Алеуметтану тероиясы indb


Топтар және қауымдастықтар



Pdf көрінісі
бет285/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Топтар және қауымдастықтар
Символикалық интеракционистер, негізінен, өзге әлеуметтанушылардың мак-
роқұрылымды зерттеуге деген ынталарын қатаң сынға алады. Пол Роктың пікі-
рінше, «интеракционизм микроәлеуметтану көзқарастарының басым бө лігін... 
интеллектуалды талдауға келмейтін сенімсіз әрі ұшқары метафизика ретінде 
жоққа шығарады» (Rock, 1979:238). Дмитрий Шалин: «Интеракционизм тарапы-
нан айтылған сын сыртқы, уақыттан тыс, әрқашанда айқын әрі өзгермейтін әлеу-
меттік тәртіптің классикалық әдісіне бағытталған», – дейді (Shalin, 1986:14). Рок 
сондай-ақ былай дейді: «Ол символикалық интер ак ционизм әлеуметтік құры-
лым ұғымынан алшақтамаса да, әлеуметтік ме та форалардың қызметі мен про-
цесіне аса назар аудармайды» (Rock, 1979:50).
Блумер «адамдардың әлеуметтік әрекеті өздері тап болған жағдайды ұғы-
нуларына қарай жасалған іс-қимыл емес, сыртқы процесс немесе оларға ықпал 
ететін күштің көрінісі ретінде қарастырылатын әлеуметтану детерменизмін» 
сынға алатындардың алдыңғы қатарында екенін жасырмайды ([1962] 1969:84). 
Ірі әлеуметтік құрылымдардың ықпалына баса мән берудің нәтижесінде дәс-
түрлі әлеуметтанушылар қазіргі субъектілер мен ықпалдастық жайлы сим во-
ликалық интеракционистерден басқаша болжамға келді. Дәстүрлі әлеуметта-
нушылар акторларды жағдайға белсенді ықпал етушілер ретінде қарас тырудың 
орнына, нақты қазіргі субъектілерді «қоғамдық немесе жалпы дең гейдегі бей-
қам роботтар» сипатында талдауға бейім. Символикалық интеракционистер 
детерменизм мен акторларға деген механикалық көзқарастардан аулақ бола-
мыз деп, Блумер көрсетіп берген ірі әлеуметтік құрылымға қатысты дәстүрлі 
көзқарастан басқаша көзқарасты ұстанды. Блумердің айтуынша, қоғам мак-
роқұрылымнан тұрмайды. Қоғамның мәнісі субъект пен оның әрекетінде жа-
тыр: «Адамзат қоғамы – белсенді адам дардың ортасы, ал қоғам өмірі солардың 
әрекетінен тұру қажет» (Blumer, 1962:85). Адамзат қоғамы – ол әрекет: топтың 
өмірі «үздіксіз әрекеттер кешені». Дегенмен қоғам көптеген оқшау әрекеттер-
ден тұрмайды. Сонымен қатар «әр кім өзі үшін ғана емес, бір-бірі үшін маңыз-
ды болып, өз әрекеттерін бір-біріне ұштастыратын индивидтерден» тұрады
(Blumer, 1969b:16). Бұл Мидтің әлеу мет тік әрекет деп, ал Блумердің біріккен 
әрекет деп атаған ұғымына сай келеді.
Блумер ірі құрылымдардың микропроцестерден пайда болатынына жүгіне-


380
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тін идеяны қабылдады (Morrione, 1988). Мейнстің пайымдауынша, «ірі ауқым-
ды ұйымдарға қатысты блумерлік тәсілді ұғынудың кілті оның біріккен әрекет 
тұжырымдамасында жатыр» (Maines, 1988:46). Біріккен әрекет тек жеке әре-
кеттердің жиынтығы ғана емес, оның өз сипаты бар. Біріккен әрекеттің актор-
лар мен оның әрекетіне сырттай немесе мәжбүрлі сипат бермейді, ол актор мен 
оның әрекеті арқылы құрылады. Блумердің көзқарасынша, біріккен әрекетті 
зерттеу – бұл әлеуметтанушының саласы.
Осы пайымдар арқылы біріккен әрекеттің икемді екенін, яғни қоғам актор-
лардың қалауына қарай әртүрлі бола алатынын ұғынуға болады. Дегенмен Блу-
мер алыс кетуге даяр емес еді. Ол біріккен әрекет аясында болатын әрбір жағ-
дайдың қайталану қажеттілігін пайымдады, алайда біріккен әрекеттің «қабыл-
данған және қайталанып отыратын формасы» барын да мойындады (Blumer, 
1969b:17). Сонымен қатар көптеген біріккен әрекеттер үздіксіз қайталанып 
отырады. Блумер мұндай әрекеттерді мәдениет пен әлеуметтік тәртіп сияқты 
жүйелердің бағыттайтынын да атап өтеді.
Блумер ірі құрылымдардың бар екенін және олардың маңыздылығы барын 
алға тартуы мүмкін. Мұнда Блумер, Мид секілді ([1934] 1962), бұл құрылым-
дардың маңызды екенін айтады. Алайда символикалық интеракционизмде 
мұндай құрылымдардың рөлі шектеулі. Бір жағынан, Блумер көп жағдай-
да, ішінде әлеуметтік өмірдің, әрекет пен өзара әрекеттесудің басты аспек-
тілері бар «өзекке» қарағанда ірі құрылымның маңызын жоғары бағалады
(Blumer, [1962] 1969:87). Ірі құрылымдар, шынымен де, әрекеттердің шарттары 
мен тыйымдарын анықтайды. Оның көзқарасы бойынша, адамдар қоғамның 
аясында әрекет етпейді, дәлірегі, олар белгілі бір жағдайдың аясында әрекет 
етеді. Ірі құрылымдар индивидтер әрекет ететін жағдайды қалыптастыраты-
нымен маңызды, сонымен қатар акторлардың әрекет етуіне мүмкіндік беретін 
символдардың жиынтығымен қамтамасыз етеді.
Тіпті Блумер адами әрекеттердің қалыптасқан үлгісін қарастыру барысын-
да «алдын ала ұйғарылмаған тәртіптер саласы біріккен әрекеттің қабылданған 
және нақты орындалатын ұйғарымдар саласы сияқты табиғи, туа біткен және 
адамның қоғамдық өмірінде қайталанып отыратынын» түсіндіруге асықты 
(Blumer, 1969b:18). Көптеген ұйғарылмаған салалардан басқа, ұйғарылған са-
лаларда да біріккен әрекет дәйекті түрде жүйеленіп, қайта құрылуы қажет.
Акторлар жүйелеу және қайта құру барысында ортақ қабылданған мәндерді 
басшылыққа алады, бірақ оларға негізделмейді. Актор оларды қабылдап қана 
қоймай, тіпті тиісті дәрежеде өзгерте де алады. Блумердің ойынша, «ереже 
емес, ұжымдық өмірдің әлеуметтік процесі ережелерді қалыптастырып, қол-
дайды» (Blumer, 1969:19).
Шелдон Страйкер Блумердің микропроцесс пен микроқұрылымға қатыс-
ты пікірімен келіспей, символикалық интеракционизмге байланысты өзінің 
жалпы ойын былай тұжырымдады: «Қанағаттанарлық теориялық база әлеу-
меттік құрылым мен жеке тұлғаны біріктіріп, жеке деңгейден ірі әлеуметтік 
құрылымға өте алатындай болуы керек... ұйымдар мен жеке тұлға арасындағы 
қимылды жеңілдететін концептуалды негіз болуы қажет» (Strykey, 1980:53).
(Перинбанайагам өзара ұқсас әдістерді үйлестіру арқылы символикалық ин-
теракционизмнің мақсатын айқындады: «құрылым мен мағынаның, өзіндік 
мән мен диалектикалық интеракционизмге алып келетін өзге де болмыс диа-
лектикасының бар болуы» [Perinbanayagam, 1985:xv]). Мидтің символикалық 


381
9-тарау

Символикалық интеракционизм
интерак цио низміне қоса, Страйкер өзінің жеке тәсілін құрды, алайда ең бас-
тысы рөлдік теорияны қолдана отырып, қоғамдық деңгейге қатысты кеңейтуге 
тырысты:
«Бұл нұсқа Мидтен басталады, әрі қарай әлеуметтік индивид пен әлеу-
меттік құрылымның өзара әрекеттесуін дұрыс қарастыру мақсатында 
рөлдік теорияның ұғымдары мен қағидаларын енгізу үшін Мидтің шең-
берінен шығады. Осы өзара әрекеттесудің байланысы интеракция бо лып 
отыр. Дәл осы әлеуметтік процесс мәнмәтінінде, яғни нақты актор лар-
дың басын біріктіретін интеракцияның үздіксіз үрдіс тері ая сында әлеу-
меттік құрылым өзара әрекеттесуді байланыстыратын және бағыттайтын 
өзіндік мән тұжырымдамасын, жағдайларды анықтау мен мінез-құлық 
мүмкіндіктерін және сценарийлерді шектеу үшін әрекет етеді». 
(Sheldon Stryker, 1980:52)
Страйкер өз тәсілдерін сегіз ортақ қағида шеңберінде дамытты:
1. Адамның әрекеті атау мен классификациялық әлемге тәуелді. Мұндай 
әлемде акторлар үшін атау мен классификациялар белгілі бір маңызға ие. 
Өзара әрекеттесу арқылы адамдар әлемді классификациялап, сонымен 
қатар өздерін қалай ұстау керектігін үйренеді.
2. Адамдар үйренетін маңызды нәрселердің ішінде әлеуметтік ұстанымды 
көрсететін символдар бар. Мұндағы ең маңыздысы, Страйкер ұста ным-
дар ды құрылым тұрғысынан түсінді: «Ол – әлеуметтік құрылымның бір-
шама тұрақты морфологиялық компоненттері» (Stryker, 1980:54). Соны-
мен қатар Страйкер рөлдердің маңыздылығын атап, оларды әлеуметтік 
ұста нымдармен байланысты мінез-құлықтық болжам деп қабылдады.
3. Страйкер өзге де символикалық интеракционистер секілді, ірі әлеумет-
тік құрылымды мінез-құлықтың ұйымдастырылған модельдері тұрғысы-
нан қарастыруға бейім болғанымен, ол оның маңыздылығын мойындады. 
Оның үстіне, ол өзінің талдау жұмысында әлеуметтік құрылымды адам-
дардың әрекет ететін «шеңбері» аясында ғана қарастырды. Бұл құры лым-
ның аясында адамдар бір-біріне атау береді, яғни бір-бірін ұстаным иесі 
ретінде таниды. Осылайша адамдар әрқайсысына қатысты тиісті әрекет 
ету туралы өзара болжам жасайды.
4. Адамдар осы контексте әрекет ете отырып, бір-бірін ғана емес, со-
нымен қатар өздеріне де атау береді, яғни өз ұстанымдық атауларын 
қабылдайды. Өздерінше атау өзіндік мәннің, өздерінің мінез-құл-
қына қатысты интернализацияланған болжамның құрамдас бөлігіне
айналады.
5. Өзара әрекеттесу барысында адамдар жағдайды басқа қатысушыларға, 
өздері мен жағдайдың жеке элементтеріне атау қолдану арқылы анық-
тайды. Кейін акторлар осы анықтамаларды өз әрекеттерін ұйымдастыру 
барысында қолданады.


382
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Эрвинг Гоффман атақ-даңқы шарықтап келе жат қан 
кезде 1982 жылы, дүниеден озды. Ол көптеген жылдар 
бойы әлеуметтану теориясының басты тұлғаларының 
бірі болды. Гоффман Калифорния штатындағы Беркли 
университетінің беделді саналатын әлеуметтану бөлі-
мінің профессоры бола жүріп, зор атаққа ие болды
кейіннен әйгілі Пенсильвания университетінде жоғары 
қызметте істеді.
1980 жылы ол өзін озық ойлы теорияшыл ретінде 
танытты. Қайтыс болар жылы Америка әлеуметтану 
қауымдастығының президенті болып сайланып, алай-
да ауруы асқынып кетуі салдарынан бұл қызметті ат-
қара алмады. Рэндалл Коллинз Гоффманның жоғары 
бе делін ескере отырып, оның жолдауы жайлы былай 
дей ді: «Барлығымызды Гоффманның президенттік жол-
дауға қалай дайындалып келетіні қызықтырды, қарапа-
йым тұсаукесер рәсімі оның мәртебесіне сай емес еді... 
Алайда біз одан мүлдем күтпеген өзгеше хабар алдық: 
президенттік жолдау болмайды, Гоффман хал үстінде. 
Бұл жағдайдан құтылып шығудың гоффмандық тәсілі 
еді» (1986b:112).
Гоффман 1922 жылы 11 маусымда Альберт провинциясында (Канада) дүниеге келген
(S. Williams, 1986). Чикаго университетінде жоғары дәрежеге ие болғандықтан, оны жиі Чи-
каго мектебінің өкілі және символикалық интеракционист деп атайды. Алайда қайтыс болар 
алдында одан: «Өзіңізді символикалық интеракциониспін деп санайсыз ба?» – деп сұрағанда, 
өзін осы категорияға жатқызу үшін бұл ұғымның тым бұлыңғыр екенін айтып жауап берген еді
(Manning, 1992). Негізінен, оның шығармашылығын белгілі бір теориялар тобына жатқызу қиын. 
Гоффман өзінің теориялық көзқарастарын қалыптастыру барысында көптеген мәліметтерге сү-
йеніп, өзіндік ерекше тәсіл қолданған еді.
Рэндалл Коллинз (Collins, 1986b; Williams, 1986) Гоффманды символикалық интеракционизмге 
қарағанда көбіне әлеуметтік антропологиямен байланыстырады. Гоффман Торонто универси-
тетінің студенті болған кезінде антропологияны зерттеп, Чикагода символикалық интеракцио-
нистермен емес, антрополог У. Ллойд Уорнермен (Collins, 1986b:109) үнемі байланыста болды. 
Коллинз ол туралы: «Гоффманның бұрынғы жұмыстарындағы дәйексөздерді зерттей отырып, 
оның әлеуметтік антропологтердің әсерінде болғанына көз жеткіземіз және символикалық 
интеракционистерге сирек сілтеме жасайтын, сілтеме жасаған күннің өзінде тек сынға алу мақ-
сатында ғана жасаған, – дейді. – Бірақ Чикагода жүргізілген сипаттама зерттеулер Гоффманға 
ықпал етіп, оларды әлеуметтік-антропологиялық дүниетаныммен біріктіріп, өзгелерден ерек-
ше тәсілді ойластырды. Осылайша символикалық интеракционист адамдардың өз имиджін 
қалыптастырып немесе талқылағанына тек сырттай ғана қарап тұрса, Гоффманды «қоғамның... 
адамдарды белгілі бір бейнені қалыптастыруға мәжбүрлеуі... сондай-ақ ол бізді көптеген күр-
делі рөлден өзгесіне өтуге мәжбүрлеумен қатар, өтірікші, арсыз етіп шығаратыны» қызықтыр-
ды» (Collins, 1986a:107).
Гоффманның талдау тәсілінің ерекшелігі символикалық интеракционизмнің дамуына да, этно-
әдіснаманың қалыптасуына да айрықша әсер етті. Коллинз Гоффманды этноәдіснаманың ғана 
емес, конверсациялық талдаудың қалыптасуына да зор үлес қосқан айтулы тұлғалардың бірі 
деп бағалады: «Дәл осы Гоффман бірінші рет мұқият эмпирикалық зерттеулермен айналысты, 
алайда бақылау арқылы ғана зерттеу жұмысын жүргізді, себебі әлі магнитофон мен видеомаг-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет