604
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
абырой және құрмет құндылықтары әлеуметтің заманауи идеясының бөлігі
болып саналатын дәуірдің басталуы еді.
Өзара тиімділіктің заманауи тәртібі төрт институт:
экономика, қоғамдық
сала, егемен халық және
сән арқылы жүзеге асырылады. Біріншіден, енді эко-
номика үй шаруашылығын басқарумен теңестірілмейді (алдыңғы замандар-
да болғандай), бірақ қазір тауарлар мен қызметтерді
айырбастауда адамдар-
ды өзара байланыстыратын тәуелсіз сала ретінде саналады. Бұл айырбастар
өзара пайда әкеледі. Осы сипаттаманы «біздің ізденісіміз біздің жеке өзіміз-
дің гүлденуімізге, жалпы әл-ауқатымыздың көтерілуіне әсер етеді» деген Адам
Смидтің көрінбейтін қол туралы әйгілі теңеуінен табуға болады (C. Taylor,
2004:70). Марксистік және басқа да аналитикалық көзқарастар тұрғысында-
ғы қиындықтарға қарамастан, елестің осы компоненті қазіргі неолибералистік
экономикада (16-тарауды қараңыз) халықтың санасына кеңінен енуде.
Заманауи әлеуметтік елестің келесі құрамдас компоненті –
қоғамдық сала
(сондай-ақ осы тарауда Хабермасты қараңыз). Тейлор қоғамдық саланы
«оның мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының әр түрі: баспа, элек-
трондық, сонымен қатар бетпе-бет кездесіп қалу арқылы жалпы мүд дені
білдіретін сұрақтарды талқылап, олар туралы ортақ пікір қалып тастыра-
тын ортақ кеңістік ретінде сипаттайды (2004:83)».
Қоғамдық салада адамдар бір мезгілде
бір-бірімен қатар жұмыс істеп, бірге
жүріп-тұратынын өздері елестете алады. Олар Тейлор
зайырлы кезең атаған
таңғажайып тәртіптен тұратын қоғамды бірге құрады.
Егемен халық ұғымы қоғамдық салаға байланысты. Мұнда бұрын география-
лық кеңістікте шашыраңқы орналасып, қатал саяси биліктің қысымында болған
адамдар өздерін ұйымдастыра және басқара алатын, жалпы ортаның игілігін бір-
ге көретін адамдар тобы және ұлттың мүшелері ретінде ойлай бастайды.
Осыған
байланысты француз революциясы – маңызды тарихи оқиға. Француз халқы
XVI Людовикті тақтан тайдырған кезде өзін монархиялық биліктің субъекті-
лері емес, азаматтық ұлт ретінде сезінді.
Сән – елес дамуының ең соңғы, сонымен қатар қазіргі уақытта едәуір ма-
ңызды мағынаға ие компоненті. Қоғамдық сала мен егемен халық – ортақ іс-
әрекет кеңістігі және адамдар ортақ әлеуметтік немесе адамгершілік тапсы-
рыстарды орындау үшін бірігіп жұмыс істейтін кеңістік. Сән саласы ортақ
әрекетті емес, бірақ өзара танымды талап етеді.
Басқа салалар сияқты, сән
өзіне түсетін пайданы жинақтайтын, тұлғааралық алмасуды қамтиды, алайда
бұл, негізінен алғанда, «өзара бейнелеу» есебінен жұмыс істейді (C. Taylor,
2004:168). Яғни басқа адамдар айқын әңгімелесуші ретінде қызмет етпейді, бі-
рақ олар – «біздің іс-әрекетіміздің куәгерлері» (168). Бұл елестің түрі, Георг
Зиммель ([1903] 1971) атап өткендей, қалалық кеңістікте пайда болады. Бұл
«жалғыздық пен бірліктің арасында қалықтайтын» елесті жасайды (68).
Достарыңызбен бөлісу: