421
10-тарау
•
Этноәдіснама
мен
жеке сыбырласу, өз-өзімен сөйлесу [мысалы, «қол соғу]) жеке құбылыс
болып саналады және наразылық білдіруге қарағанда, аудиторияның қалған
бөлігінің жақтырмаушылығына аз ұшырайды. Осындай әрекеттердің орынды-
лығын анықтау үшін аудиторияға бақылау жасаудың қажеті аз немесе мүлде
қажеті жоқ.
Клейман ұжымдық қол шапалақтау және мінберден қуу күнделікті жүріс-
тұрыстағы келісім мен келіспеушілікке өте ұқсас деген қорытындыға келеді.
Екі жағдайда да, «келісімдер дер кезінде, сөзсіз, болуға бейім және арнайы тү-
сіндірме немесе есепке алуды талап етпейтін құбылыс ретінде қарастырылады.
Ал қайшылықтар, керісінше, әдетте кешіктіріліп квалификацияланады және
есепке алынады» (Clayman, 1993:125). Бұл ұқсастық «қол
соғу мен мінберден
қуу жалпы сөйлесуге қатысатын ұйымдық және институттық құрылымдар мен
нормалар ғана емес, өмірдің барлық салаларын қамтитын жалпы өзара іс-қи-
мыл принциптерімен түсіндіріледі» деген қорытындыға алып келеді. «Адам-
дардың мінез-құлқының жалпы принциптері» – өзара әрекеттесу тәртібінің
бір бөлігі, ол «әлеуметтік институттың өзіндік ерекше түрі, өзінің байырғы
ұйымдастырушылық қасиеттері мен дәстүрлі әрекеттері
арқылы көптеген бас-
қа қоғамдық институттардың негізін құрайды» (Clayman, 1993:127). Басқаша
айтқанда, әңгіме сарапшылары айқындаған негізгі қағидалар бізге көпшілік
алдында сөйлеуге оң (қол соғу) және теріс (мінберден қуу) жауаптарды түсі-
нуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: