Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет297/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Сезімді коммерцияландыру 
Хохшильдтің еңбектерінің басты тақырыбы капитализмнің эмоцияларды бас-
қару үрдісіне ықпал етуі болып табылады. Бұрындары сезімдер ережесі күн де-
лікті өмір саласының ажырамас бөлігі болса, бүгінде сезімдер капитализмнің 
айла-амалдарымен анықталады. Ол біздің жеке және бейсаналы эмоциялары-
мыздың бірігіп, эмоциялық жүйелердің трансмутациясына ұшыраған проце-
сін атап көрсетеді. Өткен дәуірлердегі жеке эмоциялы жүйелер уақыт өте келе 
көпшілік және ұжымдық эмоциялар жүйесімен алмасып келе жатыр. Осы про-
цеске қатысты Хохшильдтің зерттеулеріне қысқаша шолу жасау нәтижесінде 
түрлі әдістер көрініс тапты, біз олар арқылы эмоцияларды микроәлеуметтік 
басқару мен макроәлеуметтік құрылым арасындағы өзара байланысты түсіне 
аламыз.
Хохшильд ([1983], 2003) ең алғашқылардың бірі болып әуе компаниясының 
стюардессаларын зерттеген өзінің танымал The Managed Heart («Басқарылатын 
жүрек») еңбегінде эмоцияларды коммерцияландыру мәселесін қарас тырды. 
Карл Маркс XVIII және XIX ғасырлардағы экономикалық өндірісті зерттей 
отырып, экономикалық құндылықтың екі қолмен еңбектену арқылы пай да бол-
ғанын пайымдады. Солтүстік Америкада, керісінше, экономикалық құндылық 
қызмет көрсету арқылы танылып отыр. Қызметтік жұмыс тардың басым көпші-
лігі эмоциялы еңбекпен байланысты.
Мысалы, әуе қызметтері саласында стюардессалар ұзақ уақыт бойы клиент-
тердің жағымсыз келбетіне қарамастан, жымиып тұрулары қажет. Ұшақ каби-
насындағы стюардессалардың жасайтын эмоциялық атмосферасы әуе компа-
ния сатып отырған өнімнің негізгі құраушы бөлігі.
Расымен де, Хохшильдтің еңбегі көрсеткеніндей, жолаушыларды тасымал-
дау саласының жетекшілері клиенттерге қандай сезімді паш ету қажет және 
сол сезімді тудыру үшін қандай әдістерді пайдалану керегіне қатысты нақты 
нұсқаулар береді. Қол еңбегі адамның ағзасына зиян келтірсе, қызметтік жұ-
мыс эмоциялар жүйесіне күш түсірді. Бір жағынан, эмоциялы еңбекті үстіртін 
әрекет ретінде қарастыруға болады және адам оның орындалуынан рөлдік ал-
шақтықты ұстануы мүмкін. Дегенмен Хохшильд ұжымдық эмоция лы жұмыс-
тың басым болып келе жатқаны біздің сезіну қабілетіміз бен өміріміздің өзге 


400
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
салаларындағы эмоцияның терең тұстарын анықтауға ықпал ететініне қауіп-
тенеді.
Хохшильд (1997, 2003) америкалық отбасылардағы жұмыс пен үйдің ара-
қатынасы жайлы өз зерттеулерінде аталған идеяны дамытты. «Amerco» атты 
компанияны зерттей отырып, Хохшильд өз жұмыстарында жұмыс пен үйдің 
арақатынасындағы әбігерді аңғарды. Дәстүрлі түрде, үйді демалатын, береке-
лі, қонақжайлық ортасы деп санағандар үйді қарбаласу мекені деп қарастыра 
бастады. Керісінше, олар жұмыс орнын демалыс орны деп есептеді: отбасылық 
өмір – жұмысқа, ал жұмыс «үйге» айнала бастады (2003:198). Оның ойынша, 
мұның басты бір себебі – корпоративті Америкадағы эмоциялы мәдениеттің 
трансформациясы болып табылады. Бұл жерде Хохшильд Энтони Гидденстің 
құры лымдық теориясына сүйенеді (13-тарауды қараңыз). Жеке-дара эмоция-
лар жалпы ұжымдық құрылымның біржақтылығымен анықталмайды. Дәлі-
регі, жайлылық пен бақыт сезімін бастан кешуге ықпал ететін ортаны қалып-
тастыру үшін мекемелер жеке адамдармен жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ: 
«эмоциялы мәдениет – бұл эмоциялар мен тіпті «қасиетті» деген сезімдерді 
туғызатын сезімдерді анықтайтын ережелер жайлы ұстаным, рәсімдер кешені» 
(2003:203). Әуе компаниясы кабинетінде қауіпсіздік пен жайлылық сыйлай-
тын стюардессалар секілді, америкалық заманауи корпорациялар да «отбасы» 
сияқ ты қасиетінен айырылған кеңістікке балама, қасиетті эмоциялы мәде-
ниетті қалыптастырды.
Хохшильд өзінің күту жұмысын зерттеуге қатысты еңбектерінің қатарына 
айрықша концептуалды жаңалықты ұсынып отыр. Мұнда ол өзінің жоғары-
да сипатталған теориялық жұмыстарында көрсетілген эмоциялық жүйелерді 
жаңа жаһандық әлеуметтік зерттеулермен байланыстырады. Ол күтімді былай 
анықтап береді:
«Мен «күтім» терминін әдеттегі қамқоршы мен күтім арасындағы эмо-
циялық байланысқа жатқызамын, мұнда қамқоршы басқа адамдардың 
игілігі үшін жауапкершілікті сезініп, осы міндетін орындау барысында 
ой, эмоциялық және физикалық еңбекке жүгінеді».
(2003:214)
Күтім бойынша жасалатын жұмыстар өткен кезеңнен бері Америкадағы 
әйелдер орындап келе жатқан міндеттерді қамтиды: отбасылық үйді күту, 
балалар күтімі, қарияларға қарау. Алайда орта таптағы америкалық отбасы-
лардың кірісі еселенгеннен, күтім жұмысы аутсорсингке беріледі: бала кү-
тушісі, медбикелер мен үй қараушысы балалар мен қарияларды күту үшін 
жалданды. Өздерінің туған елдерінде күнкөріс қиын болғаннан күтім сала-
сындағы жұмысшылар жаһандық желі арқылы өзге елдерге аттана баста-
ды. Көбінесе медицина саласындағы жұмысшылар үшінші әлем елдерінен 
шыққан әйелдер еді. Хохшильд осы мысалдар негізінде эмоциялы еңбектің 
марксистік теорияларын қолдана отырып, сезімдердің «үлестірілген ресурс-
тарға» айнала бастағанын пайымдайды (2003:191). Бұрындары капитализм 
үшінші әлемнің алтындары мен капиталды байлық көздеріне ие болса, қа-
зіргі таңда капитализм үшінші әлемнен сүйіспеншілік пен қамқорлықты 
алып отыр.


401
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Хохшильд жаһандық жүйені эмоцияларды басқарудың микроәлеуметтік 
тәжірибесімен байланыстыратын теорияны ұсынады, осы жаңа әлеуметтік құ-
рылымдар түптің түбінде әлемнің барлық адамдарының эмоциялық өмірі мен 
эмоциялы еңбектеріне еркін енетіні анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет