Алеуметтану тероиясы indb


Питер Блаудың айырбас теориясы



Pdf көрінісі
бет330/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Питер Блаудың айырбас теориясы
Питер Блаудың (1964) мақсаты «адамдар мен топтар арасындағы қарым-қа-
тынасты реттейтін әлеуметтік процестерді талдау негізінде әлеуметтік құры-
лымды түсіну болды. Негізгі сұрақ... Әлеуметтік өмірдің адамдар арасындағы 
қауымдастықтардың айтарлықтай кешенді құрылымына қалай айналатыны» 
еді (1964:2). Блау Хоманстың әлеуметтік өмірдің қарапайым түрлері мен күр-
делі құрылымдарды талдау шеңберін одан әрі кеңейтуге талпыныс жасады: 
«Бетпе-бет өзара әрекеттесу процестерін зерттеудің негізгі әлеуметтанулық 
мақсаты – даму үстіндегі әлеуметтік құрылымдарды сипаттайтын жаңа әлеу-
меттік күштерді түсінуге негіз қалау» (1964:13).
5
Блау айырбас процесіне ерекше назар аударды, оның пікірінше, айырбас 
процесі адам мінез-құлқына айрықша әсер етеді және жеке адамдар арасында 
да, топтар арасында да қарым-қатынастың негізін қалайды. Іс жүзінде Блау 
тұлғааралық айырбастан әлеуметтік құрылымға, одан әлеуметтік өзгеріс терге 
әкелетін төрт сатылы бір ізділікті қарастырды:
1-қадам: Адамдар арасындағы жеке айырбас трансакциялар... тудырады. 
2-қадам: мәртебе мен биліктің дифференциациялауына… әкеледі.
3-қадам: легитимизация және ұйым... тамыр жаяды. 
4-қадам: Оппозиция және өзгеріс.
Микродан  макроға. Жеке деңгей туралы айтатын болсақ, мұнда Блаумен 
бірге Хоманс та ұқсас процестерге қызығушылық танытты. Дегенмен Блау 
ұсынған әлеуметтік айырбас тұжырымдамасы басқалардың қолдау реакциясы-
на тәуелді адамдардың іс-әрекеттерімен шектелген.
Адамдар әлеуметтік бірлестіктерді құруға себеп болатын көптеген жағдай-
ларға байланысты бір-бірімен жақындасады. Бастапқы байланыстар жасалып 


447
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
болғаннан кейін, бір-біріне берілетін сыйақылар байланыстарды сақтауға және 
нығайтуға көмектеседі. Керісінше де болуы мүмкін: сыйақы жетіспеген жағдай-
да қауымдастық әлсірейді немесе ыдырайды. Айырбасталған сыйақылар ішкі 
(мысалы, сүйіспеншілік, махаббат, құрмет) немесе сыртқы (мысалы, ақша, фи-
зикалық еңбек) болуы мүмкін. Тараптар үнемі бір-бірін тең деңгейде сыйақы-
мен қамтамасыз ете алмайды, айырбастағы теңсіздік болған кезде қауымдастық 
ішінде биліктің айырмашылығы пайда болады.
Бір тарапта екінші тарапқа қажетті мұқтаж нәрсе болса, бірақ басқа тарап-
тың оған қарымта сыйақысы болмаса, бұл жағдайда төрт балама бар: Бірін-
шіден, адамдар басқа адамдарды өздеріне көмектесуге мәжбүр етуі мүмкін. 
Екіншіден, олар өздеріне қажетті нәрсені алу үшін басқа ресурс таба алады. 
Үшіншіден, олар өзгелерден алғысы келетін нәрсесіз де өмір сүруге тырысуы 
мүмкін. Төртіншіден, ең бастысы, олар қарым-қатынасқа түсу арқылы басқа-
ларға «жалпыланған несие» бере отырып, өзгелерді өздеріне бағындыра алады; 
кейін басқалар қарсы бірдеңе істеуді көздесе, осы несие арқылы олардың әре-
кетіне шектеу қоя алады (соңғы нұсқасы, әрине, биліктің маңызды сипаттама-
сы болып саналады).
Блаудың айқындамасы Хоманстың ұстанымына ұқсас, бірақ Блау өзінің 
теориясын әлеуметтік фактілер деңгейіне дейін кеңейтті. Ол, мысалы, әлеумет-
тік өзара әрекеттесу процестерін қоршаған ортаның әлеуметтік құрылымынан 
бөлек талдау мүмкін емес екенін атап өтті. Әлеуметтік құрылым әлеуметтік 
өзара әрекеттесуден туындайды, бірақ бұл кезде әлеуметтік құрылымдар өзара 
әрекеттесу үрдісіне әсер ететін дербес күшке ие болады.
Әлеуметтік өзара әрекеттесу бірінші кезекте әлеуметтік топтар арқылы іске 
асырылады. Қарым-қатынастар басқа топтардан гөрі көп сыйақы әкелетінін 
сезгенде ғана адамдар аталған топқа қарай жақындайды. Сол себепті де олар 
топқа қабылданғандарын қалайды. Бірақ олар топқа қабылдану үшін топ мүше-
леріне сыйақы беруі керек. Бұл топ мүшелеріне жаңа адамдардың топқа кіруі 
пайдалы болатынын дәлелдеу арқылы әсер етеді. Жаңадан қосылғандар топ-
тың байырғы мүшелерін сыйақымен риза қылған кезде қарым-қатынас нығая 
түспек. Жаңадан келгендердің топ мүшелерін риза қылуға деген құлшынысы 
өзара үйлесімділік туғызады, бірақ сыйақы арқылы бір-бірін риза қылуға бел-
сенді түрде тырысу топты әлеуметтік дифференциациялауға алып келеді.
Мұндағы парадокс – топ мүшелері жағымды қасиеттерімен серіктес бола 
алса да, басқа топ мүшелеріне тәуелділік қаупін тудырып, оларға өз басым-
дығын еріксіз мойындатуы мүмкін. Топтың қалыптасуының бастапқы кезең-
дерінде әлеуметтік танылу үшін топ мүшелерінің арасында туындайтын бәсе-
келестікті осы топтың потенциалдық көшбасшыларын іріктеу сынағы ретінде 
қарастыруға болады.
Ең жақсы сыйақы алуға лайықты субъектілер бірте-бірте көшбасшылық 
деңгейге көтеріледі. Сыйлық алуға мүмкіндігі аз топ мүшелері әлеуетті көш-
басшылар ұсынған сыйақыларды алуды жалғастыра бергісі келеді, сөйтіп өзде-
рінің қалай кіріптар болғанын білмей де қалады. Сайып келгенде, сыйақы алу 
мүмкіндігі жоғары адамдар көшбасшы болады, соның нәтижесінде топ диффе-
ренциацияланады.
Топтың көшбасшылар мен бағыныштылар болып еріксіз жіктелуі интегра-
цияның жаңартылуын қажет етеді. Көшбасшының мәртебесін мойындағаннан 
кейін, ізбасарлардың интеграцияға деген қажеттілігі одан әрі арта түседі. Бұ-
ған дейін ізбасарлар өздерінің ең жағымды қасиеттерін көрсеткен. Енді бас қа 


448
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ізбасарлармен интеграциялану үшін олар өздерінің әлсіз жақтарын көрсе теді. 
Бұл – шын мәнінде, көшбасшы болғысы келмейтіні туралы қоғамдық декла-
рация. Бұл өзін-өзі кемсіту басқалардың аяушылығы мен оларды әлеу мет-
тік мойындауына әкеледі. Көшбасшы (немесе көшбасшылар) жалпы топтық 
интеграцияны жақсарту үшін осы деңгейде өзін-өзі кемсітумен айналы сады. 
Кейбір салаларда бағынушылардың артықшылығын мойындай отырып, көш-
басшылар бағынудан туындайтын ауыртпашылықты азайтады және топ өмірі-
нің барлық салаларын бақылауды талап етпейтінін көрсетеді. Күштердің бұл 
түрлері топтың жаңа, сараланған мәртебесіне қарамастан, оны реинте грация-
лау үшін қызмет етеді.
Мұның бәрі Хоманстың айырбас теориясын еске түсіреді. Алайда Блау 
қоғамдық деңгейге көшіп, әлеуметтік ұйымның екі түрін саралады. Айыр-
бас теорияшылармен мінез-құлық әлеуметтанушылары да әлеуметтік 
ұйымның пайда болуын мойындайды, алайда бұл мәселе бойынша Блау 
идеялары мен «аса таза» әлеуметтік мінез-құлық арасында күрделі айырма-
шылық бар екені анықталады. Бірінші түрінде Блау әлеуметтік топтардың 
пайда болған қасиеттері бұрын талқыланған айырбас және бәсекелестік 
үрдістерінен туындайтынын мойындады. Әлеуметтік ұйым ның екінші түрі 
кездейсоқ пайда болған жоқ, бірақ белгілі бір мақсатқа жету үшін айқын 
түрде құрылған, мысалы: пайда табу үшін сатылатын тауарлар, боулинг-
тен турнирлерге қатысу, ұжымдық келіссөздер жүргізу және саяси жеңіске 
жету. Ұйымның осы екі түрін талқылау барысында Блау әлеуметтік бихе-
виористер зерделеген «әлеуметтік мінез-құлықтың қарапайым түрлерінің» 
аясынан шығып кетті.
Осы ұйымдардан басқа Блау олардың шеңберіндегі шағын топтарға да 
қызы ғушылық танытты. Мысалы, ол көшбасшылық және оппозициялық 
топ тардың екі ұйымда да кездесетінін айтты. Бірінші типтегі жағдайда бұл 
шағын топтардың өзара әрекеттесу үрдісінен шығады. Екінші жағдайда көш-
басшылық және оппозициялық топтар ұйым құрылымына енгізіледі. Кез 
келген жағдайда топаралық дифференциациядан қашып құтыла алмайсың 
және көшбасшылар мен ізбасарлар арасында ұйымішілік оппозиция мен қақ-
тығыстың негізін қалайды. 
Хомансқа қарағанда, Блау күрделі әлеуметтік құрылымдарды зерттей оты-
рып, айырбас теориясын әлеуметтік қарым-қатынастар үлгісіне бейімдеу қажет 
екенін сезінді. Блау шағын топтар мен үлкен ұжымдар арасындағы маңызды 
айырмашылықты мойындады, ал Хоманс тұтас әлеуметтік мінез-құлықты не-
гізгі психологиялық қағидалар арқылы түсіндіруге тырысқандықтан, бұл айыр-
машылықты елеусіз деп санады:
«Ірі ұжымдарды сипаттайтын күрделі әлеуметтік құрылымдар ша-
ғын топтардың қарапайым құрылымдарынан түбегейлі ерекшеленеді. 
Әлеуметтік қарым-қатынас құрылымы шағын топта оның мүшелері 
әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында дамиды. Үлкен қауымдас-
тықтың немесе тұтас қоғамның көптеген мүшелері арасында тікелей 
әлеуметтік өзара әрекеттесу болмағандықтан, олардың арасындағы 
әлеуметтік қатынастардың құрылымына басқа механизмдер делдал 
болу керек».
(Blau, 1964:253)


449
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Бұл мәлімдеме мұқият тексеруді қажет етеді. Бір жағынан, Блау әлеуметтік 
бихевиоризмді күрделі әлеуметтік құрылымдарды шешу үшін дұрыс парадигма 
деп санамады. Екінші жағынан, ол әлеуметтік нақтылық парадигмасын жоққа 
шығарды, себебі ол «бірге жүретін әлеуметтік өзара әрекеттесу мен әлеуметтік 
анықма ірі көлемдегі ұйымдарда тікелей кездеспейді» деп тұжырымдады. Осы-
лайша, әлеуметтік мінез-құлық парадигмасынан бастап, Блау аса күрделі әлеу-
меттік құрылымдармен айналысатын өзінің әлеуметтік фактілер парадигмасын 
негіздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет