399
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Жақсы сыйлық секілді сезімдердің алмасуы әлеуметтік облигациялардың өмір-
шеңдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан біз күнделікті өмірде өзгелерден белгілі
бір сезімді сезініп, сол өзгелерге өз сезімдерімізді сыйлаймыз: «сезімдер ереже-
сі адамдардың ыммен алмасуындағы міндеттерді орнатады» ([1983] 2003:76).
10
Бұл ережелер алдыңғы бөлімшелерде қарастырылған үстіртін әре кет пен терең
әрекеттерге де байланысты. Хохшильд үстіртін және терең әрекет арасындағы
айырмашылықты жақсы ажырата алатынын айтады. Кейбір жағдайларда сезім
ережелеріне сай келіп жатса, үстіртін ықпал арқылы да сезімдермен алмаса ала-
мыз. Біз саясаткердің өз жақтастарына жылы жүзбен қарауы тек үстіртін екенін
жақсы білеміз. Егер олар осы жұмысты қолдауға аз мөлшерде болса да ат са-
лысса, риза боламыз. Басқа жағдайларда махаббат дастаны сынды эмоциямен
алмасу әрекеті терең ойынды қажет етеді. Егер адам өз ғашығының шынайы
сезімін тудырмай, тек әрекет үстінде екенін сезінсе, мұны сезім мен алмасудың
сәйкессіздігі дейді.
Достарыңызбен бөлісу: