343
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
жыл дары революциялық қозғалыстарда өте белсенді болып шықты. Бұған
қоса Маркс пен Энгельс біртекті пролетариаттың дамуында ешқандай ел жоқ
еке нін және ұлттық айырмашылықтар жоғалып бара жатқанын айта отырып,
әлемдегі жұмысшыларды гомоген деді. Харви ұлттық келіспеушіліктерді сақ-
тап қана қоймай, капитализмнің қызметкерлері арасында «кейде ежелгі мә-
дени айырмашылықтарды, гендерлік қатынастарды, этникалық бейімділікті
және діни көзқарасты азықтандыру арқылы ұлттық (және басқа) айырмашы-
лықтарды тудырады» деген пікірін білдірді (Harvey, 2000:40). Сонымен қа-
тар «ұйымның территориялық нысандары арқылы, жолда орналасқан жердегі
шекараларды құру» арқылы жұмылдыруда, кеңістіктік айырмашылықты сақ-
тауда еңбек үлкен рөл атқарады (Harvey, 2000:40). Соңында, Харви әлемдегі
жұмысшыларға арналған Манифестің танымал үндеуін біріктіруді атап өтеді
және капитализмнің жаһандық сипатын ескере отырып, осындай насихат аса
өзекті және маңызды болып табылады.
Бұл Харви жасаған өте әртүрлі уәждің шағын бөлігі ғана, бірақ ол «үміт
кеңістігі» дегенді қалай түсіндіреді? Біріншіден, ол қазіргі заманғы ғалым-
дар арасында кеңінен тараған пессимизмге қарсы тұрғысы келеді. Екіншіден,
«саяси күрестің кеңістігі» және, сәйкесінше, қоғамда үміттің бар екенін мо-
йындағысы келеді. Ақырында, ол қазіргі заманғы кеңістіктердің қасіретіне
алаңдаған адам дарға үміт беретін болашақтың утопиялық кеңістігін сипат-
тайды.
Сөйтіп, осы және басқа да көптеген жолдармен Харви Маркстің (және бұл
жағдайда Энгельстің) кеңістікке және капитализмге қатысты шектеулі түсі-
ніктерін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасына заманауи тұрғыда дамытуға
негіздейді. Бұл мағынада, Харви жасап жатқан әрекет неомарксистік теория-
ның парадигматикалық мысалы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: