360
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы:
негізгі мектептер
қолданғысы келмейтінін де айыптады. Мидтің аңғарғаны – Уотсон адамның са-
насы мен менталды процестері туралы еш нәрсе білмеді: «Джон Б. Уотсонның
позициясы
Alice in Wonderland («Сиқыр әлеміндегі Алиса»)
ертегісіндегі патша-
йымның позициясы секілді болды». «Бастарын шабыңдар!» деген нәрселер бол-
мады. Сана… болмады ([1934] 1962:2–3). Мид өзінің
ұстанымын Уотсонның ұс-
танымына қарсы қойды: «Ол бихевиористік, бірақ уотсондық бихевиоризммен
салыстырғанда сырт көзге білінбейтін әрекеттің элементтерін ескереді» ([1934]
1962:8). Нақтырақ айтатын болсақ, Мид ойлау процестерін енгізу арқылы уот-
сондық бихевиоризмнің қағидаларын кеңейтуді өзіне мақсат етіп қойды.
Ақырында, Уотсон ойлауды есепке алмағандықтан, Мид оның түсінігін-
дегі акторды енжар қуыршақ деп санады. Мид
актордың анағұрлым белсенді
әрі жасампаз бейнесін қалыптады, соның нәтижесінде кейінгі символикалық
интер ак ционистер оның теориясына зор ынта танытты.
Прагматизм мен бихевиоризм, әсіресе Дьюи мен Мидтің теориялары 1920
жылдары Чикаго университетінің көптеген студенттеріне оқытылды. Солар-
дың легінде болған Герберт Блумер мен басқа да студенттер символикалық
интеракционизмнің негізін қалады. Әрине, басқа да
теорияшылар оған ықпал
етпей қоймады. Солардың ішіндегі ең танымалы Георг Зиммель болды (5-та-
рауды қараңыз). Зиммельдің әрекет пен өзара ықпалдасудың түрлеріне деген
қызығушылығы Мидтің теориясымен үндес болды, сөйтіп, оның дамуына сеп-
тігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: