414
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
әрекетке барғанын түсінуге тырысады. Этноәдіснамашы 2-ойыншының әреке-
тін tic-tac-toe ойынының күнделікті әлемі қалай қайта құрылатынын көру үшін
зерттейді.
Тағы бір тәжірибе жасау үшін Гарфинкель өз студенттерінен үйлерінде
15 минуттан бір сағатқа дейін өздерін
сноубордистерміз деп елестетіп, сол бо-
йынша әрекет жасауды өтінді. «Оларға өздерін сақ және сыпайы түрде ұстау-
ға нұсқау берілді. Олар жеке қатынастан бас тартып, ресми түрде
сөйлесуге,
сөйлескен кезде ғана сөйлеуге тиіс еді» (Garfinkel, 1967:47). Көп жағдайда от-
басы мүшелері мұндай мінез-құлықтан абдырап қалады: «Мәлімдемелер таң-
ғалу, қобалжу, есеңгіреу, қорқыныш, уайым
және ашулану сияқты сезімдерге,
сондай-ақ отбасы мүшелерінің студенттер сараң, зейінсіз, өзімшіл, жексұрын
немесе әдепсіз болды деген айыптарына толы болды» (Garfinkel, 1967:47). Бұл
реакциялар адамдардың өздерін жүріс-тұрыс туралы
парасатты болжамдарға
сәйкес әрекет ету қажеттігі қанша лықты маңызды екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: