Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет289/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Мистификация – бұл орындаушылардың қолданатын өзге әдістерінің бірі. 
Көбіне орындаушылар аудиториямен байланысты шектеу арқылы өз қойы-
лымдарын мистификациялауға тырысады. Қалың көпшілікпен «әлеуметтік 
арақашықтықты» ұстау арқылы халықтың құрметін тудыруға тырысып баға-
ды. Бұл, өз кезегінде, аудиторияның қойылым шынайылығына қатысты кү-
мәндарын сейілтеді. Мұнда Гоффман тағы да процесті орындаушымен «ара-
қашықтықты» сақтай отырып, қойылымның шынайылығына сеніп отырған 
қалың көпшіліктің қатысатынын көрсетіп отыр.
Бұл бізді командаға деген гоффмандық көзқарасқа алып келеді. Гоффман, 
символикалық интеракционист ретінде: «Нақты акторларға баса назар ауда-
ру – өзара әрекеттесу жайлы маңызды мәліметтерді бүркеп қалады», – дейді. 
Осылайша Гоффман үшін талдаудың негізі команда емес, тұлға болды. Ко-
манда – бұл белгілі бір тұрмыстық мәселелермен өзара әрекеттескен қойы-
лымдармен жұмыс жасайтын индивидтер тобы. Сөйтіп жоғарыда сипатталған 
аудитория мен орындаушының қарым-қатынасы жайлы пайымдар, негізінен, 
командаларға қатысты.
8
Команданың әрбір мүшесі өзгелерге тәуелді, себебі 
әрқайсысы қойы лымды бұзуы мүмкін және әрқайсысы бір қойылыммен жұ-


388
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
мыс жасап жатқандарын ұғынады. Гоффман «команда – бұл өзінше бір «құпия 
қоғам» деген қорытынды шығарды.
Сонымен қатар Гоффман сахнадан тыс аймақты да қарастырды, ол жерде ал-
дыңғы қатардағы жасырын фактілер немесе түрлі ресми емес іс-әрекеттер байқа-
луы мүмкін. Кулисалар әдетте авансахнаға жалғасқанымен, одан мүлдем алшақ. 
Орындаушылар, басты аудиторияның мүшелері кулисаға бармайтындарына то-
лық сене алады. Олар осыған көз жеткізу үшін әсерлерді басқарудың түрлі жолда-
рын қолданады. Егер орындаушылардың аудиторияның кулисада пайда болуын 
алдын алуға мүмкіндіктері жетпесе, қойылым күрделеніп кетеді. Сонымен қатар 
үшінші сала бар, ол – сыртқы аймақ, ол авансахнадан да, кулисадан да тыс.
Өмірдің бірде-бір саласы үнемі осы үш саланың бірі болып тұра бермейді. 
Оның үстіне, белгілі бір аймақ әр уақытта осы үш саланы да қамтиды. Про-
фессордың кеңсесі оған студент келгенде авансахна болады, студент кеткенде 
кулиса болса, ал профессор университеттегі баскетбол жарысына барғанда, 
сыртқы аймақ болады.
Әсерлерді басқару. Тұтастай алғанда, әсерлерді басқару (P. Manning, 2005c) – 
еріксіз ым, бей уақытта басып кіру және faux pas (жаңсақтық), сонымен қатар 
әдейі жасал ған әрекеттер, мысалы, шу көтеру сияқты күтпеген жағдайлардан 
қорғануға бағытталған әрекеттер. Гоффманды осындай мәселелерді шешудің 
әдістері қы зықтырды. Біріншіден, «драматургиялық адалдықты» бейнелеуге 
бағытталған бірнеше әдістер бар. Оған команда мүшелерін аудиториямен қо-
сылып кетпеуіне жол бермей, орындаушылар жайлы аса хабардар болмау үшін 
аудиторияны жиі алмастырып, топтық жасампаздықты барынша дамыту ар-
қылы қол жеткізуге болады. Екіншіден, Гоффман драматургиялық тәртіптің 
түрлі фор масын болжады. Мұнда адамның белгілі бір қойылым барысында 
мүлт кетпей, өзін жақсы ұстап, бет-әлпеті мен дауыс ырғағын басқаруы үшін 
«рухын» сақтап тұратын жағдайларды жатқызуға болады. Үшіншіден, ол дра-
ма тургиялық қырағылықтың түрлі типтерін бөліп қарастырды. Мысалы, олар: 
қойылымның сценарийін алдын ала анықтау, тосын жағдайларды жоспарлау, 
команданың сенімді мүшелерін іріктеу, тілектес аудиторияны таңдау, ауызбір-
лікті, тату командалардың құрамына кіру, ауди торияның жеке ақпаратқа қол-
жетімді болмауы және келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін іс-әрекеттердің 
бағдарламасы жайлы толық келісу.
Орындаушылар немесе орындаушылар командасы тарапынан әсерлер сәтті 
басқарылған жағдайда аудитория ұтады. Спектакльді сәтті алып шығу үшін 
аудитория оған аса қызығушылық танытып, назар аударып, эмоцияға беріл-
мей, мүлт кеткен жерлерді байқамай, жаңа орындаушыға деген ерекше құрме-
тін білдіреді.
Мэннинг «мен» ұғымының негізгі орынды алатынын ғана айтып қоймай, 
Гоффманның адамдарға қатысты дөрекілеу пікірін де нұсқады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет