ ұйым ішіндегі жұмысқа 
мамандану – капитализмнің ерекше дамуы. Браверман қоғамдық деңгейдегі 
еңбек бөлінісі жеке қасиетті даралай түседі деп санайды, ал жұмыс орнында-
ғы мамандандыру адамның мүмкіндіктерін бөліп-жарып, ақыры оны апатты 
тоқырауға әкеледі: «Адамның мүмкіндіктері мен мұқтаждықтарын есепке 
алмағанда, адамның бөлінуі – адамға қарсы және адамгершілікке қарсы қыл-
мыс» (1974:73).
Жұмыс орнында мамандандыру міндеттерді немесе операцияларды ұсақ 
және бір бағытта мамандандырылған қызмет түрлеріне бөлуге және үздіксіз бө-
луге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына кейін басқа жұмыскер тағайында-
лады. Бұл процесс – Браверман «ұсақ жұмысшылар» деп атаған құбылыстың 
пайда болғанын көрсетеді. Капиталистер жұмысқа жұмысшылардың өзіндік 
дара қабілеттерін толық пайдаланбайды. Браверманның пікірінше, капита-
лист алдымен жұмыс процесін бөліп, одан кейін «жұмысшыны да босатады» 
(1974:78) және қызметкерден дағдылары мен қабілеттерін толық пайдаланып, 
дербес болып кетпеуді талап етеді. Браверманның сөзіне қарағанда, қызметкер 
«ешқашан өз еркімен өмір бойы ұсақ жұмысшыға айналмайды. Бұл капиталис-
тің үлесі» екен (1974:78).
Капиталист не үшін бұлай жасайды? Біріншіден, ол басқару жүйесіндегі 
бақылауды күшейтеді. Қызметкерді нақты тапсырманы орындап жатқан кезде 
бақылау кең ауқымды дағдыларды қолдануға бақылау жасауға қарағанда же-
ңіл. Екіншіден, ол өнімділікті арттырады. Демек, жоғары мамандандырылған 
тапсырмаларды орындайтын жұмысшылар тобы әрқайсысы барлық өндіріс-


324
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тік қызметті жеке орындайтын қолөнершілерге қарағанда көп өндіре алады.
Мысалы, автокөлік құрастыру желісіндегі жұмысшылар өздерінің жеке ма-
шиналарын шығаратын білікті қолөнершілермен салыстырғанда көбірек ма-
шина құрастырады, ал дербес қолөнершінің әрқайсысы өз автокөліктерін өн-
діреді. Үшіншіден, мамандандыру капиталиске қажетті еңбек күшіне ең төмен 
ақы төлеуге мүмкіндік береді. Капиталист жоғары ақы төленетін, білікті қо-
лөнершілердің орнына төмен жалақысы бар, біліктілігі жоқ жұмыскерлерді 
пайдалана алады. Капитализмнің логикасына сүйене отырып, жұмыс беруші-
лер жұмысшылардың еңбегін біртіндеп арзандатуға тырысады, бұл Бравер-
манның «қарапайым еңбек» деп атаған тұжырымына алып келеді.
Мамандандыру капиталистер мен менеджерлерге өздерінің жұмысында 
бақылау құралы ретінде жеткілікті емес. Тағы бір маңызды құрал – ғылыми 
техника, оның ішінде ғылыми басқару секілді бұл ғылымды басқарма атынан 
еңбек бақылауына қолдануға тырысады. Браверманға ғылыми басшылық – 
«қашықтанған еңбекті қалай жақсы басқаруға болатын» ғылым (1974:90). 
Ғылыми басқарма көптеген жұмысшылардың бір шеберханадағы жұмысын 
бақылауға – жұмыс күнінің ұзақтығын белгілеуге, қызметкерлердің жұмы-
сына тікелей бақылау жасауға, жұмыс ережесін бұзуды қадағалауға (мысалы, 
сөйлесуді) және минималды өндіріс деңгейін бекітуді бақылауға бағытталған 
кезеңдерден тұрады. Тұтастай алғанда, «қызметкерге нақты жұмысты қалай 
істеу қажеттілігін бұйыру» арқылы ғылыми басшылық бақылауға өз үлесін 
қосты (Braverman, 1974:90). Мысалы, Браверман көмір қазуға арналған FW 
Taylor’s-тің (Kanigel, 1997) ертеректегі жұмысы туралы талқылады, оны пай-
далану үшін қандай күрек түрін қолдану керегін, күрек көмір қорына ену үшін 
қалай тұру жолдарын және әр қозғалыста қанша көмір алуға болатыны тура-
лы ережелерді ойлап тапты. Басқаша айтқанда, Тейлор еңбек процесін толық 
бақылауды қамтамасыз ететін әдістер әзірледі. Жұмысшыларға барынша аз 
дербес мүмкіндіктер берілді, осылайша, ақыл-ой мен оқу-әдістемелік нұсқау-
лар бөлінісі жасалды. Басқарма еңбек процесінің әрбір кезеңін басқару үшін 
жұмысқа қатысты білімдер монополиясын пайдаланды. Ақыр соңында, бұл 
жұмыста ешқандай маңызды біліктілік, мазмұн немесе білім қалған жоқ. Ше-
берлік мүлдем жойылды.
Браверман техниканы жұмысшыларды бақылау құралы ретінде де қарас-
тырып көрді. Қазіргі заманғы техника «құралға және/немесе жұмысқа ма-
шинаның құрылымы арқылы тұрақты қозғалыс берілгенде» пайда болады 
(Braverman, 1974:188). Шеберлік жұмысшыда қалып қоймайды, ол машинаға 
орнатылған. Жұмыс процесін бақылаудың орнына жұмысшылар машинамен 
басқарылады. Осылайша, машиналар қызметін басқару жұмысшыларды бас-
қарудан гөрі оңайырақ.
Браверман жұмысты мамандандыру, ғылыми басқару және машиналар 
секілді механизмдер арқылы басшылық қызметкерлері бақылауды күшей-
те алады дейді. Бұл пайдалы түсінік болса да, әсіресе бақылауға баса назар 
аударса да, Браверманның айрықша үлесі ретінде Маркстің еңбек процесін 
түпнұсқалық талдауы қамтымаған жұмыс күшінің секторларына осындай 
талдауды қол дануға бағытталған талпынысы болып саналады. Браверманның 
пікірінше, ақжағалылар мен қызметшілер де уақыт өте келе XIX ғасырдағы 
қолмен жұмыс істеушілерге қолданылатын бақылау процестеріне ұшырайды 
(Schmutz,1996).
Браверманның мысалдарының бірі – кеңсе қызметкерлері. Бір кездері 


325
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
мұндай жұмысшылар қолмен жұмыс істейтіндерден өздерінің киімдері, дағ-
дылары, дайындықтары және мансаптық болашағы сияқты артықшылықтар-
мен ерекшеленетін топ болатын (Lockwood, 1956). Алайда бүгінгі күні екі топ 
бір дей бақылау құралдарына бағынады. Осылайша, зауыт пен қазіргі заманғы 
зауыт кеңсесі арасындағы айырмашылықты ажырату оңайға соқпады, өйткені 
соңғысының жұмысшылары біртіндеп дамып келеді. Ең алдымен, кеңсе қыз-
мет керінің жұмысы уақыт өте келе көбірек мамандана бастады. Бұл – кеңсе 
жұмысындағы ақыл-ой мен қол еңбегінің аспектілері бөлек екенін білдіреді. 
Кеңсе менеджерлері, инженерлер мен техниктер қазір ақыл-ой еңбегін орын-
дайды, ал «желілік» клерктер (қызметкерлері) деректерді енгізу сияқты қол-
мен істелетін жұмыстан арғы тапсырмаларды орындамайды. Нәтижесінде осы 
жұмыс орындарына қажетті дағдылар азайып, жұмыс орындары арнайы да-
йындық ты талап етпейді.
Ғылыми басқарма кеңсені де басып алды деуге болады. Кеңсе тапсырмалары 
ғылыми тұрғыдан зерттелген және осы зерттеулердің нәтижесіне сәйкес жеңіл-
детіліп, жоспарланып, стандартталған. Ақырында, механикаландыру кең седе 
айтарлықтай дамыды, бірінші кезекте, компьютермен компьютерлік жаб дық-
тар арқылы маңызды қадамдар жасады.
Бұл тетіктерді кеңсе жұмыстарына қолдану арқылы менеджерлер осындай 
қызметкерлерді бақылауды әлдеқайда жеңілдетеді. Мұндай басқару тетіктерін 
кеңседе қолдану фабрикадағыдай
5
мықты және тиімді болатынына сенім аз, де-
генмен әлі күнге дейін «ақ жағалылардың зауытын» дамыту үрдісіне ба ғыттал-
ған.
Браверманға да бірқатар сын-ескертпелер айтылғаны мәлім. Біржағынан, ол 
қолмен жұмыс істеу мен кеңсе жұмысы арасындағы ұқсастық дәрежесін асыра 
бағалаған сияқты. Екінші жағынан, бақылаумен айналысамын деп, ка питализм-
нің экономикалық динамикасына онша көңіл бөле алмады. Соған қа рамастан, 
ол қазіргі заманғы капиталистік қоғамдағы еңбек процесі туралы түсінігімізді 
кеңейтуге айтарлықтай еңбек сіңірді. (Foster, 1994; Meiksins, 1994).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет