Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет269/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ескертпелер


9
Символикалық 
интеракционизм


357
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Тарихи негізі 
Джордж Герберт Мидтің идеялары 
Символикалық интеракционизм: негізгі принциптер
Эрвинг Гоффман және еңбектері 
Эмоциялар әлеуметтануы
Сын-пікірлер
Символикалық интеракционизмнің болашағы
Тарау мазмұны
С
имволикалық интеракционизм (Sandstrom and Kleinman, 2005) аса қы-
зықты әрі маңызды бірқатар идеяларды ұсынады. Аталған ғылыми ілім 
Джордж Герберт Мид, Чарлз Хортон Кули, У.И. Томас, Герберт Блумер 
және Эрвинг Гоффман сияқты көрнекті ойшылдардың есімімен тығыз бай-
ланысты.
Тарихи негізі 
Біз символикалық интеракционизм жайындағы пікірталасымызды алдымен 
Мидтен бастаймыз (Shalin, 2011). Мидтің жеке ғылыми-зерттеуінің және жал-
пы символикалық интеракционизмнің ең маңызды екі интеллектуалдық негізі 
ретінде прагматизм философиясы (D. Elliot, 2007) мен психологиялық бихе-
виоризмді қарастыруға болады (Joas, 1985; Rock, 1979).
Прагматизм
Прагматизм – кең ауқымды философиялық қағида,
1
біз соған негізделе оты-
рып, Мидтің өскелең әлеуметтану бағдарына ықпал еткен бірнеше бағыт-
тарды анықтай аламыз (Charon, 2000; Joas, 1993). Біріншіден, прагматиктер 
үшін шы найылық бұл дүниеден «тыс» бола алмайды, ол «біздің осы дүниеге 
қатысты іс-әрекетіміз арқылы қалыптасады» деген қағида маңызды (Hewitt 
and Shulman, 2011:6; Shalin, 1986). Екіншіден, акторлар қоршаған орта туралы 
ұғым-түсініктерін тұрмыс-тіршілікке пайдасы бар деп таныған заттар арқы-
лы қалыптастырады. Олар бұдан әрі тиімсіз заттарды өзгертуге бейім келеді. 
Үшіншіден, адамдар әлеуметтік және физикалық объектілерді тұрмыс-тірші-
лікте қолдануына байланысты анықтап отырады. Сайып келгенде, біз адам-
дарды түсінгіміз келсе, олардың, шынында да, бұл өмірде не істеп жүргендерін 
ұғынуымыз керек. Символикалық интеракционизм үшін мынадай үш қағида 
аса маңызды болып табылады: 1) адам мен әлем арасындағы өзара әрекеттесу-
ге назар аудару; 2) адамды да, әлемді де статикалық құрылымдар емес, дина-


358
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ми калық процестер ретінде қарастыру; 3) адамның әлеуметтік әлемді түсіндіре 
білу қабілетінің маңыздылығы.
Соңғы қағида философиялық прагматист Джон Дьюидің (Jacobs, 2007; 
Sjoberg, 1997) еңбегінде көп рет қайталанады. Дьюи ақылды зат немесе құры-
лым ретінде емес, бірнеше кезеңнен тұратын ойлау процесі деп түсінді. Бұл ке-
зеңдер әлеуметтік әлемнің объектілерін анықтаудан, мінез-құлықтың мүмкін 
болатын түрлерін айқындаудан, әрекеттің балама беталыстарының салдарын 
елестетуден, ықтималдығы төмен мүмкіндіктерді жоққа шығарудан және со-
ңында әрекет етудің қолайлы әдісін таңдаудан тұрады (Sheldon Stryker, 1980). 
Бұл ілімнің ойлау процесіне басымдық беруі символикалық интеракционизм-
нің дамуында шешуші рөл атқарды.
Дэвид Льюис пен Ричард Смит символикалық интеракционизмнің дамуын-
да Мидке қарағанда Дьюидің анағұрлым ықпалды болғанын тұжырымдайды 
(along with William James; see Musolf, 1994). Олардың өз ойларында шарықтап 
кеткені соншалықты – «Мидтің жұмысы Чикагода қалыптасқан жас әлеумет-
танудың аясында перифериялық сипатты иеленді» деп пікір білдіре бастады 
(Lewis and Smith, 1980:xix). Аталмыш дәйекті ұсына отырып, олар прагматизм-
нің екі бағытын, яғни «философиялық реализм» (Мидпен байланысты) мен 
«номиналистік прагматизмді» (Дьюи және Джэймспен байланысты) анықта-
ды. Олар символикалық интеракционизмге номиналистік бағыт айрықша ық-
пал етті, ал философиялық реализммен ол тіпті үйлесімсіз болды деп санады. 
Номиналистік ұстанымда макродеңгейдегі құбылыстар көрініс тапқанымен, 
олар «адамдардың санасы мен әрекетіне дербес және шешуші түрде ықпал 
ете алмайды» деген пайымға негізделеді (Lewis and Smith, 1980:24). Басқаша 
айтқанда, аталмыш көзқарас «адамдарды өздерінің жеке мүдделері мен белгі-
лі уақытқа арналған жоспарларына сай қауымдастықтың нормаларын, рөлдері 
мен сенімдерін, т.б. қабылдайтын, бас тартатын, өзгертетін және өзгеше «анық-
тайтын» экзистенциалды ерікті агенттер деп» анықтайды (Lewis and Smith, 
1980:24). Әлеуметтік реалистер, керісінше, макродеңгейдегі құбылыстар қоғам 
мен оның жеке-дара психикалық үрдістерін қалыптастырып, бақылайтынына 
зейін қойып отыр. Ерікті агент болудың орнына, адамдарды және олардың та-
нымы мен мінез-құлықтарын ірі қауымдастық
2
бақылап отырады.
Осы айырмашылықты ескере отырып, Мид реалистік топтың ыңғайына 
жақынырақ үйлесіп, сәйкесінше, символикалық интеракционизм қабылдаған 
номиналистік бағытты жақсы игере алмады. Кейінгі даму үрдісінің негізгі тұл-
ғасы Герберт Блумер өзінің жұмысында Мидтік тәсілін қолданатыны туралы 
жариялағанымен, оны номиналист ретінде қабылдаған жөн. Теориялық тұрғы-
дан Льюис пен Смит олардың айырмашылықтарының мәнін түсінді:
«Блумер… психикалық интеракционизмге толық бет бұрып отыр… Мид-
тік бағыттағы әлеуметтік бихевиориске қарағанда психикалық интерак-
ционист символдардың мәні әмбебап және объективті емес деп есептей-
ді, ең дұрысы олардың мәні дара және субъективті, өйткені қабылдау-
шының «түсіндіруге» қатысты таңдауына байланысты олар символдарға 
«қоса тіркеледі».
(Lewis and Smith, 1980:172)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет