338
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
гінің») дамуымен бірге өзгере бастайды. Абсолютті кеңістік діни және саяси
мәселелерге байланысты қалыптасады. Бұл кеңістіктер таулар мен үңгірлер
сияқты жерлерде салынған. Мысалы, грек храмдары және христиандардың ма-
зарлары мен зираттары жатады. Бір қарағанда,
Лефеврдің пікірінше, бұл ке-
ңістіктер, сейкесінше, өз күшін табиғаттан алады. Мысалы, ежелгі грек храмы
табиғатта және табиғи геометриялық тәртіпті, симметрия қағидаларын көрсету
үшін салынған. Сол сияқты христиан зираты табиғи жағдайға келтіріліп, бізді
өлімнің табиғи күшімен байланыстырады.
Сайып келгенде, кеңістік табиғаттан
басым келеді. Олар, ақыр соңында, кеңестіктерді қалыптастырады, сөйтіп, ке-
ңістіктер өздері орныққан табиғи әлемге өз тәртібін жүргізеді. Сонымен қатар
осы кеңістікті басқаратын элита көпшілікке үстемдік ету үшін олардың нышан-
дық күштерін пайдаланады.
Кеңістіктің келесі түрі –
тарихи кеңістік. Мұндай кеңістіктің түрі қазіргі за-
манғы Еуропада шыға бастайды. Лефевр тарихи кеңістікті талқылауға қатысты
аз уақыт жұмсаса да, бұл – абсолюттік кеңістік пен қазіргі кездегі абстрактілі
(дерексіз) кеңістік арасындағы маңызды көпір. Тарихи кеңістік зайырлы болып
саналады. Ол абсолюттік кеңістіктегі табиғатпен діни байланысты үзеді. Тари-
хи кеңістік дербес мемлекеттер билік пен байлық үшін бір-бірімен бәсекелес-
кен кезде қалыптасады. Бұл кеңістік табиғат пен дін қызығушылықтарын емес,
адам мүдделерін ескере отырып жасалады. Сайып келгенде, тарихи кеңістік де-
рексіз кеңістікке жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: