Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет298/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Сын-пікірлер
Символикалық интеракционизмнің, соның ішінде Мид, Блумер, Гоффман 
және эмоция әлеуметтанушыларының идеяларын талдап, біз осы тұрғыдағы 
негізгі сындарды тізбектеп көрмекпіз.
Бірінші сын символикалық интеракционизмнің негізгі толқыны қарапайым 
ғылыми әдістерден жеңіл бас тарта салды дегенге саяды. Евгений Вайнштейн 
мен Джудит Танур осы ойға қатысты былай дейді: «Сана мазмұнының сапалы 
болуы олардың сыртқы белгілерінің жасырынып, топталып, тіпті есепке алы-
нуы дегенді білдірмейді» (1976:105). Ғылым мен субъективизм бірін-бірі жоққа 
шығармайды. Біз мұнда бұл ұғымды қарастырмағанымызбен, сонау Ман форд 
Куннан (1964) бастап Айова мектебінің символикалық интеракционистері ин-
теракционизмнің ғылыми нұсқасын әзірлеуге тырысты (Dan Miller, 2011).
Екіншіден, Манфорд Кун (1964), Уильям Колб (1944), Бернард Мельцер, 
Джеймс Петрас, Ларри Рейнольдс (1975) және т.б. ақыл, өзіндік мән, «мен» 
және «өзім» сияқты негізгі Мид тұжырымдамаларының дүдамалдығын сынға 
алады. Жалпы алғанда, Кун (1964) Мид теориясының екіұштылығы мен қара-
ма-қай шылықтары жайлы айтады. Мидтің теориясынан өзге, олар шатасып, 
айқын болмаған, соған сәйкес теория мен зерттеулерге берік негізді қамта-
масыз ете алмайтын символикалық өзара әрекеттесудің басты тұжырымда-
рын да сынға алады. Бұл ұғымдар анық болмағаннан, оларды іске қосу мүм-
кін емес: нәтижесінде қадағаланатын ұсыныстарға қол жеткізу мүмкін емес
(Sheldon Stryker, 1980).
Символикалық интеракционизмнің үшінші маңызды сыны кең ауқымды 
әлеуметтік құрылымдарды кішірейту немесе елемеу үрдісінен тұрады. Атал-
мыш сын түрлі сипатта көрініс тапты. Мысалы, Вайнштейн мен Танур симво-
ликалық интеракционизм нәтижелердің бір-бірімен байланысын елемейтінін 
пайым дайды: «Дәл осы біріктірілген нәтижелер әлеуметтанудағы өзара әре-
кетте судің эпизодтары арасындағы байланысты қалыптастырады... Әлеу-
меттік құрылым тұжырымдамасы қатынастардың тығыздығымен және күрде-
лілігімен күресу үшін қажет, солар арқылы өзара әрекеттесудің эпизодтары 
бір-бірі мен тығыз байланысқан» (1976:106). Шелдон Страйкер символикалық 
интер акционизмнің микродеңгейдегі назары «әлеуметтік құрылым фактілерін 
және қоғамның макродеңгейде ұйымдастырылған ерекшеліктерінің мінез-құ-
лыққа ықпалын барынша азайтып немесе оларды жоққа шығару үшін» қызмет 
ететінін айтады (1980:146).
Төртінші сын бойынша, символикалық интеракционизм қажетті деңгейде 
айқын емес, ол бейсаналық пен эмоция сияқты факторлардың маңызын есеп-
ке алмайды (Meltzer, Petras, Reynolds, 1975; Sheldon Stryker, 1980). Сондай-ақ
символикалық интеракционизм қажеттілік, ынта, ниет пен талап сияқты психо-
логиялық факторларды да жоққа шығарғаны үшін сынға алынды. Сим воли ка-
лық интеракционистер акторды әрекет етуге итермелейтін күштің ба рын жоққа 


402
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
шығаруға тырысып, мағыналарға, символдарға, әрекет пен өза ра әрекеттесуге 
баса мән берді. Олар акторды, олардың акторға қатысты ауқым ды қоғамдық 
шектеулерді елемеуімен тұспа-тұс келетін әрекеттерді ынталандыратын пси-
хологиялық факторларды жоққа шығарады. Екі жағдайда да символикалық 
интеракционистерді күнделікті өмірді тым жоғары қойғаны үшін қатаң сынға 
алады (Meltzer, Petras and Reynolds, 1975:85). Күнделікті өмірге аса мән беру, 
өз кезегінде, «уақытқа, эпизодтарға» сүйенген жағдайлардан арылуға алып ке-
леді (Meltzer, Petras and Reynolds, 1975:85).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет