Алеуметтану тероиясы indb


15-тарау • Нәсіл және отаршылдық теориялары  Қарғысқа ұшыраған жер



Pdf көрінісі
бет427/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

619
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
Қарғысқа ұшыраған жер
Фанон «Қара нәсіл, ақ бетперде» еңбегінде отаршылдық нәсілшілдіктің әсеріне 
феноменологиялық және экзистенциалды талдау жасады. Ол «Қарғысқа ұшы-
раған жер» кітабында назарын басқа жаққа аударады. «Қара нәсіл, ақ бетперде» 
еңбегіндегі сияқты, «Қарғысқа ұшыраған жерде» де отаршылдық нәсілшілдік 
пен оның психологиялық әсерін сипаттайды, дегенмен онда отаршылдыққа қар-
сы қозғалыстармен сананың өсуі туралы кең ауқымды диа лектикалық шолу бе-
ріледі. Бұл фокус үшін «Қарғысқа ұшыраған жер» отаршылдыққа қарсы Библия 
деп аталды (S. Hall, 1996). Сартр «Қарғысқа ұшыраған жер» еңбегінің алғы сө-
зінде: «Үшінші әлем өздігінен ашылып, өзіне оның /Фанонның/ дауысы арқы-
лы сөйлейді», – дейді ([1961] 2004:xivi). Еңбек – азаттық үшін бол ған аса қатал 
Алжир соғысы (1954–1962) аясында жазылды, сондықтан да отарлық зорлық-
зомбылыққа талдау жасалатын висцералдық кітап. «Қара нәсіл, ақ бетпердеде» 
мектеп оқулықтары мен нәсілшілдік жарнамаларды отар шылдық күштері деп 
айқындаса, «Қарғысқа ұшыраған жер» пулеметтер, танкіл ер, әскери ұшақтар, 
бомбалар, броньдалған машиналар, оқтар мен полиция қызметкерлерін айрық-
ша таңбалап, алға шығара сипаттайды. Сайып келгенде, «Қарғысқа ұшыраған 
жер» – бұл «жүйені радикал төңкеру» деген сөз ([1961] 2004:22).
Зорлық.
 
Көпшілік айтқандай, зорлық-зомбылық пен революция кезіндегі зор лық-
зомбылық рөлі «Қарғысқа ұшыраған жер» еңбегінде басты мәселе болды. Алжирді 
зерт тей келе, Фанон зорлықты отаршылдықты жеңу құралы деп білді: «Отарлан-
ғандар үшін бұл зорлық-зомбылық – абсолют тәжірибе. Сондықтан жауынгер – жұ-
мыс істейтін адам... Жұмыс істеу – бұл жерде отарлаушыны өлтіру үшін жұмыс іс-
теуді меңзейді» ([1961] 2004:44). Оның пікірінше, отарланушылар отарлаушыларға 
жай ұқсағысы келмей, олар отарлаушылардың орнын алуға тырысады.
 «Қара нәсіл, 
ақ бетперденің» соңында берілген идеяларды келтіре отырып, Фанон революция-
лық зорлық-зомбылықты «оң» психологиялық мақ сатқа қызмет етеді дейді: «Жеке 
деңгейде зорлық-зомбылық – тазарту күші. Ол отарланушыларды бойларындағы 
кемсітушілік сезімінен, олардың енжар және үмітсіз қарым-қатынасынан азат ете-
ді. Бұл оларды нығайтады және олардың өзіне деген сенімділігін орнықтырады» 
([1961] 2004:50). Дегенмен абзацтың қалған бөлігінде айқын болғандай, зорлық-
зомбылық символдық болса да, осы мақсатқа қызмет ете алады: «Қарулы күрестің 
символдық сипаты болса да, тіпті жылдам деколонизациялау арқылы бейбіт өмір-
ге көшірілген болса да, адамдар бостандық әркімнің жеке жетістігі және оған бола 
көшбасшыға ешқандай ерекше құрмет көрсетудің қажеті жоқ екенін түсінуі тиіс» 
([1961] 2004:51). Фанонның айтуынша, ұжымдық сана күшпен, бірлікпен және ре-
волюцияға деген біртұтас ұмтылыс арқылы дамуы мүмкін.
Шынында да, Гоу (2014:215) Эдвард Саидтың жұмысына сілтеме жасай оты-
рып, Фанонның зорлық-зомбылықпен жиі ассоциациялануы жай ғана оңайлату 
болғанын көрсетеді. Фанон зорлық-зомбылықтың шығу көзін түсінеді, әсіресе 
Алжирдегі қатаң отаршылдық зорлық-зомбылыққа күшпен қарсылық көрсетуді 
қажетті жауап деп санады. Бірақ ұжымдық сананың дамуы одан да маңызды. 
Сондай-ақ белгілі бір тарихи жағдайда зорлық-зомбылық ұжымдық сана-сезімді 
күшейте алады, ал психиатр Фанон зорлық-зомбылық – оны жасаушылар үшін 
де, зардап шегушілер үшін де жарақат екенін мойындады (Baymeh, 2010:55). Фа-
нон зорлық-зомбылықты, нақты тарихи жағдайларда белгілі бір рөл ойнағанына 
қарамастан, жақсы нәрсе деп бағаламайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет