Алеуметтану тероиясы indb


Постмарксизмге қатысты сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет267/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Постмарксизмге қатысты сын-пікірлер 
Көптеген марксистік теорияшылар постмарксистік оқиғаларға риза емес 
(Burawoy, 1990; E. Wood, 1986; E. Wood and Foster, 1997). Буравой аналитика-
лық марксистерге тарих мәселесін, айқындылық пен қатаңдықтың фетишиз-
мін жойғаны үшін шабуылдайды. Вэлдес аналитикалық марксизм мәселені 
шешуде техникалық ыңғайды қолдану арқылы үстемшіл экономиканы отар-
лауға еркіндік береді, соған қоса ол барынша академиялық және мейлінше 
саяси және консервативті болып келеді дейді (1989:354). Ал Эллен Вуд саяси 
мәселені қозғап, аналитикалық марксизмді (сонымен бірге постмодернистік 
марксизмді) саяси бейқамдығы және оның «масқара жеңілісі» үшін сынай-
ды, әрбір өзгерістің радикалды бағдарламасы сәтсіздікке ұшырағанын айтады 
(1989:88). Аналитикалық марксизмнің бір тармағының жақтастары, марксис-
тік идеялардың қатаң эмпирикалық зерттеу шілері, жалпы ойға сәйкес, жеке-
шілдік әдіснама позициясын қолданатын рационалды талдау теориясында өз 
ағайындарын сынайды (A. Levine, Sober, and Wright,1987).
Лаклау мен Муффтың еңбегі ерекше қарсылықтарға тап болды. Мыса лы, 
Аллен Хантер оларды идеализмге деген бейімділігі үшін және, ең алдымен, 
«өздері дискурстық талдаудың жақтаушысы болғандықтан, барлық нәрсені 
дискурс ретінде қарастырады» деп сынайды (1988:892). Сол сияқты, Герас 
(1987) Лаклау мен Муффқа идеализмі үшін шабуыл жасайды және де оларды 
ысырапшыл, дөрекі, логикасы жоқ және обскурант (obscurantist) деп санай-
ды. Лаклау мен Муффтың Герасқа қалай жауап бер гені Post-Marxism Without 
Apologies («Кешірімсіз постмарксизм») (1987) деген атынан-ақ байқалады. 
Буравой Лаклау мен Муффқа «маңызды нәрсенің бәрі тарихтың шырмауын-
да жоғалған, сол себепті де оны түсіндіру мүмкін емес» болғаны үшін шабуыл-
дайды (1990:790).
Соңында, Аронсонға қарағанда Буравой марксизм капитализм динамика-
сы мен қарама-қайшылықтарын түсіну үшін пайдалы деп санайды (see also 
E. Wood, 1995). Осылайша, коммунизмнің жойылуы және дүниежүзілік ка-
питализмнің үстемдігіне байланысты «марксизм болады...». 1990 жылдарда-
ғы оқиғалар аясында Вуд пен Фостер марксизмнің ертедегіге қарағанда қазір 
қажет екенін дәлелдейді, өйткені «адамзат қанау мен қысымның ғаламдық 
өлшемдеріне бара-бара тәуелді бола түсуде» (1997:67).


354
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Бұл тарауда біз неомарксистік әлеуметтік теория тұрғысындағы көптеген тәсілдерді қа-
растырамыз. Олардың барлығы өз зерттеулерінің бастау көзін Маркс еңбектерінен алады, 
бірақ олар көбінесе ізденістерін әртүрлі бағыттарда өрістетеді. Бұл түрлі зерттеулер нео-
марксистік теорияға елеулі өміршеңдік қуат береді, дегенмен кейбір қажетсіз және көбінесе 
дисфункционалды дифференциация мен қарама-қайшылықтар тудыратыны даусыз. Осы-
лайша, қазіргі заманғы марксизм әлеуметтанушы теорияшыларының мақсаты – түрлі шы-
найы еңбектер құндылықтарын мойындай отырып, осы теория айналасының кең шеңберін 
интеграциялау.
Алғашқы тарихи неомарксистік теориясы қазіргі кезде аса маңызды емес, әсіресе әлеу-
меттануға бағыт ұстаған ойшылға ең маңыздысы – экономикалық детерминизм. Марк-
систік теорияның бұл шектеулі көзқарасына қарамастан, оның басқа да түрлері дамыған. 
Осындай дамудың мысалдарының бірі – Гегельдік марксизм, әсіресе Джордж Лукачтың 
еңбегі болды. Бұл тәсіл марксистік теорияның субъективті, гегельдік тамырларына оралу 
арқылы экономикалық детерминизмдегі шектеулерді еңсеруге ұмтылды. Гегельдік марк-
сизмнің қазіргі заманмен үндестігі шамалы, оның маңызы, негізінен, кейінгі неомарксистік 
теорияларға қаншалықты әсер еткенімен бағаланады.
Гегель марксизмі дәстүрінің мұрагері болған сыни мектеп әлеуметтану үшін заманауи 
маңызға ие. Сыни теорияшылардың (Маркус, Хабермас, Хоннет және т.б.) үлкен үлесі – мә-
дениет, сана және олардың өзара байланыстары туралы түсініктер. Бұл теорияшылар біздің 
мәдени құбылыс, сонымен қатар аспаптық рационалдық, «мәдениет индустриясы», «білім 
индустриясы», коммуникативті әрекет, үстемшілдік және легитимділік секілді ұғымдардың 
мәнін түсінуімізге зор ықпал етті. Бұған олар, ең алдымен, Фрейдтің теориясынан өздері-
нің еңбектеріне интеграция формасындағы сана мен алаңдаушылықты қосады. Дегенмен 
сыни теория экономикалық детерминизмнің шектеулерін бұзу талпыныстарынан тым алыс 
кеткен, тұтастай алғанда ауқымды әлеуметтік күштер үшін экономикаға алаңдаушылығын 
қайта қарастыру керек.
Сонымен қатар осы тұрғыда мәдениетке, әсіресе төменгі таптардан шыққандарға әлде-
қайда оң көзқарастарымен ерекшеленген Бирмингем мектебінің (Birmingham school) жұмы-
сы талқыланады.
Бұдан әрі осы тарауда неомарксизмнің экономикалық әлеуметтануында жұмыс істеу-
дің екі бағыты талқыланады. Біріншісі, капиталмен еңбек арасындағы қарым-қатынасқа, 
әсіресе Баран, Свези мен Браверманның шығармаларына қатысты. Екіншісі, фордизм-
нен постфордизмге өту мәселесіне байланысты. Екі еңбектің нәтижесі де марксистік 
әлеуметтанудың дәстүрлі экономикалық мәселелеріне қайтып оралу әрекетін білдіреді. 
Бұл жұмыс қазіргі заманғы капиталистік қоғамның қалыптасқан шындықтарын ескере 
отырып, марксистік экономикалық әлеуметтануды жаңартуға бағытталған талпыныс 
үшін маңызды.
Тағы бір мәселе – тарихи бағытталған марксизм, әсіресе қазіргі заманғы әлемдік жүйе-
де Иммануил Валлерстайнның және оның жақтастарының еңбектері. Одан кейін кеңістік 
мәселелеріне назар аударатын неомарксистердің көзқарастары талқыланады. Бұл тарау 
коммунизмнің жойылуына байланысты постмарксистік теория деп аталған бөліммен аяқ-
талады. Аталған тақырыпқа аналитикалық марксизмнің және постмодернистік марксистік 
теориялардың бірнеше түрі жатады. Сондай-ақ осы бөлімге әлемдегі оқиғалар аясында 
марксистік жобадан бас тартуға мәжбүр болған марксистер позициясының үлгісін талқы-
лау енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет