Алеуметтану тероиясы indb


Сабақтастық және уақыт-кеңістік тығыздығы



Pdf көрінісі
бет265/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Сабақтастық және уақыт-кеңістік тығыздығы. 
Постмодернистік теорияға 
басқа тұрғыдағы марксистік талпыныс (17-тарауды қараңыз, Фредрик Джей-
мисонның еңбегі туралы), ол – Дэвид Харвидің The Condition of Postmodernity 
(«Постмодерннің күйі») (1989). Харви постмодерндік ойлаудың көп құнды-
лықтарын пайымдағанмен, марксистік көзқарас тұрғысынан маңызды кем-
шілік терді де көре білді. Постмодернистік теорияны заманауи әлем мәселе-
лерін әсірелегені және оның материалдық жетістіктерін бағаламағаны үшін 
айыптады. Ең бастысы, бұл қиындықтарды еңсеру жолдарын қарастырудың 
орнына, ол постмодернизмді және оған байланысты мәселелерді дұрыс көре-
тінін мойындайды: «Постмодернизм риторикасы саяси экономика шынайы-
лығына және жаһандық билікке қарсы тұрудан бас тартқаны үшін қауіпті»
(D. Harvey, 1989:117). Постмодернизм ХХІ ғасырдың басындағы капитализм-
нің саяси және экономикалық трансформациясы туралы идеялар жиынтығына 
қарсы тұруы керек. 
Нарықты және еңбек процесін бақылау (бұл екі алаң капитализмде жинақ-
тау мәселесіне байланысты) саяси экономикалық жүйенің өзегі екені белгілі. 
Деген мен 1945–1973 жылдардағы соғыстан кейінгі кезеңде жинақтау үдерісі 
икемді болмай шықты, ал 1973 жылдан бастап біз икемді үдеріске ауыстыр-
дық. Харви бұрынғы кезеңді фордизммен (кейнстік экономика сияқты) және 
одан кейінгі кезеңді постфордизммен байланыстырады (for a critique of this, 
see Gartman, 1998), бірақ бұл мәселелерді осында талқылаудың қажеті жоқ, 
себебі олар бұл тарауда толығымен сипаттаған. Фордизм икемді болмағаны-
мен, Харви постфордизмді икемді жинақтаумен байланысты деп есептейді, 


350
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«еңбек процестері – еңбек нарықтарына, өнімдерге және тұтыну құрылы-
мына қатысты икемділік. Ол өндірістің мүлдем жаңа секторларының пайда 
болуымен, қар жы қызметтерін ұсынудың жаңа жолдарымен, нарықтармен, 
ең алдымен, ком мерциялық, технологиялық және ұйымдастырушылық ин-
новациялардың қар қынды өсуімен сипатталады» (1989:147).
Харви үлкен өзгерістерді байқаса да және постмодернистік ойлау өзе-
гінде бұл өзгерістер жатыр деп есептегенімен, ол фордизммен постфордизм 
дәуірінің арасында көптеген сабақтастықтар бар деп санайды. Оның негіз-
гі қорытындысы мынада: «1973 жылдан бастап капитализмнің беткі көрі-
нісінде капиталистік құбылыстың болғаны анық... Капиталистік жинақтың 
негізгі логикасы мен оның дағдарыс үрдістері бұрынғысынша өзгермейді»
(D. Harvey,1989:189).
Харвидің көзқарастары уақыт кеңістігін қысу (time space compression) 
идея сына негізделген. Ол модернизм уақыт пен кеңістікті қысуға қызмет 
етті және бұл үдеріс постмодерн дәуірін де жеделдете бастады, ол «саяси-
экономикалық тәжірибеге, тап күшінің өзара тепе-теңдігіне, сонымен қатар 
мәдени және қо ғамдық өмірге тікелей ықпал ететін уақыт кеңістігін қысу-
дың қарқынды кезеңіне алып келеді» деп санайды (D. Harvey, 1989:284). Бі-
рақ бұл уақыт кеңістігін қысуы капитализмнің ертерек дәуірінен айтарлық-
тай ерекшеленбейді: «Біз, қысқаша айтқанда, капитализмнің динамикалық 
орталығында әрдайым болған уақыт кеңістігін жою үдерісіндегі бір қиян-
кескі раундқа куәгер болдық» (D. Harvey, 1989:293). Уақыт арқылы кеңіс-
тіктің жойылу мысалын мынадан көреміз: тек Францияда қолжетімді болған 
ірімшіктер қазір Құрама Штаттардың барлық аймақтарында жылдам, арзан 
тасымалдау себебінен сатылады. Немесе 1991 жылы Ирактағы соғыс кезінде 
теледидар бізді бірден Бағдадтағы әуе шабуылынан Тель-Авивтегі «Скуд» 
шабуылдарына, одан Эр-Риядта әскери брифингтерге көшірді.
Осылайша, Харви үшін постмодернизм модернизмнен қол үзбейді, олар 
дәл сол негізгі капиталистік динамиканы бейнелейді. Заманауи әлемде мо-
дернизм мен постмодернизм, фордизм мен постфордизм қатар өмір сүреді. 
Фордизм мен постфордизмге «қайсы конфигурация пайдалы және қайсысы 
жарамайтынына байланысты мезгіл-мезгілімен және орын өзгерісіне қарай» 
(D. Harvey, 1989:344) баса назар аударылатын болады. Мұндай көзқарас 
постмодернизм мәселесін неомарксизм теориясы аясында қарастыра алады, 
дегенмен бұл, өз кезегінде, постмодернизмдік ойлау ерекшеліктермен өзге-
ріске түседі.
Соңында, Харви постмодернизмдегі өзгерістер мен сызаттарды айыра 
бастайды, біз қазірдің өзінде жаңа дәуірге аяқ басуымыз мүмкін екенін көр-
сете отырып, неомарксистік теориясын, мүмкін, басқа идея жүйелерін бірік-
тіру арқылы теориялық тұрғыда әзірлеуге дайын болуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет