446
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
табысқа жету мүмкіндігінің жоғары немесе
төмен болатынын бұрынғы та-
быстары мен бүгінгі жағдайдың бұрынғы сәтті жағдайларға ұқсас болуымен
байланысты деп тұжырымдайды. Рационалдық ұсыныс актордың бір сый-
ақыны басқа біреуінен неге артық бағалайтынын да айтпайды, бұл үшін
бізге
құндылық ұсынысы қажет. Осылайша Хоманс өзінің рационалдық принци-
пін мінез-құлық туралы кеңестерімен байланыстырады.
Ақыр соңында, Хоманс теориясында акторды рационалды табыс іздеуші ре-
тінде қарастыруға болады. Алайда Хоманс теориясы психикалық жай-күй мен
(Abrahamsson, 1970; Mitchell, 1978) кең ауқымды
құрылымдарды зерделеу де
әлсіз болды (Ekeh, 1974). Мысалы, Хоманс санаға қатысты «толыққанды дамы-
ған психология» қажет екенін мойындады (1974:45).
Осындай әлсіздіктерге қарамастан, Хоманс жеке мінез-құлық деңгейінде
батыл жұмыс істеген бихевиорист болып қалды. Ол: «Қарапайым
әлеуметтік
мінез-құлықты жеткілікті түрде түсінетін болсақ, кең ауқымды құрылымдарды
да түсінуге болады», – деп мәлімдеді. Ол айырбас процестері жеке және қо-
ғамдық деңгейлерде «бірдей» деп тұжырымдайды.
Дегенмен әлеуметтік дең-
гейде «іргелі процестерді біріктіретін жолдар күрделі» екенін жоққа шығар-
майды (Homans, 1974:358).
Достарыңызбен бөлісу: