ГАРОЛЬД ГАРФИНКЕЛЬ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ*
Luka Rajšić/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ commons/c/c1/Harold_Garfinkel.jpg
410
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ГАРОЛЬД ГАРФИНКЕЛЬ
немесе қабылдамау үшін қажет әдістер толғандырады (for more on this, see
Young, 1997).
Түсіндірмелер туралы ойды дамыта отырып, этноәдіснама өкілдері әлеу-
меттанушылардың басқалар сияқты «түсіндірмелер» ұсынатындарын атап ай-
тады. Демек, әлеуметтану жөніндегі зерттеулердің есептерін түсіндір ме ретінде
қарастыру және басқа да есеп беру сияқты талдау қажет. Әлеуметтану жайлы
мұндай көзқарас әлеуметтанушылардың ғана емес, сонымен қатар басқа да ға-
лымдардың қызметіне қатысты тұжырымды бұзады.
Әлеуметтану білімінің (шынында барлық ғылымдардың) қомақты үлесі
күнделікті білімге негізделген түсіндіруден тұрады. Соған сәйкес, этноәдіс-
наманың өкілдері әлеуметтанушылардың түсіндірмелерін кәсіпқой емес адам-
дардың түсіндірмелерін зерттеген сияқты, дәл сондай жолмен талдайды. Осы-
лайша этноәдіснамада әлеуметтанушылардың және басқа да ғалымдардың күн-
делікті өмірі сыни талдаудан өтеді.
Біз түсіндірмелерді бақыланатын және шешуді қажет ететін мәселелер тұр-
ғы сынан алғанда рефлексивті деп айта аламыз. Сөйтіп, біз адамдардың әре кет-
теориялық тұрғыда айналысқан әрекеттер мен түсіндірмелерді адекватты түрде сипат-
тау мәселесінің жаңа және айқын қырларын ашып берді».
(Rawls, 2011)
Соғыс аяқталғаннан кейін Гарфинкель оқуын Гарвардта жалғастырып, Толкотт Парсонстан тә-
лім алды. Егер Парсонс абстрактілі категориялар мен жалпылау ережелеріне айрықша көңіл
аударса, Гарфинкельді толық жете сипаттау қызықтырды. Гарфинкель әлеуметтануда едәуір
табысқа қол жеткізген кезде бұл мәселе аталған саладағы пікірталас тақырыбына айналды.
Дегенмен кейін оған теориялық бағдардың құндылығын дерексіз талқылаудан гөрі эмпири-
калық түрде дәлелдеу маңызды болды. Гарвардта студент бола тұра, Гарфинкель Принстонда
екі жыл сабақ берді. Доктор дәрежесін алған соң Огайо штатына көшіп барып, онда ұшақтар
мен сүңгуір қайықтарда жетекшілік етуді зерттеуге бағытталған жобада екі жыл жұмыс істеді.
Бұл зерттеу қаржының жетіспеуінен тоқтатылғаннан кейін Гарфинкель Канзас штаты, Вичита
қаласындағы, алқабилер қызметін зерттеу жөніндегі жобаға қосылды. Гарфинкель 1954 жылы,
Америка әлеуметтанушылары қауымдастығының кездесуіне орай дайындаған осы жоба тура-
лы баяндамасында, жалпы әлеуметтік өмірдегі назар аудартқан мәселелерді сипаттау үшін өзі
ойлап тапқан этноәдіснама терминін алқабилер талқысына ұсынды.
1954 жылдың күзінде Гарфинкель Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде мәртебелі
лауазымға ие болды және ол міндетін 1987 жылы зейнетке шыққанға дейін атқарды. Бастап-
қы күндерден-ақ өзінің семинарларында «этноәдіснама» терминін қолдануды жөн көрді. Ең
көрнекті шәкірттері Гарфинкельдің жолын жалғастырып, оның тәсілдерін Құрама Штаттарына
және бүкіл әлемге таратты. Әсіресе бұл ретте Харви Сакс, Иммануил Щеглофф және Джейл
Джефферсон сияқты әлеуметтанушылардан құралған топ айрықша белсенділік танытты. Олар
Гарфинкельдің ойларымен шабыттанып, этноәдіснаманың осы кездегі ең маңызды түрі – кон-
версациялық талдауды дамытты.
*Берілген биографиялық шолу Джордж Ритцер мен Джеффри Степницкийдің редакциясымен жарияланған «The Wiley-Black-
well Companion to Major Social Theorists: Volume II Contemporary Social Theorists» (Malden, MA and Oxford, UK: Wiley-Blackwell)
кітабындағы Анн Роулздың, 2011, «Harold Garfinkel» атты еңбегінің негізінде жазылған. (Malden, MA, and Oxford, UK: Wiley-
Blackwell). See also Maynard and Kardash (2007) and Rawls (2005b).
411
10-тарау
•
Этноәдіснама
терін сипаттауға ұмтыламыз деп, олар істегеннің барлығын ақырында өзгер тіп
тынамыз. Бұл әлеуметтанушыларға да, кәсіпқой емес адамдарға да қатысты
шындық. Әлеуметтік өмірді зерттеу және есеп беру процесінде әлеуметтану-
шылар зерттегендерін өзгеріске ұшыратады. Демек, субъектілер жете зерделеу-
дің объектісі болғандықтан және мінез-құлықтарының сипатта луына жауап ре-
тінде оларды өзгертеді (ұқсас ойды 13-бөлімнен қараңыз, Гид денстің «қосарлы
герменевтикасын» талқылау бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |