Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет290/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

«Күнделікті өмірде өзін-өзі көрсету» дегеніміз, адамдардың өзгелерді ат-
тап өтіп, жеке немесе топпен бірге өздерінің жеке мақсаттарын көздеуін 
білдіреді… Мұнда жеке тұлға өзінің арсыз «менін» жасыратын қойылым-
дарға арналған маскалар жинағы ретінде қарастырылады».
(Manning, 1992:44) 


389
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Мэннинг гоффмандық тәсілдің аспектілерін сипаттау үшін «екі «мен» тези-
сін» алға тартады: мұнда адамдардың бойында «қойылымға арналған сыртқы 
«мені» мен құпия «меннің» болуы.
Рөлдік дистанция. Гоффманды (1961) жеке тұлғаның аталмыш рөлді меңге-
ру деңгейі қызықтырды. Оның көзқарасы бойынша, рөлдердің тым көп болуына 
байланысты, белгілі бір рөлді тұтас игергендер аз. Рөлдік дистанция адамның өз 
ойнаған рөлінен бөліну деңгейін білдіреді. Мысалы, ересек балалар әткеншек 
тебуге барса, әткеншектен ләззат алуға өздерінің тым үлкен екенін түсінеді. 
Осы сезімді жасырудың жалғыз жолы – әткеншек тебу барысында қауіпті қи-
мылдар жасай отырып, рөлден алшақтағанын көрсету. Ересек балалар, негізі-
нен, осы әрекеттерді жасай отырып, қалың көпшілікке кішкентай балалар сияқ-
ты оған аса қызықпайтынын, қызықса да тек ерекше қимылдар жасау үшін ғана 
барғанын көрсеткілері келеді.
Рөлдік дистанцияның әлеуметтік дәреже функциясы екені – Гоффманның 
негізгі қорытындыларының бірі. Жоғары мәртебесі бар адамдар көбінесе тө-
менгі дәрежедегі адамдарға тән сипаттардан ерекше рөлдік дистанцияны ұс та-
нады. Мысалы, жоғары дәрежедегі хирург операция жасап жатқан бір топ дәрі-
герлердің жұмысын жеңілдету үшін операция бөлмесінде рөлдік дистанцияда 
болуы мүмкін. Төмен дәрежедегі адамдар әдетте рөлдік дистанцияда қорғану 
ұстанымында болады. Мысалы, дәретхана жуушы өз жұмысын маужыраған 
бейжай күйде жасауы мүмкін. Бәлкім ол аудиторияға бұл жұмыстың өзіне ла-
йықты еместігін көрсеткісі келетін болар.
Стигма. Гоффман (1963) адам «нақты әлеуметтік бірегейлік» болуы керек 
пе немесе «шынайы әлеуметтік бірегейлік» болуы керек пе – міне, осы екеуі-
нің айырмашылығын қарастырды. Осы екі бірегейліктің арасында алшақтығы 
бар кез келген адам «таңбаланады». Қалыпты және таңбаланған адамдардың 
арасындағы театрландырылған өзара қарым-қатынас «стигма» ұғымы арқы-
лы айқындалады. Мұндай өзара әрекеттесудің табиғаты адамның осы екі кате-
горияның қайсысына жататынына байланысты. Дискредитацияланған стиг ма 
(кемістік) жағдайында орындаушы аталмыш айырмашылықтың ау дитория мү-
шелеріне белгілі немесе оларға айқын болғанын (мысалы, сал аурулар немесе 
аяқ-қолы жоқтар) тұспалдайды. Дискредитацияланған стиг мада аудитория мү-
шелеріне айырмашылықтар белгілі емес немесе олар оны сезініп отырған жоқ 
(мысалы, адам жезөкшелікпен айналысқан немесе гомо сексуалды байланыста 
болған). Дискредитацияланған стигмасы бар адамның бетпе-бет келетін негізгі 
қиындығы – кемістігі әшкере болған жағдайда қоғам тарапынан болатын қы-
сымды жеңуге байланысты туындайды. Сондықтан дискредитацияланған стиг-
масы бар адам бойындағы мінін қоғамнан барынша жасырып-жабуға тырысады. 
(For a discussion of how the homeless deal with stigma, see Anderson, Snow, and 
Cress, 1994).
 
Гоффман стигмасының негізгі мәтіні көбіне айқын гротескілі стигмасы 
бар адамдарға (мысалы, мұрнының жоқтығы) арналған. Алайда кітапты 
оқу барысында оқырман Гоффманның, негізінде, белгілі бір уақытта, бел-
гілі бір жағдайда барлығымыздың стигмамыз болғанын айтып отырғанын 
түсінеді. Мысал ретінде ол еврейлердің христиандық қоғамның арасына 
«кіруін», толық адамның салмағы орташа адамдардың арасына кіруін және 


390
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
үнемі өтірік айтып, сол өтірігін аудиторияның білмейтініне сеніп жүргенін
келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет