Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет292/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Эмоциялар әлеуметтануы
1970 жылдардан бастап эмоциялар әлеуметтануы жалпы әлеуметтану мен 
әлеуметтік теорияның негізгі зерттеу саласына айналды (Kemper, 1990; Turner 
and Stets, 2005). Бұл жаңа бағыт мәдениет саласындағы әлеуметтанушылар-
дың, эволюциялық әлеуметтанушылардың, құрылымдық теорияшылар мен 
микроәлеуметтанулық теорияшылардың алмасу теориясы, сөйлесулерді тал-
дау мен символикалық интеракционизм сияқты салаларға қосқан үлестері-
нен бастау алып, кең өріс жайды. Шын мәнінде де, Тернер мен Стец те (2005) 
«эмоцияларды зерттеу қазіргі микроәлеуметтанудың алдыңғы сапында тұр» 
деп ұйғарды.
Эмоция деген не? 
Эмоциялар әлеуметтануының негізін қалаушыларының бірі Арли Хохшильд 
([1983] 2003) өткен ғасырда эмоциялардың екі негізгі үлгісі болғанын атап 
өткен еді. Эмоцияның органикалық үлгісі Чарльз Дарвин, Уильям Джэймс пен 
Зигмунд Фрейдтің еңбектерінде егжей-тегжейлі зерттелді. Бұл үлгі эмо ция-
ларды әдетте биологиялық қырынан қарастырып, кейбір эмоциялардың әм-
бебап болып келетінін атап өтеді. Мысалы, Тернер мен Стец (2005) өздерінің 
эмоциялар туралы әдеби шолуында қорқыныш, ашу, бақыт пен қайғыны бірін-
ші кезектегі әмбебап эмоциялар ретінде бірегейлендіреді. Орга никалық үлгіде 
эмоциялар инстинкті басшылыққа алады, ал оның негізгі сипаты формалауға 
келмейтін әлеуметтік факторлар болып қала береді. Мысалы, бақыт ұғымының 
өзі көрініс табатын мәдениетке немесе әлеуметтік кеңістікке ешқандай байла-
нысы жоқ. Осы үлгі эмоция пассивті болады деген басқа тұ жырыммен байла-
нысты. Эмоцияларды басынан кешіріп отырған адамдар сол мезетте оны меңге-
ріп немесе өзгерте алмайды.
Өзара әрекеттесу үлгісі Джон Дьюи, Ханс Герт, К. Райт Миллс пен Эрвинг 


393
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Гоффманның жұмыстарында көрсетілген. Дегенмен, Хохшильд айтқандай, 
интеракционистер эмоциялардың қандай да бір құрамдас бөлігі биологиялық 
болып келетінімен келіседі. Сонымен қатар олар былай дейді: «Әлеуметтік 
факторларда кейін немесе дейін деген түсінік жоқ, олар эмоцияларды бастан 
кешіру барысында өздігінен араласып отырады» ([1983] 2003:221). Бұл, өз ке-
зегінде, адамдардың эмоцияларға селқос ықылас танытуы емес, керісінше эмо-
циялармен белсенді өзара әрекеттесуін әйгілейді. Бұл сондай-ақ тәжірибе мен 
эмоциялардың көрініс табуы мәдени шарттарға және әлеуметтік кеңістікке 
байланысты өзгеріп отыратынын пайымдауға мүмкіндік береді.
Эмоцияларға қатысты жүргізілген символикалық интерактивтік жұмыс 
Хохшильдтің интерактивті үлгісінің ерекшеліктерін айрықша, даралап көр-
сетеді. Ерте символикалық интеракционистердің көбі белгілі бір дәрежеде 
эмоцияларға көңіл аударады. Мысалы, Мид «Сана, өзіндік мән және қо-
ғамның» бірнеше үзінділерін эмоциялар мен символдардың қарым-қатына-
сына арнады. Ол вокалдық ымның көбі эмоциялы сипат иеленетінін айтқан 
болатын. Алайда символдарға қарағанда, вокалдық ым ның эмоционалды құ-
рамдас бөлігі біздің санамызда ондай жауапты әрекетті қалыптастырмайды. 
Адамдар басқаларға ашуланған жағдайда олар ашуланған бөтен біреудің тә-
жірибесін басынан кешірмейді. Демек, бұл Мидтің «адамның бойында бірдей 
эмоциялы сезімдерді оятуға арналған өз болмысын көрсетудің бірнеше түрі 
бар» дегенін дәлелдей түседі. Мысалы, поэзия ақын мен оның тыңдарманда-
рының эмоциялы жауабын қалыптастыру үшін белгілі бір символдарды пай-
даланады. Чарлз Кулидің айнадағы «мен» теориясы да эмоциялық құрамдас 
бөліктен тұрады. Еске сала кетсек, Кулидің теориясы бойынша, адамның 
өзін-өзі дамытуы үш кезеңді бастан өткереді (Гоффманға қатысты алдыңғы 
талқылауды қараңыз). Үшінші кезеңде, яғни адам басқалардың оны белгілі 
бір күйде қабылдайтынын мойындағанда, ол өзіндік сезімдерді, нақтырақ 
айтсақ, мақтану немесе ұялу сезімдерін басынан кеші реді. Гоффман (1967) 
эмоциялар мәселесін қозғай отырып, адамдар сәтсіз әре кетімен жұрт алдын-
да ұятқа қалмау үшін өзін-өзі жақсы жағынан көрсетуге әрдайым бейім еке-
нін атап өтті.
Бірақ осы аталған теориялар, символмен және тілмен алмасу теориясына 
қарағанда, эмоциялар әлеуметтік әрекеттесу үшін аса маңызды емес деп есеп-
тейді. Осы орайда символикалық интеракционизм теріс танымдық түсінік 
қалыптастырып, әлеуметтік шынайылықты бейнелеуде (символдарды қол-
данудың интернализациясы) символдың рөлін асыра бағалайды. Әрі қарай 
біз эмоциялар әлеуметтануының дамуына зор еңбек сіңірген екі теорияшыға, 
яғни Томас Шефф пен Арли Хохшильдке тоқталамыз. Екеуі де эмоцияларды 
әлеуметтік өзара әрекеттесу мен жалпы әлеуметтік ұйымдастырудың басты құ-
рамдас бөлігі ретінде қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет