616
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қожайындарға қарсы тұруына мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерінің
барын жоққа шығарады.
Екіншіден, дегуманизация адам денесін объектілеу арқылы жұмыс істей-
ді. Фанон экзистенциалист-философ Жан-Поль Сартр еңбегінен шабыт алып,
«адамдар өз ойларын және әрекеттерін анықтау үшін саналы еркіндікке ие»
дейді. Бұл еркіндік бүкіл дүние жүзін еркін әрі сеніммен аралайтын дене арқы-
лы көрінеді. Шындығында, отаршылдық нәсілшілдікті және жалпы нәсілшіл-
дікті талдауда дененің мәртебесі аса маңызды. Фанонның айтуынша, адамдар
«дене және... әлем арасындағы шынайы диалектикада» өмір сүруі керек» ([1952]
2008:91). Адамдар өз дауыстарының ырғағымен басқаларға жауап бере алуы ке-
рек. Алайда отаршылдық қоғамда қара нәсілді адамдардың осы субъективтілігі
жоққа шығарылады. Қара нәсілділердің «дене сызбасы» «нәсілдік эпидермия-
лық жүйеге» айналды ([1952] 2008:92). Басқаша айтқанда, көшедегі ақ нәсілді
адамдар Фанонды өздері сияқты бірегей тұлға ретінде көрмей, тек қара нәсіл-
ді адам ретінде көреді және қара нәсілді бейнелейтін барлық стереотипті ғана
байқайды.
Бұл жүйе – денені интерпретациялау тәсілі. Ақ нәсілді адамдардың қарым-
қатынасы мен әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар отарланған субъектілердің
өзіне деген сезімін анықтайды. Бұл – Фанон көшеде басынан кешкен сезім. Ол
еркіндікте әрекет етіп, ақылға қонымды жауап беріп, әрекет жасағысы келеді,
алайда ол тілсіз, қимылсыз, бір орында қатып қалады. Фанон «адамдардың ара-
сында адамға сай әрекет ету» үшін өзінің санасына еркіндік пен мойындауды
сіңірген кезде өзін «басқа объектілердің арасындағы объект» ретінде сезінеді
([1952] 2008:89).
Үшіншіден, Фанон бір ғана кездесуді суреттесе де, осы сәт отаршылдық би-
ліктің және нәсілшілдіктің құрылымын толық бейнелейді. Әлеуметтану ұғымы
тұрғысынан айтқанда, Фанон үшін микроәлеуметтік кездесу макроәлеуметтік
мәдениет құрылымымен түзілген. Фанонның теория лық күші, біз атап өткен-
дей, отаршылдықтың психодинамикасын сипаттау қабілеті. Біз кейінірек тал-
қылайтын Саид ([1978] 2003) немесе Оми және Уинант теорияларынан (2015)
айырмашылығы – Фанон нәсілшіл мәдениеттер қалай дамитыны немесе олар
нәсілдік қарым-қатынастарды қалай қалыптастыратыны туралы нақты теория-
лық есеп бермейді. Дегенмен ол отарлаушы мен отарланушы арасындағы нәсіл-
ге негізделген айырмашылық өмірдің барлық салаларында кездесетінін және
дене мен психикаға терең сіңген, кеңінен таралған және дәйектілігі жайында
маңызды түсініктеме береді. Бұл нәсіл шіл адамдар мен тәртіпсіз балалардың іс-
әрекеттері мен сөздерінде ғана көрініс таппай, еуропалық отарлау өркениетінің
құрылымында терең орныққан.
Достарыңызбен бөлісу: