Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет253/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

ИММАНУИЛ ВАЛЛЕРСТАЙН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Alexei K
ouprianov/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/
commons/4/47/Immanuel_W
allerstein.2008.jpg
және кейбір ба қылаушылардың пайымдауынша, кез келген жағдайда пост-
фордизмнің сенім артатын нирванас болмауы әбден мүмкін.
Жалпы, жапон моделі (1990 жылдары жапон индустриясының қарқынды 
төмендеуімен) постфордизмнің негізі деп саналады. Алайда жапон индус т-
риясының зерттеу нәтижелері (Satoshi, 1982) және жапондық басқару әдісте-
рін қолданатын америкалық салаларда (Parker and Slaughter, 1990) осы жү-
йелермен байланысты үлкен қиындықтар бар екенін және олар тіпті жұмыс-


330
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
керді пайдалану деңгейін арттыруға қызмет етуі мүмкін болатынын көрсетеді. 
Паркер мен Слотер (Parker and Slaughter) Америка Құрама Штаттарында (және 
Жапонияда әлдеқайда нашар) қолданылатын жапониялық бұл жүйені «жап-
пай күйзелістік басқару» деп атайды:
«Мақсат – жүйені үзу нүктесінде резеңке таспа сияқты созу» (1990:33). 
Басқа заттармен қатар дәстүрлі америкалық желілерге қарағанда жұмыс тез 
арада жеделдетіліп, желіден қалыспау үшін жұмысшыларға зор ауыртпа-
шылық түсетіндіктен, үлкен ерлікпен жұмыс істеуге тура келеді. Тұтастай 
алғанда, Левидоу жаңа, постфордизмдік жұмысшыларды «олар зауыт жұ-
мысшылары болсын, бөренелер саудасы үйінде жұмыс істейтіндер болсын, 
жекешелендірілген қызметшілер немесе тіпті политехникалық оқытушылар 
болсын, көбіне төменгі нақты жалақыға бола, өздерінің өнімділігін арттыру 
үшін үнемі қысымға ұшырап отырады» деп сипаттайды (1990:59). Мысалы, 
капитализмнің мәселелерін шешудің орнына, постфордизм капиталистердің 
қызметкерлерді қанаудың неғұрлым арттыра түсетін қасақана жаңа фазасы-
на айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет