542
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
үшін еркектер мен әйелдердің түнді бір бөлмеде өткізуі қарапайым нәрсе болды.
Жалаңаш ұйықтау ерсі көрінбеді. Алайда уақыт өте келе қарама-қарсы жыныс
адамдарымен бір бөлмеде киімсіз отыру ұят нәрсеге айнала бастады. Элиас «мә-
дениетсіз» сексуалды жүріс-тұрыстың мысалы ретінде орта ғасырларда пайда
болған үйлену салттарын келтіреді.
«Жас жұбайлар бөлмесіндегі рәсімді шафер (күйеу жолдас) басқарады.
Тұрмысқа жаңа шыққан қызды қалыңдықтың құрбылары шешіндіреді; ол
барлық әшекейлерін шешуі тиіс. Жас жұбайлардың төсегі куәгерлердің
көзінше жайылуы керек, сонда некелері заңды күшіне ие болады. Олар-
ды «бірге жатқызады». «Төсек-орын біреу, демек, күйеуі мен әйелі» де-
ген мәтел бар еді. Орта ғасырдың аяғында бұл дәстүрдің өзгергенін жас
жұбайларға төсекте киіммен жатуға рұқсат берілгенінен көруге болады...
Абсолютті Францияның өзінде күйеу мен қалыңдықты төсекке қонақта-
ры шығарып салып, оларды шешіндірген және түнгі жейделерін берген».
(Elias, [1939] 1994:145–146)
Мәдениеттің дамуына қарай бұл талай өзгеріске ұшырағаны анық. Бүгінде
жас жұбайлардың төсегінде болып жатқанның барлығы жасырын, «сахнаның
артында» және бақылаушылардың назарынан тыс. Сексуалды өмірлері қо-
ғамдық өмірден тыс шығарылып, отбасы шеңберінде бөлек өтеді.
Элиас
The History of Manners («Мәнер тарихы»)
кітабында адамның ойлау,
әрекет ету және өзара әрекеттесу тәсілдеріндегі өзгерістерді қарастырады. Ол
кейде «тұлға құрылымындағы» өзгерістер жайлы жалпылай айтады. Бірақ
Элиас тек тұлғалық тұрғыдағы өзгерістерді ғана суреттемейтіндей көрінді: ол
адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасындағы өзгерістерді көрсетеді.
Жалпы алғанда,
«Мәнер тарихы» кітабында негізінен микродеңгейдегі аспек-
тілер қарастырылады деп айтуға болады. Алайда екі маңызды фактор осындай
түйін жасауға кедергі келтіреді. Біріншіден,
«Мәнер тарихы» кітабында Элиас
ілеспелі макродеңгейлі өзгерістерге (мысалы, сарайдағы) жиі көңіл аудара-
ды және «жеке тұлға мен қоғам құрылымдары өзара байланыста үздіксіз да-
мып отырады» деп тұжырымдайды (Elias, [1968] 1994:188). Екіншіден,
«Мәнер
тарихы» кітабы макродеңгейдегі өзгерістерге аса назар аударатын
Power and
Civility («Билік пен өркениет»)
кітабымен бірге жүреді деген саналы ойға негіз-
деліп жазылған. Элиас микро- және макродеңгейлердің дихотомиясынан аулақ
болуды қаласа да,
The Civilizing Process («Өркениет процесі») еңбегі екі томнан
құралған. Олардың бірі басты назарды микромәселелерге, ал екіншісі макросұ-
рақтарға аударады.
Достарыңызбен бөлісу: