540
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Норберт Элиастың ғылыми жолы қызықты әрі айтар-
лықтай үлгі аларлық болды. Оның сүбелі еңбегі 1930
жылдарда жазылғанмен, өз уақытында және одан көп
жылдар өткеннен кейін де бағаланбады. Бірақ өмірінің
соңында Англия мен Голландияда ғалымның зерттеулері
жаңа қырынан «ашылды». Қазір оның беделі артып, қал-
дырған мұрасы бүкіл әлемде мойындалып, үлкен қоше-
метке бөленуде (Dennis Smith, 2001). Элиас 93 жыл ғұмыр
кешті (1990 жылы дүниеден өтті), өмірінің соңында өз
еңбегінің бағаланғанын көріп кетті.
Элиас 1897 жылы Германиядағы Бреслау қаласында дү-
ниеге келген (Mennell, 1992). Оның әкесі шағын өнеркә-
сіп қожайыны еді, отбасы айтарлықтай жақсы тұрмыс
кешті. Әлбетте, отбасындағы сүйіспеншіліктен Элиас өз-
өзіне сенімді болып өсті. Бұл қасиет еңбегі еленбеген тұс-
та ғалымға көп көмегін тигізді:
«Мен мұны бойымда кішкентай кезімнен қалыптасқан сенімділіктің арқасы деп есеп-
теймін... Отбасында жалғыз бала болдым. Сондықтан ата-анам меннен бар мейірімін
аяған жоқ. Ыстық ықыласқа бөленіп өскендіктен, кез келген қиындықтың соңы жақсы
болатынына сендім.
Жас кезімнен кім болатынымды білдім; университетке түсіп, зерттеу жұмысымен айна-
лысқым келді. Өзіме не қажет екенін айтарлықтай ерте түсініп, кейде мүмкін еместей бо-
лып көрінгенімен, ойлағанымды іске асырдым... Ақыр аяғында зерттеуім адамзат туралы
білім саласындағы құнды еңбек деп танылатынына сенімді болдым».
(Elias, cited in Mennell, 1992:6–7)
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Элиас неміс әскері қатарында қызмет етті, кейін философия
мен медицинаны университетте оқу үшін Бреслауға қайтып оралды. Ол медицина саласында
едәуір жетістікке жетсе де, философияны зерттеу үшін оны тастады. Медицина саласындағы
жұмыс оған адам денесінің түрлі мүшелерінің арасындағы өзара байланыстардың сипатын түсі-
нуге мүмкіндік берді және бұл көзқарас оның әлеуметтік саладағы өзара байланыстарға, оның
фигурацияға деген көзқарасын қалыптастырды. 1924 жылдың қаңтарында Элиас PhD дәрежесін
алды, кейін әлеуметтану бойынша білім алуға Гейдельбергке аттанды.
Гейдельбергте Элиас ешқандай төлемақы алған жоқ, алайда ол университеттің әлеуметтану
топтарының белсенді мүшесі болды. 1920 жылдары Макс Вебер дүниеден озды, бірақ оның
әйелі Марианна басқарған салон белсенді жұмыс істеп тұрды. Элиас сонда барды. Сонымен
бірге ол Макс Вебердің бауыры, университеттегі әлеуметтану кафедрасын басқарған Альфред-
пен және мансабы тұрғысынан Элиастан дәрежесі жоғары Карл Мангейммен (described by Elias
[1994:34] as «unquestionably brilliant») жақсы байланыста болды. Элиас Мангеймнің досы және
штаттан тыс ерікті көмекшісіне айналды. 1930 жылы Мангеймге Франкфурт университеті қызмет
ұсынғанда, Элиас сонымен бірге штаттағы әрі төлемақысы бар ассистент ретінде бірге барды
(on the relationship between the two men and their work, see Kilminster, 1993).
1933 жылы ақпан айында билікке Адольф Гитлер келіп, Элиас көптеген басқа да еврей ғалым-
дары секілді (соның ішінде Мангейм) алғашында Парижге, кейін Лондонға қоныс аударуға мәж-
бүр болды (Элиастың анасы 1941 жылы концлагерьде қаза болды делінеді).
Дәл сол Лондонда ол өзінің
The Civilizing process («Өркениет процесі») кітабының басым бөлігін
Достарыңызбен бөлісу: