587
14-тарау
•
Модернизмнің
заманауи теориялары
өмірді ақымақтық, қылмыс, сырқат, ажал, сексуалды тартымдылық, табиғи-
лық сияқты құбылыстардан бөліп тұратын астарлы байланысқан процестер»
бар (Giddens, 1991:149, 156). Мұндай байланыс күнделікті өмірдегі абстракті
жүйелердің рөлінің өсуінің нәтижесінде пайда болған.
Бұл байланыс біздің
онтологиялық қауіпсіздігімізді күшейтсе де, «әлеуметтік өмірді адамзаттың
моральды дилеммасын басты орынға қоятын фундаменталды экзистенциалды
сұрақтардан алыстатады» (Giddens, 1991:156).
Модернизмді негативті де, позитивті де дамуға себеп болған семсер сияқ-
ты десек, Гидденс сол модернизмді «жеке тұлғаның мәнсіздігіне төнген қауіп»
дейді (1991:201). Бұл жерде кез келген мәнді ұғым күнделікті өмірден ажырап
қалған; мәнін жоғалтқан.
Дегенмен, диалектикалық тұрғыдан, өзіндік рефлек-
сия сол мәнін жоғалтқан нәрсенің қайта қалпына келуіне жол ашуы тиіс. Бұл
орайда Гидденс адамзат «ұжымдық деңгейде және күнделікті өмірде моральды/
экзистенциалды сұрақтар басты рөлге қайта ие болатын» әлемге аяқ басты дей-
ді (1991:208). Гидденстің ойынша, модерннен кейінгі әлем – «моральға қайта
келу» әлемі. Бір-бірімен байланысып жатқан басты
мораль мен экзистенциалды
сұрақтар, Гидденстің ойынша, кейінгі модерн дәуірінің өзіндік рефлексиясында
орын алуы тиіс әлеуметте басты рөлге шығады.
Достарыңызбен бөлісу: