Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет245/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Рационалдандыру.
Біз енді Хабермастың жұмысындағы рационалдандыру-
дың басты мәселесіне тоқталамыз. Бұл жерде Хабермасқа тек Маркстің ғана 
емес, Вебер еңбектерінің де әсері тиген. Хабермастың пікірі бойынша, жұмыс-
тар дың басым бөлігі өндірістік күштердің өсуіне және адам өміріне техноло-
гиялық бақылаудың күшеюіне әкелетін мақсатты-ұтымды әрекетті рационал-
дандыруға бағытталған (Habermas,1970). Вебер мен Маркстегідей рационал-
дандырудың бұл түрі заманауи әлемнің ең басты мәселесі болып табылады.


316
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Дегенмен мәселе – жалпыға ортақ рационалдандыру емес, мақсатты-ұтымды 
әрекетті рационалды ету. Шындығында, Хабермастың пайымынша, мақсатты-
ұтымды әрекетті рационалдандыру мәселесін шешудің кілті коммуникативті 
әрекетті рационалдандыруда жатыр. Коммуникативті іс-әрекетті рационал-
дандыру үстемдіктен ада коммуникацияға, еркін және ашық қарым-қатынас қа 
әкеледі. Мұнда рационалдандыру «қарым-қатынасқа қатысты шектеулерді 
жою», эмансипацияны (Habermas, 1970:118; see also Habermas, 1979) қамтиды. 
Бұл жерде Хабермастың бұрынғы аталған легитимдікке және тұтастай алғанда 
идеологияға қатысты еңбектері бар. Демек, бұл – бұрмаланған қарым-қатынас-
тың негізгі себептерінің екеуі, егер біз еркін және ашық қарым-қатынас орна-
татын болсақ, онда олар жойылуы керек.
Әлеуметтік нормалар деңгейінде мұндай рационалдандыру нормативтік 
ре прессивтілік пен қасаңдықтың төмендеуіне, жекелеген икемділікті және 
көрсеткіш нәтижесін арттыруға мүмкіндік туғызады. Бұл жаңа, шектеулі не-
месе шектеусіз нормативтік жүйенің дамуы Хабермастың әлеуметтік эволю-
ция теориясының негізінде жатыр. Жаңа өнімді жүйенің орнына рационалдан-
дыру, Хабермастың пікірінше (1979), жаңа, аз бұрмаланатын нормативтік жү-
йеге әкеледі. Бірақ кейбіреулер Хабермасты «марксизмнің тамырларын үзіп», 
ма териалдық деңгейден нормативтік деңгейге дейін түсіргені үшін айыптады. 
Хабермастың ойынша, эволюцияның түпкілікті нүктесі – рационалды қо-
ғам орнату (Delanty, 1997). Бұл жерде рационалдық коммуникацияны бұрма-
лайтын кедергілерді алып тастауды білдіреді, жалпы алғанда, бұл тұжырым-
дардың қандай сынға болса да төтеп бере алатын жүйелі өміршең идея екеніне 
күмән жоқ.
Пікірлесу барысында небір түйткілді жайлар өз шешімін табуы мүмкін. 
Мұны жақсы түсіну үшін біз Хабермастың байланыс теориясымен егжей-тег-
жейлі танысуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет