Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет420/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Зайырлы дәуірдегі дін
Тейлордың ең соңғы жұмысы қазіргі заман мен дін арасындағы қарым-қаты-
насты және секуляризация процесін (қазіргі заманғы діни нанымдардың және 
практиканың төмендеуі) зерттейді. Оның айтуынша, ғалымдардың басым бө-


605
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
лігі секуляризацияны қазіргі заманның сөзсіз және автоматты әсері деп санай-
ды. Еуропада католик шіркеуінің құлдырауы, ғылым мен техниканың дамуы 
және гуманистік философияның өркендеуі «Құдайдың қайтыс болуына» әке-
луі сөзсіз еді (C. Taylor, 2007:560). Бірақ Тейлор әдеттегі ғұламалыққа қарсы 
шығып, нақты мәселе – сенімсіздіктің бірінші кезекте моральдық тұрғыдан 
мүмкін болатынына шағымданады: «[Неліктен] заманауи Батыстың Құдайға 
сенуі (көптеген өңірінде) қиын, ал 1500 жылы бұл іс жүзінде мүмкін болма-
ды?» (539).
Өзінің басқа еңбектерімен қатар, Тейлор заманауи мәдени шеңберлер ар-
қылы дінді түсінуге тырысады. Екі сұрақ бар. Біріншіден, қандай мәдени шең-
берлер сенімсіздікке жол ашады? Екіншіден, қазіргі зайырлы әлемде немесе, 
Тей лордың айтуынша, имманенттік жүйеде діни сенімдердің қандай түрлері 
бар? Екінші мәселе – діни сенімнің қазіргі заманда айтарлықтай өзгерістерге 
ұшыра ғанына қарамастан, сенімсіздік жеңеді деп шешім қабылдау асығыстық 
болады.
Сенімсіздікке келер болсақ, Тейлор ғылымды, зайырлылықты және атеизм-
ді имманенттік жүйе арқылы өкілеттілік берілетін сенім түрлері ретінде қа-
растырады. Оның айтуынша, күшті моральға негізделген ұлы хикаялардың 
танылмауы адамдардың сенімсіздікке бой ұруына алып келеді. Бұл – діни 
сенім нің жетілмеуі, ал ғылымның, ақылдың және атеизмнің жеті луі арқылы 
адамзаттың қол жеткізген жетістіктері туралы әңгіме. Сонымен қатар діннен 
бас тарту қаһармандық деп мойындалып, діннің жас балаға тән жайлылығы-
нан безуі ретінде қарастырылады. Оның орнына дінге сенбейтіндер ғылыми 
шындықтың суық та қатал шындығына қарсы тұрады. Тейлор сенім жүйесі-
нің бұл нұсқасын сипаттай келе: «Мұндағы басты артық шылық – мағынасыз-
дықтың алдында ержүректікпен қарсы тұру және күш-жігерін мағына жасауға 
жұмсау», – дейді (2007:588–589). Бұған ұқсас әңгі мені Маркс (дінді халықтың 
басын айналдыратын апиын деп қарады) және Фрейд (дінді балалық шақта 
сананың түкпірінде қалған тілектер үшін өтемақы ретінде қарады) тәрізді ға-
лымдар да айтқан.
Басқа теориялық басқатырулар қазіргі Батыста сенімдерге қатысты не бо-
лып жатқанын түсінумен байланысты. Тейлор қазіргі дәуірге дейін созылған 
үш тарихи кезеңді сипаттайды: көне режим (модернге дейінгі), жұмылдыру 
кезеңі (ерте модерн) және шынайылық дәуірі (1960 жылдардан қазірге дейін). 
Тейлор бұл дәуірлердің барлығына ортақ сенім аспектісі – трансценденттер-
мен байланыс орнату екенін айтады. Діни сенім адамдарды бұл әлемнен, ада-
ми қарым-қатынастардан алшақтатып, қандай да бір сыртқы күшпен байланыс 
орнату арқылы өмірдің мәнін табуға мүмкіндік береді. Жұмылдыру кезеңінде 
дін саяси және ұлттық жобалармен тығыз байланысты болады және адамдар 
діни өмірлерін заманауи әлеуметтік түсініктерге орай, өзара жауапкершілік 
қатынастары арқылы ұйымдастыра бастайды. Басқаша айтқанда, дін қазір-
гі заманғы әлеуметтік институттар мен практикаға жатады. Құдай алыстағы 
Жа ратушыға айналады және адамдар өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінде 
Құдайдың жоспарын жүзеге асыруға міндеттенеді (Макс Вебер, [1904–1905] 
1958, бұл кальвинизм мен капитализмнің арасындағы байланыс туралы есеп).
Тейлордың тұжырымдауынша, біз өмір сүріп отырған шынайылық дәуірі 
XVIII ғасырдың романтизмінен бастау алады. «Өзіндік мәннің шығу көздері» 
еңбегін талқылау барысында айтылғандай, романтизм айқын индивидуализм 


606
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
мен шынайы өзіндік болмысқа қоғамдық өмірдің алдыңғы сапынан орын бере-
ді. Мұндай тұлғалыққа мән беру діни сенімдердің дәстүрлі түрлерімен қақты-
ғысқа алып келуі мүмкін. «Өзіндік мәннің» қажеттілігі діни қауым дас тықтың 
қажеттілігімен сәйкес келмей жатады. Кейбіреулердің бойында бұл дінге және 
уағыздарға күмән туғызады. Алайда бұл міндетті емес. Діни сенім шынайылық 
дәуірінде жаңа формаларды қажет етеді. Басқаша айтқанда, адам дар мәнді – 
трансценденттіктен, адамзат әлемінен тыс жерден, бірақ жаңаша түрде іздей 
бастайды.
Мәселен, шынайылық дәуірінде дін адамның жеке өзінің таңдауы ретінде 
қарастырылады және сенім шынайы болу үшін ол өзінің «менімен сөйлесуі» 
керек. Тейлор былай деп жазады:
«Егер біз адамның дінге деген талпынысын қабылдамасақ, тәжірибеге 
қолжетімдік және дінді терең түсіну қалай жүзеге асады? Жауап – адам-
ның рухани ішкі сеніміне байланысты сенімнің формалары да әртүрлі 
болады» (2007:515).
Бұл сенімнің жаңа түрінің маңызды нәтижесі – Батыста институттанған 
христиандық сияқты діндерден бас тарту. Бұл діннің жеке-дараланған іс-әре-
кетке айналғанын білдірмейді. Тейлор діннің ұжымдық өлшемі маңызды бо-
лып қала береді деп санайды. Шынында да, Дюркгейм ([1912] 1965) Elementary 
Forms of Religious Life («Діни өмірдің қарапайым формалары») атты еңбегінде 
діннің шешуші компоненті ретінде ұжымдық толқу тәжірибесін көрсетсе, Тей-
лордың тілімен айтсақ, ол мерекелік (festive) болады. Осылайша, Тейлор діни 
тәжірибенің жаңа құрылымы жеке-дара (айқын индивидуализмнің моральдық 
талаптарынан шығатын) болуына қарамастан, ол бұлай болуы міндетті емес 
деген қорытындыға келеді. Адамдар бұрынғысынша өзі таңдаған трансцен-
денттік сенімін бірге бөлісетін жандарды іздестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет