361
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
(Blumer, [1955] 1969:97). Сонымен қатар Блумер саналы және бейсаналы мотив-
терді қарасты ратындарды сынға алды. Ол әсіресе «акторларға
бақыланбайтын,
бағынуға көнбейтін тәуелсіз ойлау импульстері әсер етеді» деген тұжырымды
қолдамады. Акторлардың «ол» немесе «либидо» сияқты күштерге бағынуын
қарастыратын Фрейд теориясы Блумердің жоққа шығарған психологиялық
теорияларының мысалы болды. Ол акторлардың мән қалыптастырушы проце-
сіне, яғни олардың тұлға ретінде өзіндік болмысы
болатынын және өздерімен
өзара қатынаста болатынын назарға алмайтын психологиялық теорияның кез
келгеніне қарсы шықты.
Cондай-ақ Блумер «адамның іс-әрекеті ірі ауқымды сыртқы күштермен
анықталады» деген әлеуметтану теорияларын (әсіресе құрылымдық функцио-
нализмді) сынға алды. Бұл категорияның қатарына ол «әлеуметтік жүйе, әлеу-
меттік құрылым, мәдениет, мәртебелік ұстаным, әлеуметтік рөл, салт, инсти-
тут, ұжымдық түсінік, әлеуметтік жағдай, әлеуметтік норма мен құндылықтар»
сияқты әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени факторларға негіз-
делетін теорияларды қосты (Blumer, [1962] 1969:83). Әлеуметтану мен психо-
логия теориялары да шынайылықтың мәні мен
әлеуметтік құрылымының ма-
ңыздылығын есепке алмай отыр:
«Заттарға берілетін психологиялық және әлеуметтану түсініктеріне не
көңіл бөлінбейді, немесе олар адамның іс-әрекетін түсіндіру үшін қолда-
нылатын факторлардың үстемдігінен басылып қалады. Егер кімде-кім іс-
әрекеттің осы түрлері оларды қалыптастырушы факторлардың нәтижесі
деп
айтатын болса, онда адамның, бағдарланып әрекет ететін объектілер-
дің мәнін зерттеудің қажеті жоқ».
(Blumer, 1969b:3)
Достарыңызбен бөлісу: