27
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
ры еді. Маркстің радикалды идеялары және ол болжаған әрі жүзеге асырғысы
келген радикалды әлеуметтік өзгерістер көптеген ойшылдарға үрей тудырып,
жеккөрініш сезімін оятты. Маркске идеолог ретінде қарамады. Оны әйгілі
әлеуметтанушы-теорияшыл емес деп сендірді. Дегенмен идеологияның өзі
Марксті қабылдамаудың нақты себебі бола алмас еді, өйткені Конт, Дюркгейм
және басқа консерватор-ойшылдардың еңбектері тым идеологиялық сипатта
еді. Идеологияның болуы емес, нақ осы идеологияның мәні көп теген әлеу-
меттанушы-теорияшылардың Марксті қабылдамауының себебі болды. Олар
әлеуметтану теориясын желеу етіп, Маркс пен ізбасарлары ұсын ған радикалды
идеологияның орнына, консервативті идеологияны сатып алуға дайын болды
және соған ұмтылды.
Көптеген ерте теорияшылардың Марксті қабылдамауының басқа да се беп-
тері болған. Ол әлеуметтанушыдан гөрі экономист ретінде қабылданды. Ерте
әлеуметтанушылар экономиканың маңыздылығын мойындаса да, олар эконо-
мика әлеуметтік өмірдің бірқатар компоненттерінің бірі ғана екенін айтады.
Марксті бастапқыда қабылдамаудың өзге себебі – оның қызығу шылықта-
рының мән-жайы. Ерте әлеуметтанушылар Ағартушылық дәуіріне, Фран цуз
революциясының хаосы мен индустриялық революциядан кейінгі тәртіпсіз-
діктерге қарсы белсене әрекет жасаса, Маркс мұндай бейберекеттікке немесе
жалпы тәртіпсіздікке қынжылмаған. Керісінше, оны аса қатты қы зықтырған
және алаңдатқан индустриялық революциядан кейінгі капиталистік жүйенің
ауыртпалығы болды. Маркс осы ауыртпалықты түсіндіру арқылы бұл жүйені
құртуға көмектесетін теорияны жасағысы келді. Марксті рефор малар мен бі-
різді өзгерістер үшін консервативті алаңдатушылыққа қарсы келетін револю-
ция еліктірді.
Айта кететін басқа да айырмашылық – Маркс теориясы мен кон сер вативті
әлеуметтану теориясы арасындағы философиялық бастаулардың ерек шелігі.
Консервативті теорияшылардың көпшілігі Иммануил Канттың философия-
сынан қатты әсер алды. Өз кезегінде бұл оларды себеп-салдар категориясын
пайдаланып, бірізді ойлауға мәжбүр етті. Керісінше, біз бай қағандай, Маркс
себеп-салдарлық терминдерге қарағанда диалектикалық түр де көбірек ойлаған
Гегельдің ықпалына тап болды. Сонымен қатар диалектика бізді әлеуметтік
күштердің үнемі өзара әрекеттестігіне дайындап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: