349
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
бер аясында ауқымды демократиялық күресті – антинәсілдік, антисекстік,
антикапиталистік, табиғатты жыртқыштықпен пайдалануға және басқа
да көптеген құбылыстарға қарсы әрекет ету үшін (Eder, 1990) біріктіруге
ұмтылады. Осылайша, бұл – «радикалды және жалпылама демократия»
(Laclau, 1990:27). Бір топтың күресі басқалардың есебінен жүргізілмеуі ке-
рек, барлық демократиялық күресті балама күрес ретінде қарастырған жөн.
Осы топтар өздерін радикалды демократия үшін күрестің бір бөлігі ретінде
көруі үшін, өздерінің бірегейлігін өзгерту арқылы осы күресті біріктіру қа-
жет. Лаклау мен Муффтың пайымдауынша:
«Солшыл бағыттың баламасы демократиялық революция саласында
өзін толығымен орнықтырудан және қысымшылыққа қарсы түрлі күрес
арасындағы баламалардың тізбегін кеңейтуден тұрады.
Сол себепті сол
жақтың міндеті либералдық демократиялық идеологиядан бас тарту
емес, керісінше, оны жалпы демократия бағытында тереңдетіп, кеңейте
түсуі керек. Бұл демократиялық аймақтың бас тартуы емес, керісінше,
демократиялық күресті бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекет аума ғы на
кеңейту әрі бұл сол жақтың гегемоникалық стратегиясына мүм кіндік
береді».
(Laclau and Mouffe, 1985:176)
Радикалды демократия капитализмнің жойылуын мұрат тұтса да, капи-
та лизмнің жойылуымен қоғамдағы басқа теңсіздіктер жойылып бітпейтінін
мойындайды. Барлық әлеуметтік теңсіздіктермен күресу, дәстүрлі марксис-
тердің болжамынан гөрі, әлдеқайда кең өрісті қозғалысты қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: