589
14-тарау
•
Модернизмнің
заманауи теориялары
Содан кейін «осы жаңа заман деген не? Ал онымен бірге ілесіп жүретін тәуе-
кел қоғамы қандай?» деген сұрақ туындайды.
Бек жаңаны және жаңадан пайда болып келе жатқан форманы
рефлексив-
ті модернизм дейді (Zinn, 2007а). Батыста индивидуализация процесі жүруде.
Яғни агенттер құрылымдық шектеулерден неғұрлым еркін болса, нәтижесінде
рефлексивті түрде өздерін ғана емес, сонымен қатар өздері өмір сүріп отырған
қоғамды да жасауға соғұрлым қабілеттірек болып отыр. Мысалы,
таптық ситуа-
цияны анықтаудың орнына, адамдар азды-көпті дербес әрекет етеді. Өз құқығы
өзіне берілген адамдар рефлексивті болуға мәжбүр болды. Бек осындай әлем-
дегі әлеуметтік қарым-қатынастар мысалында рефлексивтіктің маңыздылығын
көрсетіп, «жаңадан құрылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік же-
лілер қазір жеке-дара таңдалуы керек; әлеуметтік байланыстар
рефлексивті си-
патқа ие болғандықтан, бекітіліп,
қолдауға ие болып, жеке адамдар арқылы ылғи
жаңарып отырады» (1992:97) дейді.
Бек модерн заманындағы және классикалық индустриалдық қоғамнан, ин-
дустриялық қоғамның көптеген сипаттамаларын өз бойында сақтаған, соған
қарамастан, өзінің алдыңғы ізашарынан айырмашылығы бар тәуекел қоғамға
өтудегі үзілісті көреді. Классикалық модерн заманының басты мәселесі – бай-
лық және оны барынша біркелкі етіп қалай бөлуге болатыны. Озық модерндік
қоғамдағы басты мәселе – тәуекел
және оны қалайша болдырмау, азайту не-
месе бағыттау мәселесі. Классикалық модерн заманында идеал теңдік болса,
озық модерн заманында – қауіпсіздік мәселесі. Классикалық модерн заманын-
дағы адамдар теңдіктің жағымды мақсаттарын іздеу арқылы ынтымақтастық-
қа қол жеткізсе, озық модерн заманында осы ынтымақтастыққа қол жеткізу,
негізінен, негативті және қауіптерден құтылу үшін қорғану мақсатында жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: