КИМБЕРЛИ КРЕНШОУ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
The Laura Flanders Show/ https://upload.wikimedia.org/ wikipedia/commons/6/67/Kimberl%C3%A9_Crenshaw_Laura_ Flanders_2017.png
629
15-тарау
•
Нәсіл және отаршылдық теориялары
тарды, тіпті кейбір ақ нәсілділерді де қамтыған «саяси нәсіл» кең тұжырымда-
масын дамытады (see also Bonilla-Silva, 2014). Дегенмен саяси нәсілдің саяси
өлшемін көрсететін әлеуметтік өзгерістер қозғалыстарында жетекші рөл ат-
қаратын адамдар – әлі де қара түсті адамдар.
Патрисия Хилл Коллинз (12-тарауды қараңыз) нәсіл және нәсілшілдік
сыни теориялардың мынадай ерекшеліктерін айқындайды.
9
• ННСТ нәсіл мен нәсілшілдікті жай ғана зерттеп қоймайды; олар әлеу-
меттік теңсіздіктермен күресуге және әлеуметтік әділеттілікті дамытуға
тырысады.
• ННСТ барлық бинарлық қарама-қарсылықтардан бас тартып, бәрін
қиы лысатын объектілер тұрғысынан қарастырады. Мұндай көзқарас көп
қыр лы зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді.
• ННСТ – мазмұнына сәйкес мультидисциплинарлық.
• ННСТ нәсіл мен нәсілшілдік және гендер, этникалық тиістілік, таптық,
жыныстық және ұлтаралық байланыстарды қарастыра отырып, интер-
секционалдыққа негізделеді және оны дамытады.
• ННСТ нәсіл мен нәсілшілдіктің материалистік (саяси-экономикалық)
талдауларына, сондай-ақ нәсілшілдіктің жаһандану мәселесімен бай ла-
ныстылық себебіне жиі мән береді.
• Күн өткен сайын билік құрылымдары үшін ННСТ-ың маңыздылығы
артады. Америкалық әлеуметтік қамсыздандыру және қылмыстық сот
Креншоу 1996 жылы Люк Чарльз Харриспен бірге Афроамерикалық саяси форумын (әрі қарай –
AAСФ) құрды. Бұл пікірталас орталығының миссиясы – «нәсілдік, гендерлік, таптық тоғысуды
қамтитын нәсілдік әділеттілікке жүгінетін және қоғамда маргиналданған адамдарға кедергі
келтіретін қиындықтарды әлсірететін құрылымдар мен стратегияларды дамыту» (http://www.
aapf.org/ourmission/). Креншоудың ААСФ-дағы ірі жобаларының бірі – Black Girls Matter («Қара
нәсілді қыздар маңызды») баяндамасының жарыққа шығуына байланысты Sayhername («Оның
атын ата») (Crenshaw, Ocen, Carranza, 2016) атты твиттерлік акциясы жарияланған. Cornell Alumni
Magazine журналына берген сұхбатында: «Бұл жоба «жартылай Обама әкімшілігінің америкалық
қара нәсілді балалар мен ерлердің кемсітушілікке, теңсіздікке және зорлық-зомбылыққа
ұшырайтынына қатысты «Менің ағамның қорғаушысы» бастамасына жауап болды», – деді (Drew,
2016). Интерсекционалды перспективасына сәйкес, Креншоу «Менің ағамның қорғаушысы»
қара нәсілді жас әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітуді, теңсіздікті және зорлық-зомбылықты
елеп-ескермейтінін көрсетеді. Бұл туралы былай деп сипаттайды: «Біз президенттің назары жастар
арасындағы нәсілдік теңсіздікке ауғанын мақұлдадық, алайда қыздардың бұдан тыс қалғанына
қатты алаңдадық... Зерттеулеріміз бойынша, әлеуметтік маргиналды топтар, әсіресе қара нәсілді
және латын-америкалық қыздар бірдей шарттарда өсіп, бірдей кедергілерге ұшырап, бірдей
тәсілдермен назардан тыс қалады» (Crenshaw, cited in Drew, 2016). Креншоу зерттеулерінің
үлкен тармағы – интерсекционалдық тұжырымдамасы – академиялық топтардағы жетістіктеріне
қарамастан, әлі де негізгі саяси және әлеуметтік тұрғыдан қабылдануы керек.
Креншоудың ең маңызды жазбаларының топтамасын On Intersectionality: Essential Writings
(«Интерсекционалдық туралы: негізгі шығармалар») (2016) ішінен табуға болады.
630
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
жүйелерінің билігіне алаңдаушылық ұлттық мемлекеттер және ұлтшыл-
дық, демократия, империя, транснационализм және империализм секіл-
ді тақырыптарға кеңінен таралды.
Нәсіл мен нәсілшілдіктің сыни теорияларынан шығатын жалпы қорытын-
ды, Корнелл Вест атап өткендей (1994), «нәсіл маңызы» тек құқықтық жүйе-
де ғана емес, сондай-ақ қоғамның барлық құрылымдары мен институттарын-
да да зор маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |