Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет307/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Гендерлік мәселе
Кез келген жыныс, ер немесе әйел болсын, биологиялық тұрғыдан негіз делге-
нін теріске шығаруға болмайтындай көрінеді. Адамдар өздерінің биоло гиялық 
табиғатына тән мінез-құлықтары арқылы танылады. Адамдар әдетте өздерінің 
гендерлік рөлін орындаушылар ретінде қарастырылмайды. Керісінше, жыныс-
тық айырмашылық – бұл нақты түрде керекті әрекеттерді орындау; адамдар 
өз жынысына сәйкес белгілі бір дағдымен сөйлесіп, әрекет етуі тиіс. Дегенмен 
еркек немесе әйел болып көріну үшін бір нәрсені жасауы немесе сөйлеуі міндет-
ті емес деп саналады. Этноәдіснама гендерлік мәселені зерттеп, кейбір ерекше 
нәтижелерге қол жеткізді (Stokoe, 2006).
Этноәдіснамалық көзқарасты Гарольд Гарфинкельдің (1967) осы бағдар-
лаудың тиімділігіне қатысты қазіргі классикалық мысалынан байқауға болады. 


416
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
1950 жылдары Гарфинкель Агнес есімді адаммен кездесті, ол, сөзсіз, әйел бо-
лып көрінді.
3
Сырт ажарында бір мін жоқ, идеал, пропорциялар әдемі үйлескен, 
шын сымбатты еді. Бет-әлпеті сұлу, терісі үлбіреген, бетінде бір тал түк жоқ, 
қастары керілген, ерніне далап жағып алған. Оның әйел екені даусыз. Әлде 
олай емес пе? Гарфинкель Агнестің ешқашан әйел болмағанын анық тады. Шын 
мәнінде, екеуі жолыққан кезде Агнес өзінің еркектің мүшесін алып тастап, ор-
нына әйелдің жыныс мүшесін салдыру үшін дәрігерлерге опе рация жасатқалы 
жүр екен (ақыр соңында өз дегеніне жетті). Агнестің дүниеге ер бала болып 
келгені анықталды. 
16 жасқа толғанға дейін барлық өлшем бойынша ұл болып саналды. Дәл осы 
жасында тосын бір нәрсе сезіліп, Агнес үйден қашып, қыз сияқты киінуге кіріс-
ті. Көп ұзамай ол әйел секілді киіну де жеткіліксіз екенін түсінді. Әйел сияқты 
сезіну үшін өзін әйел секілді ұстауға тура келді. Әрекет етуді үйренуге тырыс-
ты. Ақыры, осы қимылдарды үйренді, нәтижесінде әйел болып көріне бастады 
және өзін солай сезінді. Гарфинкель Агнеске қоғамдағы әйел секілді жұмыс іс-
теуге мүмкіндік берген тәжірибелерге қызығушылық танытты. Мұн дағы басты 
ұғым – біз жай ғана ер немесе әйел болып тумаймыз, біз ер немесе әйел ретінде 
көрінуге мүмкіндік беретін көпшілік мақұлдаған әрекеттерді үйреніп, күнде-
лікті қолданамыз. Біз осы әрекеттерді үйрену арқылы ғана әлеуметтік мағына-
да ер адам немесе әйел боламыз. Осылайша, тіпті тіркелген мәртебе деп сана-
латын гендер секілді санаттар да белгілі бір әрекеттер жиынтығын орындау деп 
түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет