355
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
1. Бұл Трент Шройерде анық түсіндірілген (1973), ол өзінің сыни мектеп туралы кітабын
The Critique of Domination («Үстемшілдік сыны») деп атаған.
2. Гарнхем өзінің соңғы еңбегінде (2007) түрлі «салаларды» қамтитын (ойын-сауық, білім,
т.б.) «мәдениет индустриясы», сондай-ақ олардың арасындағы айырмашылықтардың
бар екені туралы идеясының ауқымын кеңейтті.
3. Джей (1984) тек сын теориясын ғана емес, «тұтастай» алғанда, марксистік теорияның
жүрегі ретінде қарастырады. Алайда бұл идея постмодернистік марксистер тарапынан
қабылданбайды (осы тараудың соңындағы талқылауды қараңыз).
4. Хабермас 1955 жылдан бастап Теодор Адорноның ғылыми қызметкері ретінде өзінің
зерттеу жұмысына кіріскен Уиггерихаус (1994:537).
5. Браверманның кітабы кеңседегі компьютерлік технологиядағы бумға (шарықтауға) де-
йін жазылғанын, әсіресе сөз процессорының кеңінен қолданылуын атап өту маңызды.
Бұрынғы ескі кеңсе технологияларына қарағанда шеберлікті және оқытуды қажет ететін
мұндай технология жұмысшы автономдығын арттыруы мүмкін (Zuboff, 1988).
6. 2008 жылғы экономикалық дағдарыстың себептері мен салдарын мұқият талдау үшін
Калхон мен Дерлуганның (2011a, 2011b, 2011c) баға жетпес үш томдық жинағын қара-
ңыз, оның құрамына әлемдік жүйелік теорияшылар талдауы және басқа да перспектива-
лар кіреді.
7. Санаттандыру мәселесінің бейнеленуі кеңістік теориясына маңызды үлес болып қосыл-
ды, оны Джеймисонның ([1984], 1991) «гипер кеңістігі» бойынша неомарксистік-фред-
риктік еңбегі ретінде қарастыруға болады, ол кітаптың
Postmodern Social Theory («Пост-
модер нистік әлеуметтік теория») деген атауымен талқыланады (17-тарауды қараңыз).
Сонымен қатар кеңістікке қосымша маңызды үлес басқа теориялық түп тамырдан пайда
болды және осы еңбектің тағы бір тармағында талқыланды. Мысалы, Энтони Гидденстің
кеңістік (және уақыт), дистанция және т.б. туралы өте маңызды идеялары 14-тарауда
талқыланған.
8. Бауман (1990) капитализм мен социализмді қазіргі заманның айнасы деп тұжырымдады.
Достарыңызбен бөлісу: