Алеуметтану тероиясы indb


Ричард Эмерсон және оның шәкірттерінің еңбегі



Pdf көрінісі
бет332/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ричард Эмерсон және оның шәкірттерінің еңбегі
Ричард Эмерсон 1962 жылы билік-бағыну мәселесіне арналған маңызды еңбе-
гін жарыққа шығарды, оның 1972 жылы (1972a, 1972b) жазылған екі эссесін 


451
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
«әлеуметтік айырбас теориясын дамытудағы жаңа деңгейдің баста масы деуге 
болады» (Cook and Whitmeyer, 2011; Molm and Cook, 1995:215).
Молм мен Кук ғылыми еңбектердің жаңа топтамасының пайда болуына үш 
түрлі фактор әсер еткен деп санайды. Біріншіден, айырбас теориясына Эмерсон 
бағыну мен билік мәселелеріне қатысты өзінің алдыңғы еңбектерінің кеңейтіл-
ген базисі ретінде қызықты. Ғалымға билік аспектісі – айырбас тео риясының 
орталықтандырылғаны екені анық болып көрінді. Екіншіден, ол Хомансқа кез-
дескен қиыншылықтардан алшақ болып, айырбас теориясының негізі ретінде 
бихевиоризмнің жетістектерін қолдануға болады деп санады. Бір жағынан ал-
ғанда, Хоманс және айырбас теориясының басқа да өкілдері адамдар тым ра-
ционалды тіршілік иесі ретінде көрсетілгені үшін айыпталды, сонымен қатар 
Эмерсон актор рационалдығы идеясын қолданбай, бихевиоризм жетістіктерін 
пайдалану мүмкін деп пайымдады. Басқаша айтқанда, ол Хоманс теориясында-
ғы қателікті қайталамайтынына сенімді болды:
«Хоманс жеке тұлғалық айырбаспен байланысты мінез-құлықты басқа 
актордың жәрдеміне негіздей отырып болжады, дегенмен мінез-құлық 
реак цияларының оперантты психологияда өзіндік мағынасы жоқ. Анық-
тамаға сүйенер болсақ, ынталандыру – реакцияның жиілігін арттыратын 
немесе қолдайтын стимул салдарынан туындайды». 
(Molm and Cook, 1995:214) 
Сонымен қатар Эмерсон макродеңгей құбылысының пайда болуын тү-
сін діретін тәсілді ойлап таба отырып, редукционизмге қатысты қателіктерді 
(Хоманстың) қайталамауға тырысты. Үшіншіден, нормативті құбылыстар-
ға негізделген түсініктерді қолданған Блаудан айырмашылығы – Эмерсон 
«әлеу меттік қарым-қатынастар мен әлеуметтік желілерді талдаудың әртүрлі 
деңгейлерін қамсыздандыратын құрылыс блогы ретінде» қолдана отырып
әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік өзгерістерді зерттегісі келді. (Molm 
and Cook, 1995:215). Сондай-ақ Эмерсон пайымына сәйкес, жеке тұлғалар-
мен бірге аса ірі ұжымдық құрылымдарда (агенттер арқылы әрекет етуші 
болса да) әрекет етуші субъект бола алады. Осыған орай, Эмерсон оперант-
ты психология принциптерін әлеуметтік құрылым теориясын жасау үшін
қолданды. 
Эмерсонның 1972 жылғы екі эссесі оның айырбас интегративті теориясына 
үндес келді. Бұл эсселердің біріншісінде (1972a) әлеуметтік айырбастың пси-
хологиялық негізі қарастырылды, ал екіншісінде (1972b) айырбас проце сіндегі, 
сонымен қатар желілік құрылымдағы қарым-қатынас пен макродеңгей мәселе-
лері талданды. Кейінірек Эмерсон өзінің ойын айқындап айтты: «Мен осы са-
лаға арналған айырбас және зерттеу теориясын желілік құрылымды алмастыру 
арқылы талдауды микродеңгейден макродеңгейге кеңейтуге ты рысудамын» 
(cited in K. Cook, 1987:212). Эмерсонның ең беделді ізбасары Карен Кук атап 
өткендей, соңғы айтылғандардың ішіндегі ең маңыз дысы микро- және макро-
деңгейдің бірігуін түсіндіру болып табылады: «Айыр бас желісі түсінігі дара-
ланған жеке тұлғалар немесе диадалар және аса ірі топтар немесе жеке тұлғалар 
жиынтығы (мысалы, формалды топтар немесе ассоциациялар, ұйымдар, саяси 
партиялар, ауылдастықтар және т.б.) арасындағы концептуалды бос орынды 
толықтырады» (1987:219).
6
Эмерсон мен Кук, екеуі де айырбас теориясындағы базалық микродеңгей-


452
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лік алғышарттардан бастайды. Эмерсон, мысалы, былай дейді: «Айырбас ба-
ғытында, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік өзара әрекеттесу үдерісіне қо-
сатын және қолдайтын пайдасына көңіл бөлінеді» (1981:31). Атап айтқанда, 
Эмерсон бихевиористік принциптерді «бастапқы шарт» деп есептейді. Эмер-
сон (1981:33) айырбас теориясы үшін маңызды болып табылатын үш базалық 
ұсынысты мысалға келтірді:
1. Оқиғалардан пайда табуды көздейтін адамдар «рационалды» әрекеттерге 
бейім болады, сондықтан осындай оқиғалар болып тұрады.
2. Адамдар ақырында мінез-құлыққа қатысты әрекеттен жалығады да, мұн-
дай оқиғалардың әсері төмендейді.
3. Адамдар әлеуметтік процестер арқылы пайдаға қол жеткізеді, яғни айыр-
бас теориясын ұсына отырып, одан келетін пайдаға тәуелді болады.
Бұл жағдайлардың барлығы жалпыға мәлім, дегенмен Эмерсон 1972 жылғы 
микродеңгейді талдауға арналған бірінші эссесінде бихевиористік тұрғыдағы 
айырбас теориясын басқа бағытта атап көрсетеді: «Біздің ең басты мақ сатымыз 
теориялық құрылымға оперантты принциптерді қосуға бағытталды, бұл опе-
рантты психология ісімен айналысудан әлдеқайда қиынға соқты» (1972a:48). 
Бұл мәселені жүйлеуге тұспа-тұс 1972 жылы Эмерсонның екінші ғылыми ең-
бегі жарыққа шықты: «Бұл эссенің негізгі мақсаты – әлеуметтік құрылымды 
тәуелді, тұрақсыз өлшем ретінде қарастыру, сол арқылы әлеуметтік айырбас 
теориясын қалыптастыруды көздейді» (Emerson, 1972b:58). Егер 1972 жылғы 
бірінші эссе бөлек әрекет етуші субъект және оны қоршаған ортамен (мысалы, 
көлде балық аулап отырған адам) айырбасқа қарым-қатынасын талдауға арнал-
ған болса, онда екіншісі – әлеуметтік айырбас пен олардың желілерге қарым-
қатынасын талдауға арналды.
Эмерсонның айырбас теориясының макродеңгейіне сәйкес жеке тұлғалар 
да, қоғамдық ұйымдар да әрекет етуші субъек ретінде көрінеді. Ғалым олардың 
арасындағы қалыптасатын айырбас қарым-қатынасын қарастырды. Айырбас 
желісі келесі құрамдас бөліктерден тұрады (Cook et al., 1983:277):
1. Көптеген жеке немесе ұжымдық акторлар бар.
2. Құнды ресурстар акторлар арасында бөлінеді.
3. Барлық әрекет етуші желі акторлары арасында айырбастың көптеген 
мүмкіндіктері бар.
4. Кейбір айырбас мүмкіндіктері іс жүзінде қолданылатын айырбас қаты-
нас тарына айналды.
5. Айырбас қарым-қатынастары бірыңғай желілік құрылымда өзара байла-
нысқан.
Демек, «айырбас желісі» – әрекет етуші акторлар арасында екі немесе одан-
да көп айырбастың өзара әрекеттесуі арқылы қалыптасқан нақты әлеуметтік 
құрылым деген сөз (Cook et al., 1983:277).


453
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Ричард Эмерсон 1925 жылы Солт-Лейк-Ситиде (Юта штаты) дүниеге келді. Тау бөктерін-
де туып-өскендіктен, өзен-су, құзар шыңдар мен қарлы мұздықтар оның жанына жақын еді. 
Эмерсонның ең әйгілі жетістіктерінің бірі – оның 1963 жылы Эвересті сәтті бағындыруға қа-
тысуы болды. Осы шыңға шығу тәжірибесі туралы 1963 жылы Sierra Club Annual Bulletin-нің 
желтоқсан айындағы басылымында Everest Traverse («Эвереске көтерілу») атты мақала-
да баяндалды. Сонымен қатар осы оқиғаға қатысты 1966 жылы Sociometry басылымын-
да арнайы мақала жарияланды. Сөйтіп ол Ұлттық ғылыми қордан осы таулы өлкелерге топ-
тық көтерілу кезіндегі күйзелістік жағдайды зерттеуге грант алды. Осы жоба нәтижесінде
1963 жылдың шілдесінде президент Кеннеди Ұлттық Географиялық қоғамның Хаббард медалін 
иеленді (K. Cook, 2005).
Пәкістанның таулы аймақтарындағы ауыл-қыстақтың қоғамдық өміріне деген сүйіспеншілігі
Ричард Эмерсонның әлеуметтік зерттеулеріне сарқылмас шабыт сыйлады. Оның топтағы мінез-
құлық, билік және әлеуметтік әсер ету мәселесіне арналған жұмыстарында қарқынды өзара 
әрекеттесу мен бәсекелестікті көрсету талап етілгендіктен, экспедиция мүшелерімен тығыз қа-
рым-қатынаста болуы көмектесті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, Батыс Еуропада әскери қызметтен босап, 1950 жылы ол Юта 
университетінде қоғамдық ғылымдар бакалавры дәрежесін алды. Одан соң қоғамдық ғылым-
дар магистрі атанды (1952), Миннесота университетінде әлеуметтану мен қосымша психология 
мамандығын игеріп, философия ғылымдары докторы (1955) атағын алды. Оның докторлық дис-
сертациясы The Determinants of Influence in Face to Face Groups («Қарама-қарсы топтардағы әсер 
ету детерминанттары») деп аталды.
Эмерсонның алғашқы академиялық қызметі Цинциннати университетінде (1955–1964) бастал-
ды. Цинциннатиден шыққаннан кейін Эмерсон былай деп жазды: «Менің жұмысымда қайта-
ланып отырған тақырып билік-тәуелділік мәселесіне арналған мақаламда толықтырылды. Де-
генмен бұл теория өткендердің жиынтығы емес, келешекке арналған тірек еді. Менің биліктің 
құрылымдық және қоғамдық ауқымын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеулерге 
қатысты нақты жоспарларым бар». Ол 1982 жылы желтоқсан айында кенеттен қайтыс болғанға 
дейін осы мәселемен түбегейлі айналысты. Бүгінгі таңда оның билік пен тәуелділіктің (Emerson, 
1962) байланысын қарастырған еңбегі классикалық туынды ретінде, америкалық әлеуметтану-
дағы көптеген заманауи зерттеулерге әсер етуде.
Оның басқа екі ғылыми еңбегі де әлеуметтанудың дамуына зор ықпал етті. Бұл туындылар 1967 
жылы жазылып, кейін 1972 жылы жарияланды. Зерттеулер әлеуметтік айырбас теориясын да-
йындауға арналды. Бұл жұмысты ол 1965 жылы Вашингтон университетіне қызметке ауысқан 
кезде жазды. Американың солтүстік-батысы оны өзінің әсем таулары мен сарқырамалары ар-
қылы баурап алған еді.
Эмерсон Вашингтон университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде әлеуметтік теорияға ерекше 
назар аударды. Он жыл бойы (1972–1982) Карен Кукпен бірге әлеуметтік айырбас құбылысын 
эмпирикалық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар Құрама Штаттарында осы бағытта-
ғы зерттеулерді жүргізуге арналған алғашқы компьютерленген зертханада зерттеу бағдарлама-
сын жасады. Бұл зерттеу Ұлттық ғылыми қордың үш гранты арқылы қаржыландырылды.
Эмерсон бұрынғы әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде «ойшыл» бейнесінде қалды. Оның 
тұлғасының бұл аспектісі жайлы 1960 жылы Роберт Боуэннің The New Professors («Жаңа профес-
сорлар») атты еңбегінде жақсы жазылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет