Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет304/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Конверсациялық талдау 
Этноәдіснаманың екінші түрі – конверсациялық талдау (Rawls, 2005a; Schegloff, 
2001).
2
Оның мақсаты – «әңгімелесу аясындағы өзара әрекеттесудің ірге лі құ-
рылымдарын егжей-тегжейлі ұғыну» (Zimmerman, 1988:429). Әңгіме лесу эт-
ноәдіснамалық тәсілдеменің негізгі элементі ретінде анықталады: «Әңгі меле-
су – тұрақты, ретті белгілерді бейнелейтін өзара әрекеттесу іскерлігі. Бел гі-
лер – әңгімелесушілердің талдауға болатын әрекеттерді орындауы (Zimmerman, 
1988:406; italics added). Әңгімелердің ережелері мен процедуралары болса да, 
олар айтылған сөзді анықтамайды, тек әңгімені «орындау» үшін қолданылады. 
Конверсациялық талдаудың басты тақырыбы – әңгімеге бөгет болатын сырт-
қы күштер емес, әңгімелесудің өзіне тән айтылған сөзге қойылатын шектеулер. 
Әңгімелер іштей бірізді, реттелген болып келеді.
Циммерман аталған зерттеу әдісінің бес басты қағидасын бөліп көрсетеді. 
Біріншіден, әңгімелесу жайлы егжей-тегжейлі мәліметтерді жинау және тал-
дау. Оған тек сөздер ғана емес, сонымен қатар «мүдіріс, үзілген жер, қайта бас-
тау, үндемеу, дем алу, жөтелу, пысқыру, күлу, күлуге ұқсас дыбыстар, үндес ек-
пін және т.б.» кіреді. Әдетте аудиотаспаға жазылған әрекеттермен тығыз бай-
ланысты «вербалды емес» мінез-құлықты айтпағанда, әңгімелесудің бейнежаз-
басы арқылы көруге мүмкін болатын әрекеттер (Zimmerman, 1988:413). Мұның 
барлығы – көп әңгімелердің құрамдас бөлігі және акторлар қолданатын әңгіме 
жүргізудің әдістемесі ретінде қарастырылады (Lynch, 1999).
Екіншіден, әңгімелесудің егжей-тегжейі де қатаң реттелген «орындау» деп 
ұйғарылуы тиіс. Әңгімелесудің мұндай жан-жақты қырларын тек этноәдісна-
ма өкілдері ғана ретке келтірмейді; ең алдымен, олар «әлеуметтік акторлардың 
әдістемелік әрекеттерімен ретке келтіріледі» (Zimmerman, 1988:415).
Үшіншіден, өзара әрекеттесуге жалпы алғанда және әңгімелесуге жеке ал-
ғанда, субъектілердің орындауын сипаттайтын тұрақтылық, реттілік қасиеттері 
тән. Этноәдіснама өкілдері әңгімелерді талдай отырып, оларды акторлардың 
когнитивті процесінен және әңгімелердің жүзеге асырылып жатқан жағдай лар-
дың кең контекстінен ажыратуға болатын автономды сипатта қарастырады. 
Төртіншіден, «әңгімелесудің іргелі құрылымы оның бірізді ұйымдастыры-
луы болып табылады» (Zimmerman, 1988:422). 
Бесіншіден, сәйкесінше, «конверсациялық өзара әрекеттесу барысы кезекті 
және жергілікті негізде жүргізіледі» (Zimmerman, 1988:423). Бұл жерде Цим-
мерман Херитидж (1984) ұсынған әңгімелесудің «мәнмәтін қалыптастыра-
тын» және «мәнмәтінді жаңғыртушы» түрлеріне меңзейді. Әңгімелер контекст


413
10-тарау

Этноәдіснама
негізінде қалыптасады, яғни кез келген уақытта айтылған сөз әңгіменің алдың-
ғы контексімен байланысты болады. Әңгімелесудің мәнмәтінді жаңғыртушы 
болып аталуы осы шақта айтылған сөздің алдағы мәнмәтіннің бөлігіне айнала-
тынымен түсіндіріледі.
Әдіснамалық тұрғыдан, әңгімелерді талдаушылар оларды тосын жағдайда 
аудио және бейнетаспаларға сүйене отырып зерттеуге бейім келеді. Осындай 
әдіс нәтижесінде зерттеуші ұсынған емес, күнделікті өмір-әлемінен тікелей 
келген ақпаратқа қол жеткізуге болады. Зерттеуші өзінің жазбаларына ғана 
сенім артқанның орнына, шынайы әңгімелесудің егжей-тегжейіне қайта-қайта 
оралып, зерттеуіне болады. Бұл тәсіл зерттеушінің әңгімелерді жан-жақты тал-
дауына мүмкіндік береді.
Этноәдіснама қарастырған бұл әңгімелесу тұлғааралық әрекеттесудің басқа 
барлық түрінің іргетасы деген ойға негізделеді (David Gibson, 2000). Бұл өзара 
әрекеттесудің ең кең тараған формасы және кез келген әңгімелесу «әлеуметтік 
тұрғыда ұйымдастырылған коммуникативтік тәжірибелер мен процедуралар-
дың біртұтас матрицасынан құралған» (Heritage and Atkinson, 1984:13).
Біз этноәдіснама туралы жалпы түсінік беруге тырыстық. Дегенмен оның 
мәні теориялық тұжырымдамаларында емес, эмпирикалық зерттеулерінде. 
Теория жағынан бізге мәлімнің барлығы сондай зерттеулерден алынған. Осы-
лайша біз оқырман этноәдіснаманың ерекшеліктерін көз алдына түсінікті дәре-
жеде елестетуі үшін сол зерттеулердің бірқатарына жүгінеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет