Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет293/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ұят: әлеуметтік эмоция 
Томас Шефф (2003) Чарлз Кули, Эрвинг Гоффман және психоаналитикалық 
теорияшы Хелен Льюистің эмоцияның ерекше динамикалық теориясын жасау 
жөніндегі жұмыстарының басын біріктірді. Шефф ерекше эмоциялардың сипа-
тын теориялық тұрғыдан маңызды деп санайды. Осыған байланысты әртүрлі 
эмоциялар әртүрлі жолмен әлеуметтік өзара әрекеттесуге араласады. Шефф 


394
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
мақтаныш сезіміне, әсіресе ұятқа зейін қойды, өйткені оларды әлеуметтік өзара 
әрекеттесуді түсіну үшін ең маңызды эмоциялар деп санады.
Шын мәнінде, өзінің бір шығармасында Шефф ұятты «әлеуметтік эмо-
цияның тұсаукесері» деп атады (2003:39).
9
Ол толықтай эмоциялар мен тек 
жеке-дара және биологиялық факторлармен сезілетін эмо циялар арасында-
ғы айырмашылықты меңзеп отыр. Мысалы, қорқыныш, алды мен, әлеуметтік 
бола алмайды, өйткені ол адам тәніне деген қауіптің төніп тұрғанын, білдіреді 
(2003:256). Сонымен, ол басқа адамдарға тәуелді болмай-ақ сыналуы мүмкін. 
Екінші жағынан, ұят басқа адамдардың қабылдайтын ой-пікірлеріне байланыс-
ты болып келеді, сәйкесінше, ол әлеуметтік эмоция болып табылады. Шефф 
ұятты былайша анықтайды:
«Ұят деп мен ұялу, қорлау және сонымен байланысты болып келетін 
қысылу сезімдерінен тұратын эмоциялардың үлкен тобын түсіндіремін. 
Олар, өз кезегінде, сәтсіздік сезімі немесе орынсыз әрекеттен туындай-
ды. Бұл танымдардың барлығы әлеуметтік байланыстың қауіп-қатерін 
сезінумен байланысты болып келеді».
(2000:96–97)
Дәйексөз көрсетіп отырғандай, ұят маңызды мәнге ие, өйткені ол әлеуметтік 
қарым-қатынаста болады. Атап айтқанда, Шефф ұяттың үш әдісін сипаттайды. 
Біріншіден, ол «моральдық гироскоп» ретінде жұмыс істейді, ол адамдарды тек 
мойындауға емес, сонымен қатар өздерінің әлеуметтік қылмыстарын сезінуге 
мәжбүрлейді (2003:254). Екіншіден, бұл қарым-қатынас қиындық туындаған-
да жиі пайда болады, осылайша әлеуметтік облигацияларды қалпына келтіру 
қажеттілігін білдіреді. Үшіншіден, ол барлық басқа эмоциялардың өрнегін рет-
тейді. Егер біз осы эмоцияның ұят сезіміне әкелетінін болжасақ, онда сүйіспен-
шілік, қорқыныш және ашу сезімдерін білдіре алмауымыз мүмкін.
Шефф теориясы микроәлеуметтік эмоциялық алмасулардың нышанын ай-
қындаумен құнды. Ол, Мид секілді, адамдар өзін-өзі бағалаудың үздіксіз күйін-
де, яғни «мен» және «өзім» көзқарастарының арасында теңселіп жүретінін бол-
жайды. Ол осы тұжырымдаманы өзге америкалық прагматик Чарльз Сандерс 
Пирстің жұмысына сүйене отырып, әрі қарай дамытады. Шефф (1997) өзара 
әрекеттесуде біз бір-ақ сәтте басқа адамдардың сыртқы іс-әрекеттерін бақы-
лап, олардың символикалық немесе эмоциялық болсын ішкі толқуларын елес-
тетінімізді атап көрсетті. Бұл процесте адамдар арасындағы өзара түсіністікті 
жақындастыруға болады, ол оны үйлестіру деп атайды. Адамдар бір-бірінің 
танымдық және эмоциялық жағдайларына бейімделе бастайды. Үйлестірудің 
жетістігі әлеуметтік байланысты қамтамасыз ету әдістерінің бірі болып табы-
лады. Адамдар бір-бірімен неғұрлым түсініскен сайын, әлеуметтік байланыс 
соғұрлым нығайып, мықты бола түседі. Әлеуметтік байланыс пен бейімделу 
әрекеттерін талқылау өте маңызды, өйткені ол Шеффтің эмоцияларға қатысты 
микроәлеуметтану теориясын макроәлеуметтану мәселелерімен ұштастырады. 
Ол: «Егер біз әлеуметтік байланыстың табиғатын түсінетін болсақ, онда біз қо-
ғамдардың анағұрлым кең ауқымда өзара байланысатынын түсіне бастауымыз 
мүмкін», – дейді. Бейнелеп айтсақ, Эмиль Дюркгеймнің дәстүріндегі эмоция-
ларды зерттеу дегеніміз, қоғамды біріктіретін желімді зерттеу болып табылады.


395
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Мақтаныш пен ұят сезімдері көңіл күйді ретке келтіру процесімен тығыз 
байланысты. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас барысында адамдар субъект - 
аралық түсіністікке ғана ұмтылмайды, бұл түсіністіктің өзі мақтаныш пен ұят 
сезімдеріне толтырылған. Өзара әрекеттесу жай ғана символдарды алмасумен 
шектелмейді, ең бастысы «сезімдермен алмасу» арқылы жүзеге асырылады. 
«Сезімдермен алмасу» процесі өзара әрекеттесудің бағытын көп жағдайда ерік-
сіз айқындайтын мақтаныш пен ұят арасындағы сезімдердің айнымалы қозға-
лысын қамтиды (Scheff, 1997:100, 102).
Гоффманға сүйене отырып (1967), Шефф «мұны дәріптеу эмоцияларының 
жүйесі» деп атайды. Әрбір алмасу, әрбір сөйлем, дауыстың әрбір интонациясы-
ның астарында құрметтеу және дәріптеу сезімдері жатады. Кейбір жағ дай лар да 
құрмет те көрсетіледі. Адам басқа біреуге құрмет көрсете отырып, мақтаныш 
сезімде болады. Құрмет көрсетілмеген жағдайда адам орынсыз әрекет танытып, 
өзін ұятты сезінуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет