617
15-тарау
•
Нәсіл және отаршылдық теориялары
Франц Омар Фанон 1925 жылы 20 шілдеде Франция
колониясы Мартиниканың астанасы Фор-де-Франста
дүниеге келді. Африкалық құлдардың ұрпағы болса
да, оның отбасы орта тапқа кірді және салыстырма-
лы түрде ауқатты болды. 1943 жылы Фанон Екінші дү-
ниежүзілік соғыста француздар жағында күресу үшін
майданға аттанды. Биограф Дэвид Мэйсидің (2012) ай-
туынша, соғыс кезінде Фанон алғаш рет ашық түрдегі
нәсілшілдікпен бетпе-бет келді. Мартиника отарланған
иелік ретінде әрдайым нәсілдік белгілер арқылы ай-
рықшаланатын, бірақ соғыс жылдары француз теңіз
кемелері басып алған кезде мұнда ашық нәсілшілдік
сипат алды. Мысалы, рационды азық-түлік тағамда-
ры үшін кезек нәсілдік түрде сегрегацияланды (Macey,
2012:83). Фанон Францияда да нәсілшілдікке тап бол-
ды, онда «қара нәсілді сарбаздар француз қыздарын
биге шақырғанда, француз қыздары қорқып, артқа
шегінді» (Macey, 2012:103) және әскер нәсілдік иерархиялар бойынша жасақталды. Соғыстан ке-
йін тегін жоғары білім алу құқығын иеленген Фанон медицинамен айналысты және психиатрияға
маманданды. Ол Францияның Лион қаласында оқып, студент шағында үкімет пен отаршылдыққа
қарсы наразылық шерулеріне қатысты (Macey, 2012:123). Кезінде Фанон феноменолог Морис Мер-
ло-Понтидің (Macey, 2012:124) дәрістерін тыңдап, психология мен философияны оқыды. Мерло-
Понтидің әсері, сондай-ақ экзистенциалды философ Жан-Поль Сартрдың ықпалы Фанонның
Black
Skin, White Masks («Қара нәсіл, ақ бетперде»)
еңбегінде денені, еркіндік пен сананы талқылауында
айқын көрінеді. 1952 жылы Фанон Мари-Жозе (Джози) Дюблеге үйленіп, өзінің
«Қара нәсіл, ақ
бетперде» атты алғашқы кітабын жариялады. «
Қара нәсіл, ақ бетперде» отаршылдықтың отарлау
субъектілеріне психопатологиялық әсерін сипаттау үшін әдеби материалдар мен автобиография-
лық тәжірибелерді біріктірді.
Фанон 1951 жылы оқуын бітіріп, 1953 жылы психиатр болу үшін емтихан тапсырды. Оның алғаш-
қы (және жалғыз) психиатр ретіндегі жұмыс орны Алжирдің Блида қаласында (Macey, 2012) бол-
ды. Алжирге келместен бұрын Францияның Сент-Альбан қаласындағы психиатриялық аурухана-
да екі жыл бойы Франсуа Тоскуллестен оқыды. Лиондағы білім консервативті және биологиялық
емдеуге назар аударатын болғандықтан, Тоскуллес «институттық психотерапияны» қолданды
(Macey, 2012:148). Бұл перспектива психикалық ауруды әлеуметтік контексте қарастырып, емдеу-
дің бір бөлігі ретінде қауымдастықтың қатысуы, кәсіби терапия және топтық жұмысқа негізделді.
Фанон Блида ауруханасында бұл тәсілді одан әрі дамытуды көздеді.
Алжир тәуелсіздігі үшін соғыс 1954 жылы қарашада ел астанасы Алжирге бомба түскен кезден
басталды. Соғысты Ұлт-азаттық майданы (FLN) және оның әскери қанаты – Ұлт-азаттық армиясы
(ALN) жүргізді. Олардың мақсаты Алжирді француздардың отаршылдық езгісінен азат ету болды.
Бастапқыда отаршылдыққа қарсы жобаларға ат салысқан Фанон өз үйінде және ауруханасында
Ұлт-азаттық майданның (FLN) сарбаздарына баспана беру және оларды емдеу арқылы көмек-
тесті (Macey, 2012:300). 1957 жылы Фанон Францияның шенеуніктері Ұлт-азаттық майданға (FLN)
қолдау көрсеткенін біліп қойды деп қорқып, ауруханадағы жұмысынан бас тартты (2012:297).
Ол Алжирден жер аударылып, Туниске аттанды, онда Ұлт-азаттық майданның (FLN) өз штабын
құрды. Фанон Тунисте Ұлт-азаттық майданның ақпараттық бюллетеніне мақала жазып, мате-
риалдарды редакциялау жұмысымен айналысты. Ол сондай-ақ Ұлт-азаттық майданның (FLN)
Достарыңызбен бөлісу: