Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет426/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

ФРАНЦ ФАНОН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Pacha J. Willka/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ commons/a/af/Frantzfanonpjwproductions.jpg


618
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ФРАНЦ ФАНОН
(Fanon, [1952] 2008:206). Фанон былай дейді: «Ашу үстінде ежелгі қара нәсіл 
тарихын қазбаладым. Өзім ашқан жаңалықтарға таң-тамаша болдым... Ақ нә-
сілділердің саясаты дұрыс емес еді, мен қарабайыр немесе толыққанды адам 
емеспін; мен 2000 жыл бұрын жұмыс істеп, алтын мен күміс өндіріп келе жат-
қан нәсілге жатамын» ([1952] 2008:109). Бұл Фанонның негритюдті де сынға 
алғанын көрсетеді (шындығында, ол кейінірек «ойлаудың нәсілденуі» ретінде 
негритюдке жүгінеді) [Go, 2014:281]). Фанон экзистенциалист-философ бол-
ды. Экзистенциалист болғандықтан, Африканың сонау өткен кезеңінде қалған 
идеялар мен бірегейліктерді қолданып, өзін кемсіткісі келмеді. Фанон сияқты 
экзистенциалистер үшін аутентикалық сана әрдайым қалыптасу процесінде бо-
лады: «Адамды бекітіп қоюға еш әрекет жасалмау керек, өйткені оның тағдыры 
еркіндікте болуы тиіс» (Fanon, [1952] 2008:205). Фанон негритюдке оның жеке 
бірегейлігін біржолата бекіту үшін бет бұрған жоқ. Керісінше, ол қазіргі заман-
да өмір сүруге және болашаққа еркін көшуге мүмкіндік беретін негіздеме табу 
үшін өткенге көз тастайды. Фанон үшін адам санасының бостандығы – мақсат, 
ал отаршылдық қоғам – осы мақсатқа жетудің жолында кесе-көлденең тұрған 
кедергі.
халықаралық өкілі қызметін атқарды және соңында Алжир Республикасы уақытша үкіметінің 
(GPRN) Аккрадағы (Гана) елшісі болды.
Фанон қызмет бабымен Африка елдеріндегі конференцияларға қатысты. Ол Алжир ісінде қолдау 
табуға тырысып, жалпы деколонизация туралы бастама көтерді. Осыған орай, оның революция-
лық зорлық-зомбылықты және ұлттық өзін-өзі анықтауды қолдайтыны белгілі болды (2012:367).
Фанон мінез-құлқы жағынан әсершіл адам еді. Оны студенттері мен әріптестері «қорқынышты 
және ашушаң, бірақ жомарт» деп сипаттады (Macey, 2012:xvii). Журналист Жан Даниель Фанонмен 
Эфиопияда, Аддис-Абебадағы кездесуі туралы былай дейді:
«Бет-жүзі ашаң, өткір көздері адамды ішіп-жеп, іші-сыртыңды түгел көріп отырғандай әсер 
ететін. Оның қол алысуының өзі әлдебір маңызды жайды хабарлайтын секілді еді. Жалт 
қараған көз жанары өткір әрі мейірімге толы болатын. Фанон өз әлеміне қабылдамас бұ-
рын сіз әрдайым екі ойлы боласыз. Осы әлемде Фанон өз халқының жағдайы жайлы ой 
толғап, оның әлі адамға лайықты емес деп саналатынына күйінетін».
(Daniel, cited in Macey, 2012:429)
1961 жылы Фанонға лейкемия деген диагноз қойылды. Алғаш ол Кеңес Одағынан, кейін амалсыз-
дан Құрама Штаттардан ем іздеді (Macey, 2012; Bhabha, 2004). Фанон 1961 жылы 6 желтоқсанда 
Америкада, Мэриленд штатының Бетесда қаласындағы ауруханада көз жұмды. Жанында әйелі 
Джози мен ұлы Оливье болды. Сол күні Францияның кітап дүкендерінен жақында ғана жарық 
көрген The Wretched of the Earth («Қарғысқа ұшыраған жер») атты кітабының көшірмелері тәр-
кіленді (Macey, 2012:487, Bhabha, 2004). Бұл – халық үшін тым революциялық пиғылдағы кітап 
болып саналды. Бірнеше айдан кейін, 1962 жылдың наурыз айында, Франция Алжир соғысында 
атысты тоқтататынын жариялады, ал 1962 жылдың шілде айында Алжир Франциядан өз тәуелсіз-
дігін алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет