417
10-тарау
•
Этноәдіснама
гі әңгімелесу рәсіміндегі қалыптан тыс жағдайларды реттеуге көмек беретін
тәсілдерді қамтиды. Әңгімелесудің жалпы құрылымына, оның ішінде ашу,
жабу және уақытылы қайталанатын ішкі реттілікке қызығушылық бар.
Осыған байланысты Щеглофф телефон арқылы әңгімелесуді «… қысқаша
айтқанда, әңгімелесудің алдын ала қалыптасқан
құрамдас бөліктерін ұсынуға,
кескіндеуге, қабылдауға, қабылдамауға, өзгертуге болатын орын» деп қарас-
тырды (1979:25). Телефонмен тыңдалатын әңгіменің бетпе-бет әңгімелесуден
еш айырмашылығы жоқ болса да, қатысушыларға визуалды байланыс же тіс-
пейді. Щеглофф телефонмен әңгімелесудің бетпе-бет
әңгімелесуде табыл маған
бір элементіне – визуалды байланысы жоқ тарап тардың бір-бірін анықтап, та-
нуының реттілігіне – ерекше назар аударды.
Щеглофф телефон арқылы ағынан жарылу әдетте өте қарапайым және стан-
дартталған деп санады:
А: – Алло?
Ә: – Шэрн?
А: – Сәлем!
(Schegloff, 1979:52)
Бірақ кейбір әңгімелесу «идиосинкратикалық болып көрінеді және естіледі:
бұл – өте шебер қойылым» (Schegloff, 1979:68):
А: – Алло.
Ә: – Алло, Марджи?
А: – Иә.
Ә: – Хммм... Біз сурет өнерімен, антиквариатпен шұғылданудамыз.
А: – Дұрыс.
Ә: – Эм, мхм-ммм.
А: – Хм, хм, хм.
Ә: – Мх! Мхм...
А: – Хм.
Ә: – Басқа біреудің керек емес құралдарын ұстап тұрмын.
А: – У! Хм, хм.
Ә: – Бұл, бұл үшін кешірім сұраймын, мен оны көрмедім.
(adapted from Schegloff, 1979:68)
418
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы:
негізгі мектептер
Мұндай әңгіменің кәдімгі әңгімелерден өзгеше өрбуі мүмкін болса да, ұйым-
дастырусыз іске аспайды. Олар «екі жақтың белгілі бір жағдайларға бейімдел-
ген, жүйелі реттілік ұйымдастыруымен жасалады» (Schegloff, 1979:68). Мыса-
лы, біз Ә-нің кейбір қарызға алған құралдарын тым ұзақ ұстағанына кешірім
сұрау үшін қоңырау шалып тұрғанын түсінбегенімізше, алдыңғы сұхбат мүлде
түсініксіз болып қалады. Ә мұны қалжыңға айналдырады (бояу, антиквариат)
және тек соңында ғана екеуі күлген кезде кешірім сұралады.
Щеглоффтың қорытындысы бойынша, «өзіндік ерекшеліктерді қамтитын
формалды құрылымды жергілікті ерекшеліктерден ажыратып алу үшін» өте
ерекше жағдайларды да зерттеу керек (Schegloff, 1979:71).
Күлдіру
Гэйл Джефферсон (1979; see also Jefferson, 1984)
әңгіме барысында адам қай
кезде күлу керегін қалай білетіні туралы мәселені қарастырды. Қарапайым
көзқарас бойынша, күлкі – бұл әңгіме немесе өзара әрекеттесу кезіндегі өз-өзі-
нен туындайтын ерікті әрекет. Алайда Джефферсон сөйлеудің бірнеше негізгі
құрылымдық сипаттамалары екінші тарапты күлдіруге арнал ғанын анықтады.
Біріншісі – сөйлеушінің сөзінің соңында болатын күлкі:
Дэн: – Менің ойымша, мұның мүлдем қисынсыз. Сені нашақор деп айт-
қа ным ды естідің бе?... Хех, хех.
Долли: – Хех, хех, хех.
(adapted from Jefferson, 1979:80)
Джефферсон мәлімдеген екінші құрылғы – әңгімеге ілескен күлкі, мысалы,
әңгіменің ортасында:
А: – Олай жасамағанымды өзің де білесің... өзің білесің.
Ә: – Сайтан алғыр, білесің емес пе, менің қойғанымды (ха-ха).
А: – Иәә, иә, ха-ха.
(adapted from Jefferson, 1979:83)
Осы мысалдардан кейін Джефферсон (1979:83) күлкінің пайда болуы ұйым-
дастырылған сипатта болады деген қорытындыға келді.
Джефферсон күлу туралы шешім қабылдауға ғана емес, күлуге шақыру-
дан бас тартуға да қызығушылық танытты. Ондай сәттен кейін үндемей тұру
жет кіліксіз, одан бас тартқанын көрсететін нақты белгі қажет деп тапты. Егер,
мысалы, біреу күлуден бас тартса, баяндамашының күлкісі келе бастаған сә-
тінен тақырыпты елеулі түрде талқылау стратегиясын бастау тиімді. Филлип
Гленн (1989) әртүрлі әңгіме барысындағы ортақ күлкінің бастамасын зерт-
теді.
Гленнің айтуынша, екіжақты өзара әрекеттесу кезінде сөйлеуші әдетте
бірінші болып күледі, көпжақты қарым-қатынаста сөйлеушіден өзге біреу ал-
ғашқы болып күле бастайды. Екіжақты қарым-қатынаста сөйлеуші іс жүзінде
өз айтқанына өзі күлуге мәжбүр болады, себебі бұл
функцияны орындай ала-
419
10-тарау
•
Этноәдіснама
тын басқа бір ғана адам бар. Алайда көпжақты өзара әрекеттесу кезінде бірінші
болып күле алатын басқа адамдар бар екені сөйлеушіге бірінші болып күлмей-ақ
қоюға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: