Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет386/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Билік және сыпайылық. Егер өзін-өзі шектеу өркениет процесінің негізі бол-
са, онда Элиас «Билік пен өркениет» кітабында өзін-өзі шектеудің өсуіне бай-
ланысты әлеуметтік шектеулердегі өзгерістерге мән береді. Элиас кейін өзінің 
микро-макроайырмашылығынан ашық бас тартуына қарамастан, «Билік пен өр-
кениет» еңбегінде талдаудың өзгеше, аса «макроскоптық» деңгейін пайдалан-
дым деп жариялайды:
«Ер адамдардың әрекеті мен көптеген жеке жоспарларының нәтижесі 
болатын базалық тін адамдардың ешқайсысы күтпеген және жасама-
ған өзгерістерге алып келуі мүмкін. Адамдардың бұл өзара тәуелділігінен


543
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
бірегей тәртіп туындайды, бұл тәртіп оны жасаушы жекелеген адам-
дардың ақылы мен еркіне қарағанда әлдеқайда күшті және сенімді. Адами 
өзара байланыс пен импульстердің осы тәртібі, әлеуметтік тәртіп тарихи 
өзгерістердің бағытын анықтайды, бұл тәртіп өркениет процесінің негі-
зінде жатыр».
(Elias, [1939]1982:230)
Дюркгеймге жақын мұндай қуатты сөздер «тарихи өзгерістердің бағытын 
анықтайтын» бірегей және нағыз шындықтың мәнін білдіреді. Элиастың мик-
ро- және макродеңгейлердің айырмашылығын жеңу қажеттілігі туралы кейінгі 
жасалған пайымдауларына қарамастан, «Билік пен өркениет» кіта бында бұндай 
позицияға ешқандай дәлел жоқ. Кейде макроқұрылымдардың микродеңгейлі 
феномендерге қатысты анықтаушы әсері қарастырылады. (Алайда ескерте кету 
қажет, Элиас оны тек макро-, микроқұбылыстардың өзара байланысы немесе 
«адамдар арасындағы қарым-қатынастар құрылымындағы ерекше өзгерістер 
мен тұлға құрылымындағы тиісті өзгерістер» арасындағы өзара байланыс қана 
қызықтырады деп жиі айтады (Elias, [1939] 1982:230).
Микро- және макродеңгейлерді интеграцияланған түрде қарастырудың 
қиындығы туралы ойында Элиас психогенетикалық және әлеуметтік генетика-
лық зерттеулерді ажырату фактісін қамтып көрсетеді. Психологиялық зерттеуде 
негізгі назар индивидуалды психологияға аударылса, әлеуметтік-генетикалық 
зерттеу «бірыңғай мемлекеттік қоғамның ғана емес, өзара тәуелді қоғамның 
нақты тобымен қалыптасқан әлеуметтік саланың және оның эволюциясының 
дәйектілік тәртібінің жалпы құрылымын» жете қамтыған кең ауқымды ұзақ 
мерзімді перспективаларға ие (Elias, [1939] 1982:287–288).
Өзара тәуелділік тізбектерінің ұзартылуы. Өркениет үдерісінде маңызы зор 
макроқұрылымдық өзгерістер қандай? Тұтастай алғанда оларды «өзара тәуелді-
лік тізбектерінің ұзартылуы» деп сипаттауға болады:
«Ерте кезеңнен қазіргі уақытқа дейін Батыстың әлеуметтік функцияла-
ры бәсекелестіктің қысымымен одан әрі саралана түсті. Ол қаншалықты 
түрленсе, функциялар саны және индивид өзінің барлық іс-әрекеттерінде 
(ең қарапайымдардан және кең таралғандардан аса күрделі және стан-
дартты еместерге дейін) үнемі тәуелді болатын адам саны соншалықты 
өсіп отырады. Адамдар өз жүріс-тұрысын басқалардың мінез-құлқына 
бейімдеуі тиіс болғандықтан, әрбір индивидуалды іс-әрекет өзінің әлеу-
меттік функциясын орындау үшін іс-әрекеттер өрмегі қаталырақ және 
дәлірек ұйымдастырылуы қажет. Индивид аса дифференцияланған, жете 
ойластырылған және тұрақты түрде өзінің жүріс-тұрысын реттеуге мәж-
бүр болады... Адам кішкентай кезінен өзінің жүріс-тұрысын, іс-әре кетін 
үнемі бақылап өссе, ол дағдыға айналады; кейін оған саналы түрде қарсы 
тұрса да, одан ажырамайды».
(Elias, [1939] 1982:232–233)
Суреттелген процестің нәтижесі – «әлеуметтік әрекет пен өзара тәуелділік тіз-
бектерінің ұзартылуы», бұл, өз кезегінде, «оқиғаларды себеп-салдардың тізбектер 
тұрғысында байланыстыру әдетін» дамытып, индивидтердің тиісті қажеттілікте-
рінің эмоциясын тежеп тұруға жағдай жасайды (Elias, [1939] 1982:236).


544
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Әлеуметтік функциялардың дифференциациясының өсуі Элиас үшін өрке-
ниеттену үдерісінде шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар бұл дифференциация 
Элиастың «әлеуметтік материяны жаппай қайта ұйымдастыру» деген атауымен 
маңызды (Elias, [1939] 1982:234). Бұл жерде ол физикалық күш көрсету және 
салық салу құралдарын монополияландыратын қоғамның аса тұрақты орталық 
органдарының пайда болу тарихын сипаттайды. Бұл процестегі елеулі маңызды 
дүние – абсолюттік мәртебесі бар, корольдің, сондай-ақ сарай маңы қоғамының 
пайда болуы (әсіресе Францияда, соның ішінде XIV Людовик билеген заманда; 
алайда еуропалық монархиялардың сарайлары бір-бірімен тығыз байланыста 
болған). Бұнда Элиас атаған «корольдік механизм» әрекет етеді: корольдер қар-
сыласушы функционалды топтар екі жақты болған кезде (бір уақытта бір-бірі-
не деген тәуелділік және дұшпандық), ал билік олардың арасында тең бөлінген 
кезде белгілі бір фигурацияларда пайда болады; осылайша үлкен шиеленістің 
басталуымен ымыраға келуге кедергі жасайды. Элиастың сөзінше, «әдетте ерек-
ше әлеуметтік құрылым жасақталған кезде билік басына келген айлалы, мықты 
тұлғаның бағы жанады» (Elias, [1939] 1982:174). Басқаша айтсақ, король тиісті 
фигурация бар болған кезде пайда болады.
Элиастың пікірінше, корольдік сарай ерекше рөл атқарады, себебі бүкіл қо-
ғамға әсер ететін өзгерістер, ақыр соңында, дәл осы жерде туындайды. Оңай күш 
көрсету жауынгерге тән, өйткені оның өзара тәуелділік тізбектері айтарлықтай 
қысқа, оған қарағанда көптеген басқа дворяндармен байланысқан, өзара тәуел-
ділік тізбектері әлдеқайда ұзын дворяндар басқа адмдардың сезім-күйімен ба-
рынша есептесуі керек. Зорлық-зомбылық және осы тәрізді іс-әрекеттермен кө-
рінетін эмоцияларға ерік беру оны күрделендіреді. Сонымен қатар дворяндарға 
шектеу күшейе түсті, бұл корольдің күш көрсету құрылымдарын тым қатаң қол-
дануына байланысты болды. «Физикалық күш көрсетуді монополияландыру, 
қару мен қаруланған адамдарды бір адамның билігіне шоғырландыру бейбіт 
тұрғындарды өздерін еркін ұстап, ерекше мұқият жүруге мәжбүрлейді; басқаша 
айтсақ, ол адамдарға өзін-өзі басқарудың биігірек немесе төменірек дәрежесін 
зорлап міндеттейді» (Elias, [1939] 1982:239). Күш көрсету монополиясы король-
дің салық салуды бір орталыққа шоғырландыру саясатымен тығыз байланысты, 
өйткені салықтар күш көрсету мекемелерін басқаруды қаржыландыруға мүм-
кіндік береді (Elias, [1939] 1982:208). Элиас, шындығында, екі монополияның 
өзара әрекеттесу жағдайын суреттейді: «Билікке түсетін ақшалай қаражат осы-
лайша оның қарулы күшін қолдап отырады, ол, өз кезегінде, салық салуға мо-
нополияны қолдайды» (Elias, [1939] 1982:104). Корольдік қа зынаның табысы 
өскен сайын дворяндық табыс төмендейді, бұл теңсіздік алдағы уақытта король 
билігінің күшеюіне жағдай жасайды (Elias, [1969] 1983:155).
Дворяндар өркениеттену процесінде шешуші рөл атқарады, өйткені мұндай 
элиталы топта болып жатқан өзгерістер біртіндеп бүкіл қоғамға тарайды:
«Нақ осы сарай маңы қоғамында өзін-өзі ұстаудың негізгі модельдері қа-
лыптасады. Олар басқаларымен бірігеді және бұл модельдерге жүгінетін 
топтардың ұстанған позициясына сәйкес өзгеріп, функциялардың аса кең 
ауқымда жүзеге асуын мәжбүрлі түрде таратады. Олардың ерекше жағ-
дайлары осы қозғалыстың әсеріне ұшыраған кез келген батыстық топқа 
қарағанда, сарай маңындағы адамдарды өздеріне тән әлеуметтік мінез-құ-
лықты қалыптастырудың нағыз маманы етіп шығарады».
(Elias, [1939] 1982:258)


545
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Батыстағы осындай өзгерістер әлемнің басқа бөліктеріне де тарады.
Король билігі мен сарайының пайда болуы, сонымен бірге жауынгердің сарай 
маңына тарихи орнығуы (немесе жауынгердің дворянға айналу процесі), Элиас-
тың көзқарасы бойынша, өркениеттену процесіндегі аса маңызды «сер піліс».
«Серпілістер» идеясы – Элиас ұсынған әлеуметтік өзгерістер теориясындағы ор-
талық ұғым: ол өзгерістерді тегіс бір бағытты процесс деп санамайды, бірақ көптеген 
бастамалары мен шектеулері бар, сондай-ақ ілгерілемелі қозғалыс деп есептейді.
Элиас корольдік сарай
5
феноменіне орасан зор көңіл бөлгенімен, бірінен 
соң бірі болған шешуші өзгерістердің негізгі себебі сол уақыттағы әлеуметтік 
фигурацияның түгелдей өзгеруі деп біледі. Яғни әртүрлі топтар арасындағы 
(мысалы, жауынгерлер мен дворяндар арасындағы) қарым-қатынас өзгерісте-
рі, сондай-ақ бұл топтардағы индивидтер арасындағы өзара қатынас өзгерістері 
шешуші маңызға ие болды. Бұған қоса, фигурация дворяндар мен корольдерге 
қойылатын шектеулерді тең дәрежеде анықтады: «Ханзадалар мен ақсүйектер 
тауқыметтен азат адамдар болып көрінуі мүмкін. Мұнда... жоғарғы тапта қандай 
шектеулер болатыны айқын көрсетілген, оған абсолютті монарх та бағынады» 
(Elias, [1969] 1983:266).
Король мен оның сарай маңындағы адамдарының үстемдігі мемлекет қалып-
тасуының алғышарты болды. Басқаша айтқанда, әскери күш пен салыққа жеке 
(корольдік) монополия бар кезде осы ресурстарға қоғамдық монополия да пай-
да болады – бұл мемлекет құрудың негізі. Корольдің, кейін қоғамдағы бақылау-
шы органдар ретінде мемлекеттің өсуі мен адамдарды бақылаушы органдардың 
қатар дамуының арасында тікелей байланыс бар. Олардың бірігуі индивидтің 
өз эмоцияларына сүйеніп әрекет жасаудың теңдессіз билігіне алып барады. Бұл 
уақытқа дейін адамдардың бойында өзін-өзі басқару қабілеті мүлдем жоқ бол-
ды деп айтуға болмайды, бірақ ол адам өмірінің көптен-көп аспектілерін қозғап, 
белгілі бір мақсатқа бағыттайтын тұрақты күшке айналды. Өзара тәуелділіктің 
әлдеқайда ұзын тізбектеріне ие болып, «индивид өзін бақылауға үйренеді; сонда 
ол өз қалауының тұтқыны болуды азайтады» деген Элиастың пайымдауы Дюрк-
геймнің позициясына өте жақын ([1939] 1982:241).
Элиастың аргументтерінің қызықты тұсы – құмарлықты басқару тиімсіз еке-
нін мойындауында. Тіршіліктің қауіптілігі төмендеді, алайда ол алатын ләззат-
ты бәсеңсітті. Адамдар өз эмоцияларын тікелей білдіре алмағандықтан, кітап ар-
қылы немесе оның басқа жолын табуға тырысты. Бұрын сыртқы болып көрінген 
күрес енді ішкі күрестерге айналды, Фрейдтің тілімен айтатын болсақ, ид және 
суперэго күрестері түрінде болатын болды (Элиастың адам тұлғасына қатысты 
көзқарастарына Фрейдтің теориясы үлкен әсерін тигізді). Сөйтіп, зорлықтың 
азаюына барынша ықпал етіп, эмоцияны бақылауды күшейту іштей зерігу мен 
мазасыздықтың асқынуына алып келді.
Өзара тәуелділік тізбектерінің ұзартылуы аффективті бақылауды күшейту-
мен ғана емес, сондай-ақ адамдардың бір-біріне және өздеріне қатысты дамып 
келе жатқан сезімталдыққа қатысты болады. Адамдардың ой-пікірі аса сыпайы 
ерекшеліктер мен биязылыққа ие болып келе жатыр, соның нәтижесінде адам-
дар өздерін де, басқаларды да бағалауға және бақылау дағдысына ден қояды. 
Олар сарай маңы қоғамы пайда болғанға дейін өздерін зорлық-зомбылық пен 
өлім қаупінен қорғауы қажет болды. Кейінірек мұндай қауіп азайып, адамдар ті-
келей қауіп-қатері аз құбылыстар мен әрекеттерге көбірек ден қоюға мүмкіндік 
алды. Бұндай нәзік сезімталдық – өркениеттену процесінің шешуші аспектісі 
және оның алдағы дамуының маңызды факторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет