322
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
келестік капитализмге қарағанда, бәсекелестік әлдеқайда аз. Бәсекелестік ка-
питализмде ұйымдар бағалық негізде бәсекелеседі, яғни капиталистер арзан
бағаларды
ұсына отырып, көбірек тауар сатуға тырысады. Монополиялық ка-
питализмде фирмалардың мұндай жолмен бәсекеге түсуінің қажеті жоқ, себебі
бір немесе бірнеше фирма нарықты басқарады; бәсекелес сату саласына көшеді.
Жарнама, қаптама және әлеуетті тұтынушылардың назарын аудартудың басқа
да әдістері бәсекелестіктің негізгі аумағы болып табылады.
Бағадан сатылымға дейінгі бәсекелестік қозғалысы – монополистік капи-
тализмге тән басқа процесс
прогрессивті рационалдандырудың бір бөлігі. Баға
жарыстары жоғары деңгейде өте иррационалды болып көрінеді. Демек, моно-
полистік капиталистің көзқарасына сәйкес, төменгі пайдамен тіпті банкроттық
туралы ештеңе айтпай тұрып, бағаларды төмендетуді
ұсыну нарықтағы хаосқа
ғана әкелуі мүмкін. Сату бәсекелестігі, керісінше, қатаң жүйе болып саналмай-
ды, іс жүзінде жарнама өнеркәсібін жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа
тауардың сату құны мен жарнамалауды қоса отырып, жоғары бағаны сақтауға
болады. Осылайша, сатылымдық бәсекелестік баға бәсекелестігіне қарағанда
әлдеқайда қауіпті.
Монополистік капитализмнің тағы бір маңызды аспектісі – ірі корпора-
циялардың өсуі, экономиканың көптеген секторларын басқаратын бірнеше ірі
корпорацияның пайда болуы. Бәсекелестік капитализм кезінде ұйым дербес
кәсіпкердің бақылауымен бақыланатын. Қазіргі
заманауи корпорация көпте-
ген акционерлерге тиесілі, бірақ бірнеше ірі акционерлер тобы акциялардың
көпшілігіне ие болады. Корпорация акционерлерге «тиесілі» болғанмен, ме-
неджерлер өзекті күнделікті бақылауды жүзеге асырады. Менеджерлер моно-
полистік капитализмде шешуші рөл атқарады, ал кәсіпкерлер бәсекелестік ка-
питализм кезінде басты рөлге ие болған. Менеджерлердің айтарлықтай билігі
бар, олар сол билікті сақтап қалуға тырысады. Олар тіпті қаржыландырудың
сыртқы көздеріне сүйенуді
мақсат тұтпай-ақ, ішкі қажеттіліктерге қол жеткі-
зуге мүмкіндігінше тырысып, өзінің фирмалары үшін қаржы тәуелсіздігіне ие
болудың амалдарын іздейді.
Бэран мен Суизи заманауи капиталистік қоғамдағы корпоративтік менед-
жердің орталық ұстанымына қатысты ескертулерді атап көрсеткен. Менеджер-
лер ұйымның кірісін барынша арттыруға тырысатын жоғары ұтымды топ бо-
лып есептеледі. Сондықтан олар ерте кәсіпкерлерге тән тәуекелшіл қадамдарға
баруға бейім емес. Менеджердің кәсіпкерлерге қарағанда болашағы әлдеқайда
өрісті. Ерте кезеңдегі капиталистер қысқа мерзімде табысын арттыруға мүд-
делі болған болса, қазіргі заманғы менеджерлер
мұндай әрекеттер фирманың
ұзақ мерзімді кірісіне кері әсерін тигізетін бейберекет бағалық бәсекелестікке
әкелуі мүмкін екенін біледі. Осылайша, менеджер қысқа мерзімді белгілі бір
пайдадан бас тартып, өнеркәсіп үшін ұзақ мерзімді кірісті барынша арттыруға
тырысады.
Бэран мен Суизи әртүрлі сипаттағы сыни пікірлерге ұшырады. Мысалы,
олар менеджерлердің рационалдығын асыра бағалады дейді. Герберт Саймон
(1957) менеджерлер ең тиімді және ең рационалды шешімдерден гөрі, мини-
малды қанағаттанарлық шешімдер табуға (және тек
қана олар оны табуға қабі-
летті) мүдделі екендіктерін айтады. Тағы бір мәселе – менеджерлердің шын мә-
нінде заманауи капитализмнің негізгі тұлғалары болып табылатыны. Көптеген
адамдардың капиталистік жүйені шын мәнінде бақылайтын ірі акционерлер
екенін дәлелдеуіне болады.